ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды?
8.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау;
8.4.1.2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін «модернизация» ұғымын пайдалану
ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫ
Неліктен индустриялық қоғамның даму процесіне ғылыми техникалық революция әсер етті?
-Неліктен XX ғасырдың басындағы ғылыми техникалық революциянын қазіргі өркениетке әкелген өзгерістерінің маңызы зор?
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Модернизация.
Индустрилизация.
Конвейер
Техникалық революция
МОДЕРНИЗАЦИЯ
Аграрлық қоғамдардың индустриалды қоғамға айналу процесі. Модернизация дәуірінде болып жатқан өзгерістер қоғамның әртүрлі салаларына: өндіріске жаңа технологияларды қарқынды түрде енгізуде, қоғам құрылымын өзгертуге және жаңа саяси идеологияның дамуына әсер етеді. Жаңа технологиялар мен жабдықтар экономикада шешуші рөл атқара бастайды.
КОВЕЙЕР
Үздіксіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Еңбек өнімділігінің жоғарылығы, құрылысының қарапайымдылығы, жұмыс қауіпсіздігі, т.б. сипаттамаларының тиімді болуына байланысты конвейерлер экономиканың барлық салаларында қолданыс тапты
ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯ
Ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.
«Конвейер»
үздіксіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Еңбек өнімділігінің жоғарылығы, құрылысының қарапайымдылығы, жұмыс қауіпсіздігі, т.б. сипаттамаларының тиімді болуына байланысты конвейерлер экономиканың барлық салаларында қолданыс тапты.[
1928 жылы А.Флеминг алғашқы антибиотик пенициллинді аштыҒалым осылайша көгерген заттан бактерияларды өлтіретін нәрсені бөліп алып, оны пенициллин деп атады. Бактериолог өзінің таңғажайып жаңалығын жете бағаламады, өйткені ол антибиотикті ашық түрде өндіру өте қиын деп ойлады. Сөйтіп оның жұмысын Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн есімді ғалымдар жалғастырып, пенициллинді тазарту әдісін жасап шығарды. Дәрі Екінші дүние жүзілік соғыс кезінен бастап жаппай өндіріле бастады.Барлық құқықтар қорғалған.
Ғылым мен техниканың дамуы кәсіпорындардың кеңеюімен және олардың жаппай стандартталған өнімдер өндірісіне көшуімен қатар жүрді. Жаппай өндіріс өнімнің едәуір өсуін, шығындардың төмендеуін және пайдалылықтың жоғарылауын қамтамасыз етті. Өнімді максималды стандарттау жаппай өндіріске қажетті шарт болды. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында әлемдік өнеркәсіпті қайта құру басталды. Оны тарихта екінші өнеркәсіптік революция деп атады. Ол жоғары сапалы болат өндіру, темір жолдарды салу, электрэнергиясын және химиялық заттарды тарату негізінде өтті. Конвейер өндірісінде технологиялық процестер кезінде өңдеуші механизмдер мен жұмыс орындары орналастырылды және бірнеше қарапайым операцияларға арналған процестің өзі үздіксіз жүргізілді. Толық түрде конвейер өндірісі алғаш рет Америка Құрама Штаттарындағы Ford автомобиль зауыттарында қолданылды. Алғашқы автомобильдер, синтетикалық материалдар, ұшақтар, жасанды талшықтар шығарыла бастады. Көптеген ғылыми және технологиялық жетістіктер (радио, телефон, кино және т.б.) адамдардың өмір сапасына тікелей әсер етті.