КІРІСПЕ ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТУУ ДӘУІРІ 1900-1904 ЖЖ.) 1-ТАРАУ. Әдебиет тарихын зерттеу мен дәуірлеудегі ізденістер Қазақ халқының тарихында ұлы
өзгерістер мен қиын-қыстауларға
то лы ХХ ғасыр туды. Ресейдегі қо-
ғам дық-саяси оқиғалар ғасыр ба-
сын дағы ұлттық сананың өсуіне, қо-
ғамдық ой-пікірінің әлеуметтік мә-
селелерге батыл араласа бастауына
ықпал жасады. Ол отырықшылық
пен көшпелілік, ел басқару ісіне ара-
ласу, жер және заң-закон, ұлттық тә-
уелсіздік, дін, оқу-ағарту секілді за-
ман алға тартқан күрделі мәселелер-
ді жан-жақты көтеріп, халық мүд-
десі тұрғысынан шешуге талпынды.
Қазақ зиялыларының ауызбірлігі-
нің болмауынан әр түрлі бағыттағы
пікірталастар туғанымен, қоғамдық
ой-пікір өркен жая дамып, ұлттық
сана қазақ даласына ене бастаған
капиталистік қоғам талаптарына сай
табылуға ұмтылыс жасай бастады.
Осының барлығы жинақтала келіп
ғасыр басындағы қазақ баспасөзін
туғызды, олар осы қоғамдық-әлеу-
меттік ой-пікір орталығына айнал-
ды, ұлттық публицистиканы дамыт-
ты. Сонымен қатар, баспасөз ха-
лықтық эстетикадан бастау алып,
ХІХ ғасырда жанрлық сипат алуға
ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол
көркем әдебиеттің дамуы мен оны
зерттеу мәселелерін нақты және
жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар
жасады. Жазба әдебиет өркен жа-
йып, жанрлық түрлері дамыды, қа-
зақ лирикасы мен прозасы жаңа көр-
кемдік ізденістерге ұмтылды. Фоль-
клорлық және классикалық мұра-
ның таңдаулы үлгілері жарияланды,
әдеби жинақтарға енді, жеке кітап
болып басылып шықты. Осыған сай
әдеби сын да әр дәрежедегі эсте-
тикалық биіктерге қол соза бастады.
Кітап шығару ісі қызу қолға алын-
ды. ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылы
ішінде 500-ге тарта кітап жарық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У