Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет13/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1273728.pptx (1)

1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда Брежнев атындағы алаңда жаппай толқу басталды. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық білдірді. Лениндік ұлт саясатының дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді талап етті.

  • Ал Желтоқсан оқиғаларының түпкі себептері төмендегідей болатын:
  • 1. Өндіргіш күштерді жоспарлау мен орналастырудағы әкімшіл-бюрократиялық жүйенің қайшылықтары мен кемшіліктері;
  • - өндіруші салаларды басым дамыту, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы республикадан тыс жерлерге әкелінді;
  • - ведомстволарға берілген миллиардтаған табыстан республикаға тек ашмалы ғаан бөлігі қалды.
  • 2. Идеологиялық тоталитаризм және ғылым мен білім беруді қаржыландырудың төмен деңгейде болуы.
  • 3. Мәдениеттің ұлттық тамырлармен байланысын жоғалту.
  • 4. Қазақ тілінің қолдану барысында қысымшылыққа ұшырауы.
  • 5. Республикадағы ұлт өкілдерінің өзін-өзі анықтау құқығына қысым жасау.

1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының шеруі бастапқы кезеңде заңдық негізде жүріп, еш ұлтшылдық сипат алмады. Демонстрация бейбіт және саяси сипатта болды.

  • 1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жастардың жаппай толқулары басталып, кейін республиканың басқа қалаларына тарады. Орталық Комитет Пленумының шешіміне Алматы қаласының жұмысшы және оқушы жастар тобы наразылық білдірді. Демонстранттар қатарында «Лениннің идеялары ұзақ өмір сүрсін!», «Әр ұлтта өз көсемі!», «Бірде-бір халыққа, бірде-бір тілге артықшылық берілмесін!», «Біз зорлық-зомбылық үшін емес, халықтардың ерікті жақындасуы үшін!» деген ұрандар айтылды. Брежнев алаңындағы Компартия ОК ғимаратының алдына Қонаевты алып тастау себептерін түсіндіруді талап ететін 200-300 адам жиналды.
  • КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті. «Бұрқасын-86» атты құпия жедел жоспар жасалды. Ол жоспар бойынша жастарға қылмыскер немесе ұлтшыл деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. Бұл жоспар кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, бронды транспортерлер пайдаланылды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстіне жатқызды. Жастарды қаладан алысқа əкетіп, жұқа жəне су киімдерімен түнгі аязда ұстады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет