І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
көріне түседі. Себебі, бұл Т. Кәкі шев
айтқандай «Ақын шығармаларын,
оның үстіне тұңғыш рет жарық кө-
рейін деп тұрған Абай жинағын,
белгілі бір жүйемен топқа бөлу ән-
шейін іс емес, творчестволық про-
цесс…».
4. Абай өлеңдерінің қазақ поэ-
зиясындағы жаңашылдық келбетін
танытуда ойлылығы мен әсемдігін
ашу үшін ғылыми-зерттеушілік си-
паттағы талдаулар жасап, нақты пі-
кірлер айтылған. «Жасымда ғылым
бар деп ескермедім», «Бұрынғы ескі
биді тұрсам барлап» т.б. өлеңдеріне
тақырыптық және идеялық мағынасы
жағынан жасаған талдаулар көңіл
аударарлық. Абай өлеңдерінің құ-
рылысы мен көркемдігі туралы те-
рең талдау жасамаса да, Абайдың
қазақ өлеңіне жаңа түрлер қосқан
жаңашылдығы үнемі аталып отыра-
ды. Осындағы өлеңдерге жасалған
ғылыми-теориялық талдаулар қазақ
әдебиеттану ғылымында тек Абай
өлеңіне ғана емес, қазақ поэзиясына
жасалған алғашқы талдаулардың бірі
екенін ескермеске болмайды.
5. Абайдың өлеңді өнер деп тү-
сінуі мен өз айналасына ұстаздық,
ақындық үлгісі туралы да біршама
дұрыс ой қорытады. «Абай өзі өлең-
нің өнер екенін біліп жаза бас та-
ғаннан-ақ бұрынғы надандық пен
өлеңді өнер орнына жұмсамай, ғиб-
рат үшін айтпай тіршілік орнына
айт қандықтан да өлеңнің қазақ орта-
сына бағасы кемігендігін айтып»,
өзі олардың айтқанынан басқаша
жол мен жүруге шақырғанын, өз тө-
ңірегіндегі жастарға да осы жолмен
жүруге ықпал еткеніне ерекше көңіл
аударады.
Міне, әдеби-тарихи ой-пікірдің
күр делене түсіп нақты арнаға, яғни
әдебиет тарихындағы ерекше тұлға-
ларға байланысты айтыла баста-
уында осындай келелі мәселелердің
сөз етілуі – сол кездегі ғылыми ізде-
ністердің мәнін көтере түсері анық.
Сол себептен де Ә. Бөкейханов Абай
өмірбаянын тұңғыш рет жазушы ғана
емес, алғаш зерттеп ғылыми пікір
айтушылардың бірі деп қарау қажет.
Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлт-
тық әдебиет тарихын ғылыми тұр-
ғыда тану жолында алғашқы бо лып
қалам тартқан, Абайтану деп ата-
латын үлкен жолдың соқпағын салған
тұңғыш зерттеуші санау керек.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У