Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет3/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1954-1956 ж. ж.

  • 1956 жылдың сәуірінде болған КОКП-ның ХХ сьезі қоғамдағы демократияландыруды бастап берді. Сьезд көпшілікке партияның қателіктері туралы мәліметтерді жарияламау қажет деп шешті және үш ай өткеннен кейін, 1956 жылдың маусымында ғана сьезд қорытындысы ретіндегі КОКП ОК-ның қаулысы газет беттерінде «Жеке басқа табыну және оның зардаптары» атты жарты бет түрінде шықты. КОКП ХХ сьезіндегі Хрущевтің жасаған баяндамасының толық мәтіні тек одан 33 жыл өткеннен кейін ғана, 1989 жылы жарық көрді.
  • 1945 жылдың Кеңгірдегі саяси сотталғандардың көтерілісі аяусыз басылды. Осы Жезқазғанға таяу орналасқан лагерьдегі қақтығыс барысында, сотталушылар мен тұрақты әскер арасында аяусыз күрес жүріп, көптеген адамдар қаза тапты.
  • Елдің экономикалық жағынан артта қалуының себептеріне талдау жасауға жасалған әрекеттер бірден басылып тасталды. КОКП ОК мен Кеңес үкіметі 1954-1956 жылдары шектен тыс орталықтандыруды жою мен одақтас республикалар құқықтарын кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдағанымен, ол шешімдер қағаз жүзінде ғана қалып қойды.
  • Көп ұзамай өзгеше саяси ойлайтындар қуғындала бастады. Алайда қоғамның кемшіліктері туралы айтқан адамдарды бұрынғыша әдістер арқылы тоқтату мүмкін емес болатын. Сондықтан саяси айыптаулар «жабық» түрде болды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер М.Елікбаевтың қазақ мектептерінің жабылуы мен адам құқықтарының бұзылуы туралы Хрущевке жолдаған хатына байланысты оны КОКП қатарынан шығарып, психологиялық ауруханаға қамады. Ол жерде тамақ жеуден бас тартқан осы азаматқа күштеп тамақтандыру әдісі қолданылды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің мәліметінше, барлығы 90000-нан аса адам өзгеше ойлағандықтары үшін психиатриялық жазалаулардан өткізілді.
  • 1959 жылы КОКП-ның ХХІ сьезінде Н.С.Хрущев КСРО-дағы социализмнің толықтай жеңіске жеткендігін және енді коммунистік қоғам құрылысы кезеңі басталғандығын жариялады.
  • Қазақстан 1950 жылдары көпұлтты мемлекетке айналды. 1954-1962 жылдары ауыл шаруашылығына КСРОның еуропалық бөлігінен 2 млн шамасында адам келсе, өндіріс, құрылыс, көлік саласында жұмыс жасауға 0,5 млн адам келді.
  • 1897 жылы өз жеріндегі халықтың 85%-ын құраған қазақтар 1959 жылы республкиа халқының 3/1-іне де жетпеді және 29%-ды ғана құрады.
  • Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді.
  • Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Акмоло – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды.
  • 1959 жылғы 1 тамызында Теміртау оқиғасы басталды. Теміртау металлургиялық комбинаты құрылысын салуға 1959 жылы 132 мың адам, одан кейінгі жылы тағы да 70000 адам келді. Жаңадан келгендерге үй жетіспегендіктен олар шатырларда тұрды. Климатқа үйренісе алмау, ауыз судың жетіспеуі, азық-түлік сапасының нашарлығы адамдардың наразылығын туғызды. Әлеуметтік жарылысқа 1 тамыздағы жастардың қоғамдық тамақтану орнындағы наразылығы бастама болып, халық дүкен, базар, асханаларды тонай бастайды. Бұл тәртіпсізктер үш күнге созылды және әскер мен қарудың көмегімен ғана басылды. Өкінішке орай 1962 ж, Новочеркасскідегі, 1959 ж. Теміртаудағы оқиғалар ел жетекшілерінің қоғам дамуына деген көзқарастарын өзгерте алмады.
  • Н.С.Хрущев мемлекеттің «коммунизмге өтуіне байланысты» жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.
  • Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5-8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. 1957 жылы Н.С. Хрущев экономиканы басқаруда жаңа реформаларды ұсынды. Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері таратылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет