Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет11/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
1273728.pptx (1)

Экологиялық мәселелер табиғи ресурстарға ұтымсыз және жыртқыш көзқарастың, аграрлық және өнеркәсіптік министрліктер мен ведомстволардың жауапсыз шаруашылық қызметінің нәтижесінде де туындады. 1970-1980 жылдары мақта мен күріш алқаптарын суару үшін өзендерді жыртқыштықпен, тиімсіз пайдалану республиканың су ресурстарының сарқылуына әкелді.

  • КСРО су және мелиорация министрлігінің кінәсінен Арал теңізі өлі теңізге айналды. Теңіз деңгейі 14 метрге, су алабы, 40%-ға, су көлемі 65%-ға азайды.
  • 1950 жылдары бұл жерде балықтың 45 түрі болып, жылына 500 мың тонна балық өндірілсе, 1980 жылдардың аяғында балықтың 20-дан астам түрі толық жойылып кетті және теңіз балық шаруашылығы ретіндегі маңызын жойды. Теңізден ұшқан тұз кейін солтүстікте Белоруссия, Латвияға, оңтүстікте Ташкент дейін жетті.
  • 1990 жылдары Арал маңы халқында вирусты гепатит – 7 есеге, онкологиялық аурулар – 15 есеге азайды.

1970 жылдардың басынан бастап Қазақстан ауыл шаруашылығында қолданыла бастаған жер өңдеудің көшпелі әдісі бойынша өз құнарлылығын жойған шаруашылықтар пайдаланудан алынып, жаңа жерлер пайдалануға берілді.

  • Осылай егіске пайдаланудың әсерінен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария түрінің маңындағы тоғайлар жойылды. Арал маңы тақырға айналып, осы өңірдегі жануарлардың 173 түрінің 38-і ғана қалады.
  • Өнеркәсіптік дамудың жағымсыз көріністерінің ішінде республиканың ауа және су бассейнінің ластанғандығын атап өткен жөн. 1970-1980 жылдары түсті металлургия кәсіпорындары (Балқаш, Шымкент, Лениногорск, Өскемен қалаларында) атмосфераға шаң–газ шығарындыларының көп мөлшерін (айына 14 мың тоннадан астам) шығарды. Технологиялардың жетілмегендігі, экологиялық қауіпсіздікті елемеу, тазарту құрылыстарының, сүзгілердің болмауы және т.б. республиканың бірқатар қалалары мен облыстарының (мысалы, Шығыс Қазақстанда – Өскемен қ.) КСРО бойынша ең ластанған қалалардың қатарына енуіне әкелді. Осы кезеңде республикада экологиялық мәселелерді шешу үшін елеулі шаралар қабылданбады.

Экологиялық апат халықтың денсаулығына және қазақстандықтардың демографиялық сипаттамаларына кері әсер етіп, қауіп төндіретіндей деңгейге жетті.

  • 3. 1980 жылдардың ортасына қарай КСРО терең экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарысқа тап болды. Қоғамның дағдарыстық жағдайы қоғам мен мемлекет өмірінің әртүрлі салаларында көрінді. Елге дамудың жаңа тұжырымдамалары қажет болды.
  • 1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып Саяси Бюроның ең жас мүшесі М.С. Горбачев сайланды, 1985 жылы сәуірде оның басшылығымен КОКП Орталық Комитетінің кезекті пленумы өтіп, сол пленум шешімдері негізінде КСРО-да ең үлкен саяси, экономикалық, идеологиялық және әлеуметтік өзгерістер кезеңі басталады. Бұл кезең 7 жылға созылды және «қайта құру»деген атпен тарихқа енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет