V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
сараптаудың небір үлгілерін, шы ғар-
машылық шеберханаларын көр сете
алады. Бұл – әдебиет тарихы мен
теориясының ілгері дамуына қол-
ғабыс тигізіп, әдебиеттанудың арна-
сын кеңітпек.
ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің та-
рихын ғылыми тұрғыдан жүйелеп
жазуда кеңес дәуірі кезінде жасал ған
жұмыстар аз емес. Дегенмен, олар-
ды қазіргі күн талаптарына сай қайта
қарап, таразылау аса қажет. Өйтке-
ні, ол әдебиет тарихының ақиқат
таразысына түсуіне сеп болмақ. Ол
үшін ұлттық әдебиеттануда кешенді
зерттеу саласын қалыптастырған ға-
лымдардың еңбектеріндегі басты
концепциялар ғылыми мектеп негі-
зін қалағанына сай сараланып, өз
бағасын алуы шарт.
Уақыт пен кеңістік өлшемін ұлт-
тық әдебиеттану ғылымына, оның та-
рихы мен дәуірленуіне байланыс ты
қарастырар болсақ, оларға лайық ты
деңгейдегі ғылыми пікірдің кең дігі,
биіктігі, тереңдігі мәселесі туын-
дайды. Бұл үш санат кез келген гу-
манитарлық ғылымдар саласының
болмыс-бітімін танытады десек, ар-
тық айтқандық емес. Ал оларды ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының тари-
хи өткен жолына сай таразыласақ,
мән-маңызы жоғарылай түседі. Се-
бебі, әр ұлт әдебиеті өзіне тән ғана
ерекшелікпен қалыптасатын бол са,
оны тексеретін ғылым саласы да бас-
қа елдің әдебиет туралы ғылы мын
қайталамайтыны сөзсіз нәрсе. Әде би
мұраны игерудегі жалпы заң дылық-
тары мен зерттеу әдіс-тә сіл дері ортақ
болғанмен әр ұлт өз әдебиетінің та-
рихы, теориясы, сыны, биб лиогра-
фиясы, текстология сы мен тарих-
намасын тек өзі ғана тексе реді. Бұл
жерде әдебиеттану ғы лымы бел гілі
бір дәрежеде жоғары елдің ориен-
талист-фольклорист және әдебиет-
танушы ғалымдарының басқа ұлт
әдебиетін зерттеген еңбектері сол
елдің әдебиеттануына қосылған үлес
болып табылмайтынын естен шы-
ғармаған абзал. Олардың зерттеулері
сол өзі өкіл болып табылатын ел-
дің әдебиеттануына қосылатын үлес
болып табылады. Сондықтан тек
ұлттық зерттеушілік таным-білік ая-
сындағы ізденістерін белгілі бір дәре-
жеде саралап алған соң ғана барып
әлемдік әдебиеттану табыстарына
көз салатыны анық.
Ендеше қандай да болсын ұлт өзі-
нің әдебиеттану ғылымы мен сынын
тудыруда және қалыптастыруда әлем-
дік ғылыми-зерттеушілік әдіснама-
лық ізденістерден шет қалуы мүмкін
емес. Қандай да болсын халық тың
әдебиеттану ғылымы өзіне ғана тән
ерекшелікпен туып-қалыптасаты нын
ескеретін болсақ, әлемдік ғы лы-
ми мектептер мен теорияларға қа-
ра ма-қатысы анықталар еді. Себебі
олар әдеби мұраларды зерттеуде өз
ке зінде кеңінен таралған әдіс-тә-
сіл дерді қолдана отырғанымен, еш -
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У