биогра- физм мектебі жайында қозғалады.
Ұлт әдебиетінің тарихи даму жо-
лына көз сала бастаған алғашқы қа-
дамдарда ғұмырнамалардың, яғни
биографизмнің танымдық сипаты –
белгілі бір ақын-жазушы шығар-
машылығын, тарихи тұрғыда зерт-
теудегі жолашар боларлық маңы-
зымен құнды. Орыс әдебиеттану
ғылымында да әдебиет тарихына
ба рар жолды Державин, Фонвизин,
Пушкин туралы биографиялық очер-
ктерден басталады деп санайтыны
да сондықтан. Егер ғұмырнамалық
сипаттағы мақалаларды әдебиетта-
ну ғылымының туу дәуіріне әкелер
жолдағы бір саты десек, ол ХХ ғасыр
басында Абай ғұмырнамасын жазу-
дан басталған үлкен жолға жалғасқан
ізденістердің алғашқы соқпағы еді.
Әрине, оларда сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің дәрежесіне
сай таныстырмалық, халық мәдениеті
мен әдебиетіндегі орнына қарай
бағалаушылық көзқарас басым жат-
ты. Бірақ мәселе – олардың ғылыми
сапасында емес, ұлт әдебиетінің өкілі
туралы тарихи танымдық бағыттың
басталуын дәлелдеуінде.
ХХ ғасыр басында К. Ысқақов,
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатовтардың қазақ әдебиетінің
көрнекті дарындары туралы мақа-
лаларында олардың өмірі мен шы-
ғармашылығын танытуға деген та лап-
тілек те анық көрінді. Сол кезең дегі
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді кө-
терген және сыни мақаламен салыс-
тыра қарағанда, бұла ғұмырнамалық
негіздегі ғылыми-зерттеушілік си-
паты нақты танылатын еңбектер.
Сол себептен де ұлт әдебиетінің да-
рынды өкілдері Ш. Уәлиханов пен
А. Құнанбаев шығармашылығын ғы-
лыми тұрғыдан бағалауда, әдебиет
тарихындағы және мәдениетіндегі
орнын белгілеудегі алғашқы қадам
деп қарасақ, классикалық мұраны
зерттеудің бастауы мен сара жолға
апарар негізгі соқпағы Қазан төң-
керісіне дейін-ақ көріне бастады
деген тұжырымға келеміз. Себебі,
әдебиет туралы ғылымның туу дә-
уіріндегі алғашқы еңбектердің ғұ-
мыр намалық сипатта болуы заңды.
Орыс сыншысы В. Г. Белинский «ис-
точник творческой деятельности поэ-
та есть его духа, выражающийся вего
личности, ипервого объяснения духа
и характера его произведений должно
искать в его личности», – деп жазған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У