Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет327/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Е. Ысмайылов баяндамасында «ғы-
лыми» анықталғандықтан, қалған 
баяндамашылар мен жарыссөздегі 
әдіснамалық тұрғыда айтылған ой 
өзегі осы төңіректен ұзай қойған 
жоқ. Өткен дәуір мұрасын баға-
лауда көркем шығарманың қоғам-
дық өмірмен байланысын, идеялық 
маз мұнын, таптық сипатын ашу 
бас ты міндет саналды, ұлттық ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірде мол 
орын теуіп қалған «тұрпайы со-
циологизм» оларға сүйене оты-
рып, өз позициясын қорғап қалуға 
ұмтылды. Бұл, әсіресе, ХІХ ғасыр 
әдебиеті туралы баяндамалар мен 
жеке ақындар шығармашылығына 
арналған қосымша баяндамалар-
дан байқалды. Көрнекті ақын-жы-
раулар шығармашылығының әділ 
бағалана алмауы заман ағымынан 
болды дей тұрғанымызбен, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір әдіснамалық 
тұрғыда толық жетілмегендіктен 
де өзінің жаңа бағытын қорғап шы-
ғуға дайын еместігін көрсетті. 
Маркстік-лениндік әдіснама өзінің 
әдебиеттің халықтығы мен таптығы 
қағидаларына арқа сүйеген «тұрпайы 
социализмді» тағы да қазақтың 
ұлттық мүддесіне қарсы шеберлікпен 
пайдаланды да, ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір дәрменсіз қалды. Отар-
шыл Ресейдің зорлық-зомбылығын 
әшкерелегендері, заман шынды-
ғын жырлағаны, әдебиет тари-
хында үлкен орын алатыны, тағы 
да басқа ерекшеліктері тілге тиек 
етіліп баққанымен, Шортанбай
Дулат, Мұрат, Шәңгерейлер мен 
осы ғасыр басындағы феодалдық-
клерикалық, 
буржуазиялық-либе-
рал дық бағыттағы ақын-жазушылар 
атанғандарға ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір ара түсе алмады. Ашығын 
айтар болсақ, В. И. Лениннің 
екі түрлі мәдениет туралы қате 
қағидасының ықпалынан шыға алмай 
қалды. Содан да болар «ұлтшылдық» 
атақтың таяғынан беті қайтқан 
М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Б. Кен-
жебаев, Қ. Жұмалиев және тағы 
басқалары белсенділік танытпады. 
Ал ғылым мен сынға енді ғана ара-
ласа бастағандардың батылдықтары 
жетпеді. Ешқайсысының ұлтшыл 
атанғысы келмеді. Өткендігінің бә-
рін мансұқтай беруден аулақ болу 
көзқарасын ұстана отырғанымыз-
бен, осы конференцияда қазақ тың 
әдебиетші-сыншы 
ғалымдарының 
ең құрығанда туған әдебиет ту-
ралы ғылым болашағы үшін бір-
ауыздылықта болмауы, талқыға 
түс кен мәселелердің көп жағдайда 
біржақтылықта шешіліп кетуіне 
үлкен әсер етті. Соның салдары-
нан ұлттық ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір әдеби мұраны ұлттық мүд-
деге сай бағалап алуда туған жаңа 
мүмкіндікті пайдалана алмай қалды, 
маркстік-лениндік әдіснама жете-
гінде кетті. Бұл қазір айтуға жеңіл 
болғанымен, сол шақта кеңестік 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


347


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет