Хх XXI ғғ. басындағы батыстық емес әлемдегі еуропалық өркениет идеяларын оқу стратегиясы



Дата10.04.2023
өлшемі18,63 Kb.
#81254

ХХ - XXI ғғ. басындағы батыстық емес әлемдегі еуропалық өркениет идеяларын оқу стратегиясы
Эссе
Батыс пен Шығыс әлемі - түйткіл ғаламның екі жартысынан тұратын тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты – ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнайды деп санаймын.
Өркениетті әлеміміздің тарихы дамуда деп түпкілікті нақты айта аламын. Дегенмен сол даму үдресінде тепе-теңдіктен гөрі, не басым, не кем түсіп жатқан бағыттардың басып түсуі заманының шындығына айналуда. Бұл бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа, ал келесі сарасы Батыстың Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да құбылыс деп қарастырамын. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді», - деуі себеп деп ойлаймын.
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге (машина жасау, техникалық табыстар т.б.) баулыдым деп санап келді. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен, Жапония. Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Сөзіме дәлел ретінде Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде екені бәрімізге анық деп түсінемін. Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық писхологиялық тұрғыдан, екі өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны рас. Еуропалық пен күншығыстық философиясы түрліше. Бұған олардың табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат «ғибадат тұтушы емес шеберхана» ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен бірге «тұтас әлем» ретінде қарастырады. Дегенмен осы екі өркениет, екі мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі анық бола тұра олардың қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық болар еді. Өйткені екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық әлемнің өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық әлемі. Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып, үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі тұлғалары өркениетті дүниеге айналдыруда.
Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген шапқыншылықтар мен отарлау саясатын бастан өткерді. Шығыс өркениеті икемділігі мен өміршеңдігін арқасында осынау өзгерістерден өз жолын таба білді. Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген жаңа бағдарлама жолындағы, техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен Шығыс та қалыса қоймаған болатын деп есептеймін. Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін толықтыра отырып, жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі қашан да салтанат құрмақ.
Өркениет зерттеушілерінің бір тобы Евразия даласындағы көшпенділерді тарихи даму процесінен бөліп алып қарауға болмайтынын көрсетеді. Өйткені, ол көшпенділер, біріншіден, басқа көршілес қауымдармен арақатынаста болды, ал ол қауымдар болса отырықшы-егіншілер, қала мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпенділердің өз ішінде жартылай көшпенді, жартылай отырықшы малшылар болды. Үшіншіден, көшпенділіктен отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта орын алды. Таза көшпенділік Евразияның сайын даласында болған емес, қала мен дала одағы, отырықшылық пен көшпенділік өзара ұштасып, бір-біріне кірігіп, байланысып жатты деп қарастырамын. Сондықтан да Евразия сахарасында таза көшпенділер өркениеті емес дала мен қала мәдениеті ұштасқан Дала өркениеті дамыды. Тарихшылар әулетінің бір тобының көшпенділерді динамикада қарап, олардың көшуден отырықшылыққа ауысуын, даладан қалаға орнығуын, тайпалық одақтардан мемлекетке өтуін қарастыруы тарихи әділдік. Тарихи процесстер территорияға, хронологияға, этносқа байланысты емес, мал шаруашылығы мен егіншіліктің негізі салынуына, әлеуметтік бөлінушілік тууына, қол өнері мен сауданың дамуына, этностық бірліктің қалыптасуына, күшті әкімшілік жүйе өрістеуіне, біртұтас идеология, діннің күшіне енуіне, эпос пен жазудың болуына байланысты деп есептеймін.
Қорытып айтқанда, тарихқа белгілі бес таптық формациялық көзқараспен ғана қарап қоймай, оған өркениеттік-цивилизациялық көзқараспен қарайтын кез келді. Осы тұста цивилизацияға-өркениетке қандай анықтама берген орынды деген сауал туады. «Эволюция восточных обществ: синтез традиционного и современного» деген еңбектің авторлары оған былай деп жауап берді: «Цивилизация по нашему мнению, представляет собой исторически сложившееся единство материальной и духовной культуры, продукт весьма длительного существования более или менее стабильной этнодемографической общности. Конкретная этнодемографическая и социокультурная общность такого рода может включить один или несколько крупных этносов (народов), территориальные границы ее расселения могут довольно сильно колебаться, расширяясь или сжимаясь, однако во всех случаях можно говорить об известном ядре цивилизации, идет ли речь о культуре в широком смысле слова, о народонаселении, которое воспроизводит себя как этносопиальная и демографическая макросистема, или о территории, создающей пространственный контур данной цивилизации»
Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия біздің санамызда тарихи жағынан да, географиялық орналасу тұрғысынан да бір-біріне қарама-қарсы сипат алған. Үздіксіз алға жылжу мен ұдайы жетілдіруді ұстанған Батыс және Еуропа әлемнің прогестік полюсін құраса, Шығыс пен Азия – қазіргі заман адамының ашу-ызасын тудыратын тоқырау полюсін құрады. Бұл ешкімге күмән туғызбайтын тарихи-географиялық аксиомалар. Егер Батыс болмаса онда Шығыс, егер Еуропа болмаса онда Азия жоқ, демек мұнда белорта жоқ. Еуропа -Азия, Батыс - Шығыс деген болмайды. Тіпті егер бұлар болған жағдайда ақылға сыйымсыз болар еді. Тоқырау мен жанасудың әрбір қосындысы өзімен бірге зияндылық пен өлімді алып келеді. Біз санамыздағы прогресивтіліктен, еуропалықтан, адамзаттық өркениеттен еш құтыла алмаймыз, прогресс біз үшін өлімнен де артық жеккөрінішті, өмірден де артық құнды, тіпті одан тыс өркениеттің болуы мүмкін емес, себебі одан тыс прогресс жоқ, олай болса, біз, біздің өлкені Еуропалық деп қалай ашық айта аламыз. Алыс кеткен тарих сахнасына қайта оралған, өз ісін тамамдаған, нәрі таусылған немесе тіршілікке ұмтылған халыққа ешнәрседе көмектеспейді, Шығыста ма, Батыста ма, тіпті оның қайда тұратыны да ешкімге қатыссыз.
Отандық ғалым Ж. Мүтәліпов: Шығыс пен Батыс мәдениеттерін бір-бірімен қатар қоюға да, салыстыруға да болар, бірақ оларды бір-біріне қарама-қарсы қою дұрыс емес, олай болатын себебі Шығыс пен Батыс - әлемдік екі бастама, екі рух, екі дене, екі жаратылыс дүниесі. Сондықтан да «өзімдікі» мен «өзгенікі» пиғылына бас ұра бермей, мәдениеттің өрісін кеңейте түскенге не жетсін. Ең бастысы мәдениеттің ең алғашқы ошағы Шығыс болғандығын, дәлірек айтқанда мәдениеттің Шығыста пайда болғандығын естен шығармауымыз керек сияқты деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет