Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты


КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы



бет17/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

  • КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы. 1991 жылы наурызда М. С. Горбачевтің бастамасымен КСРО құрамында қалу немесе одақтан шығу мәселесі бойынша жалпыодақтық референдум өткізілді. Осы оқиғалардың нәтижесінде 1990жылдың аяқ жағы мен 1991 жылдар аралығында «егемендік шеруі» деген атау алған одақ құрамындағы республикалардың Тәуелсіздік туралы декларацияларын қабылдау кезеңі жүрді. Сондай-ақ, республикалар жергілікті экономиканы бақылау бойынша шаралар қабылдап, одақтық және Ресейдің федералды бюджеттеріне салық төлеуден бас тартты. Осындай келіспеушіліктердің салдарынан Одақтың бұрынғы республикаларының арасындағы экономикалық байланыстар үзіліп, КСРО-дағы экономикалық жағдай одан әрі нашарлады.
  • 1991 жылдың көктемі мен жазында КСРО президенті М.С. Горбачев Ново-Огаревоның Мәскеу маңындағы резиденциясында Одақтағы республика басшыларының кеңесін өткізді. Ұзақ және қиын келіссөздер нәтижесінде одақтың тоғыз республикасы мен Ресей Федерациясы арасында «9+1» деп аталатын келісім шарт дайындалып, оған қол қою 20 тамызға жоспарланғанымен, 19 тамызда елде төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылуына байланысты аталған шартқа қол қою рәсімі өткізілмей қалды.

Қорытынды

  • 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж орманында, Брест маңында Беларусь, Ресей, Украина басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922 жылғы одақ шартына қол қойған КСРО құрылтайшылары Кеңестер Одағы халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатты» деп мәлімдеді. Бұл келісім арқылы 1922 жылы КСРО-ны құру туралы келісімнің күші жойылды.
  • 1991 жылдың 13 желтоқсанында Ашхабад қаласында өткен кездесуде Орта Азия мен Қазақстан Республикасы басшылары Беловеж келісімін талдап, жаңа достастықты қалыптастыруға толыққанды дайын екендіктерін білдірді.
  • 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы кездесуінде тоғыз мемлекет КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқандығын мәлімдеп, ТМД-ның құрылуы туралы Декларацияны қабылданды.
  • 1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Республикалар Кеңесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуына байланысты КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы Декларация қабылдады.
  •  

Әдебиеттер

  • Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІҮ-V томдар. Алматы., «Атамұра»., 2010. 1989ж. дейін.
  • Бегалиева А.К. Қазақстан тарихы: оқу құралы. Алматы., 2017ж.
  • Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы, 2007.
  • Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2013. – 360 бет.
  • Қазақстан тарихы қазіргі заманнан бүгінге дейін. (очерк). А., 1994. 264-б.
  • 6. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Көмекші оқу құралы. Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет