«хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір» пәні бойынша лекциялардың қысқаша мазмұны



бет5/14
Дата27.11.2023
өлшемі158,5 Kb.
#130044
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек

5-Лекция. Қазақстан индустрияландыру жылдарында. 2 сағат

* Лекция мақсаты:


Қазақстандағы индустрализация науқанының ерекшеліктерін көрсету. Теориялық көзқарастарды және индустрализация механизмін талдау.

* Түйін сөздер:


«аграрлық мемлекет», «индустралды мемлекет», «бір орталыққа бағынған мемлекет», «модернизация стратегиясы».

* Негізгі сұрақтар:


1.Индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық
айтыстар
2. Индустрияландырудың жеделдетілген қарқынға көшуі, себебі, салдары. 3. Екінші бесжылдық жылдарындағы Қазақстанның индустриялық дамуы
4. Индустрияландыру нәтижелері мен сабақтары

1.Партияның 1925 жылы өткен 14 съезі елді социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру аясаты ұлттық аймақтар, оның ішінде қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде үлкен пікір таластар тудырды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді. Бұл бағытты большевиктер «уклонистер» деп атады.


Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ ол индустрияландыру саясатына қарсы болмады. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны әрі қарай дамыту керек болды. С.Садуақасов шикізат қоры көзіне өнеркәсіптерді жақындатуды көздеді.
Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп кіргізу мүмкін емес деген пікірлер де болды.
2.Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте ауыр болды.
Қазақстанда индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындарына үлкен мән берді.
3.Екінші бесжылдық кезінде Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Бұл өндіріс орындары тез қарқынмен салынды.
Қазақстанда индустрияландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары салынды. Бұлар бүкіл елді өніммен қамтамасыз етті. 1933 жылы Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаттары салынды.
4.Қазақстан 20-30 жылдары аграрлы елден индустриялы елге айналды. Алайда қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өнеркәсіп орындары салынбады. Осындай сипатта жүргізілген саясаттың қазақ халқы үшін зардабы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толығымен өзгерді, екіншіден, хала қалқының сан өсті. Үшіншіден, бұл жағдай демографиялық өзгерістерге әкелді.
* Өзін-өзі тексеру сұрақты:
- Қазақстандағы индустрализация науқанын жүзеге асырудағы ерекшеліктер;
- Кәсіби мамандарды дайындаудағы қиыншылықтар;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- История индустрализации Казахской ССР (1926-1941 г.): Документы и
материалы. Т.1-2,1967.
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет