«хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір» пәні бойынша лекциялардың қысқаша мазмұны



бет9/14
Дата27.11.2023
өлшемі158,5 Kb.
#130044
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
9-Лекция. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. 2 сағат

* Лекция мақсаты:


Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде айтылған пікірлерді талдау. Бейбіт құрылысқа көшу барысындағы қйыншылықтар мен жетістіктерді баяндау. Қоғамдық-саяси өмірдегі қуғын-сүргін саясатының жалғасу себептерін түсіндіру.

* Түйін сөздер:


«Социалистік меншікті қорғау заңы», «ауыл шаруашылығындағы адам факторының ролі».

* Негізгі сұрақтар:


1. Бейбіт құрылысқа көшу. Өндірістің дамуы
2. Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығы
3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси және мәдени өмір

1.Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Бірақ, Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі.Олар:


Ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп комплексін дамыту;
Одақтық республика экономикасын орталықтан басқару;
Еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын раттырудың орнына мәжбүрле әдістерін қолдану.
Сонымен қатар Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру базаларының біріне айналды. Соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарын орындау барысында үлкен жарыстар болды, әсіресе қара металлургия саласында үлкен табыстарға жетті. Теміртаудағы қара металлургия зауытында екі 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі, Ақтөбе ферросплав зауытында өндірістің үшінші кезегі жұмысқа қосылды.Түсті металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты іске қосылды. Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрикасы, жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады. 1950 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда тұтыну заттарын өндіретін 65 қана өнеркәсіп орны болды.

2.Соғыстан кейінгі жылдар ауыл шаруашылығы үшін қиын болды.Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында кеңестер үкіметі егін салу жер көлемін арттыруды көздеді. Мал шаруашылығының жағдайы да қиын болды. Соғыс жылдары мал басы 2-3 есе азайған болатын. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың екі жолы болды: өндірістік қатынастарды қайта қарау немесе ауыл шар дамытудың экстенсивті жолы, яғни жеделдету. Кеңестер мемлекеті екінші жолын қалады.


3.Қоғамдық-саяси жүйе 20 жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршіл жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған ком партияның қатаң бақылауына алынды.


Москва мен Ленинградта «Ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы Е.Бекмахановқа қарсы іс қозғалды.
1948 жылы «космополитизммен» күрес науқаны басталды. Бұл науқан аясында М.Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б. зиялылар қуғын-сүргінге ұшырады. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана бұл науқан баяулады. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы ролі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады.

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


- Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын дамыту барысында айтылған ғылыми қөзқарастар;
- Кеңестер Одағында ғылым мен техниканың даму ерекшеліктері
- «Соғыс тұтқындарының» тағдыры;

* Ұсынылатын әдебиеттер:


-- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет