Лекция Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар Лекция жоспары: Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі54,94 Kb.
#117066
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
ASDEBPNVIGJR13102023192207


4- лекция Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар
Лекция жоспары:

  1. Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы.

  2. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар

Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі;
2.Ясауи дүниетанымын көпшілікке жеткізу дағдыларын көрсетеді;
3.-Түркі халықтарының дүниетанымындағы ортақ сопылық мәселелерін шешу барысында өз көзқарастарын, идеалдарын жақтауда жоғары сенімділік көрсетеді;
Лекция мазмұны:
610ж. шамасында ешқашан Тәуратты оқымаған, тіпті Исайя, Иере-мий және Иезекл туралы да естіп көрмеген араб көпесі ескі еврей пайғамбарларына ұқсас тәжірибені бастан кешірді. Меккелік құрай-ыш тайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдұлла әр жылы рамазан айын-да отбасымен қала сыртындағы Хира тауында рухани оңашалануды әдет-ке айналдырған болатын. Бұл түбектегі арабтар арасында сирек те болса кездесетін құбылыс еді. Тау басында Мұхаммед Ұлы Аллаға мінәжат ететін, әрі осы қасиетті мекенге табаны тиген жоқ-жітікке садақа үлестіретін еді. Мұхаммедтің көп уақытын ауыр ой үстінде өткізуі ғажап емес. Өмірінің кей-інгі кезеңдері көрсеткеніндей, соңғы уақытта қанша көркейсе де, көпшілік-ті үрейлендіретін Меккедегі дүниеқұмарлық үшін қатты алаңдайтын. Небәрі жарты ғасыр алдын құрайыштар да, араб шөліндегі басқа бәдәуи тайпалары секілді, көшпелі өмір салтын ұстанатын. Ендігі жерде әрбір күн тіршілік үшін жанталасты қажет ететін болды. Құрайыштар VI ғасырдың соңғы жылдарында саудада үлкен жетістіктерге жетіп, Мекке қаласы Араб түбегінің үлкен орталығына айналды. Құрайыштар адам нанғысыз дәрежеде байып кетті. Бірақ мұншалықты үлкен өзгерістер тайпаның өмір салтына кері әсер етті, бұрынғы құндылықтардың орнын дүниеге деген құмарлық басты. Көңілдерді үрей биледі. Мұхаммед құрайыштардың қауіпті жолға түскенін көре білді және жаңа шарттарға үйлесімді тіршілік етулері үшін оларға жаңа бір идеологияның қажеттілігін сезінді. Ол кезде саяси шешімдер көбіне діни сипатта болатын. Мұхаммед руластарының жаңа діні ақшаға құрылып жатқанын түсінді. Бұған таң қалудың да қажеті жоқ еді, өйткені, оларды дәл осы байлықтары көшпелі өмірдің тауқыметінен, үнемі жалғасып жататын аштық пен Араб шөлін мекендеген тайпалардың қатыгездігінен құтқарғанына күмәнданбайтын. Әрбір тайпа күнделікті жойылып кету қаупімен бетпе-бет келетін. Енді қажетті азықтары көп Мекке біртіндеп сауда-саттық пен қаржылық қатынастардың халықаралық орталығына айналды. Тіпті тайпа мүшелерінің өздерін өз өмірлерінің қожайыны сезінетін кейбіреулері байлық мәңгілік өмір сыйлайтындығына сенетіндей көрінетін. Мұхаммед мұндай тоғышарлық (истака) культі тайпаны түбі ыдырататынын білді. Бұрынғы көшпелі тіршілікте бірінші орында қоғамның қамы тұратын, ал жеке мүдделер екінші кезекте еді: барлығы да өз өмірлерінің тайпаның амандығына байланысты көркейетінін түсінетін. Өзі кіретін этникалық топтағы жоқ-жітік пен кедей-кепшікке көмек қолын созу – мүлтіксіз орындалатын дәстүр қалпында еді. Ал қазір қауымдық құндылықтар индивидуализммен алмасты, бақталастық әдепкі іске айналды. Адамдар тек қарақан басының қамын ойлап, жоқшылық тауқыметін тартқандарға назар аудармайтын болды. Тайпадағы әрбір ру Мекке байлығынан қомақты үлес алу үшін өзара бәсекеге түскен еді және бағы тайған кейбір рулар (Мұхаммедтің руы Хашимилер секілді) опат болудың алдында тұрғандарын сезетін. Егер барша құрайыштар өз өмірлерінің өзегі ретінде биік бір құндылық жаратып, ашкөз менмендіктерін жеңбейтін болса, көп ұзамай тайпа өзін моральдық және саяси тұрғыдан өзара қақтығыстар нәтижесінде жойып бітетінін Мұхаммед жақсы сезген еді. Арабияның басқа аймақтарында да жағдай мәз емес болатын. Хижаз бен Нәжді мекендерінде бәдәуи тайпалары күнкөріс үшін өзара қатал күрес жүргізетін. Тайпа тіршілігін қамтамасыз етуге тиіс қоғамдық рухты әлсіретіп алмай, қауіпсіз өмірдің кепілдігі үшін арабтар тіпті діннің орнын да алмастыра алатын мурувва идеологиясын қалыптастырды. Дәл мағынасында дін арабтарға тән емес болатын. Оларда пұттар пантеоны мен құлшылық орындары болды, әйтсе де бұл Құдайлары мен қасиетті орындарының рухани өмірдегі орнын айқындап беретін жетілген мифология қалыптастыра алмаған еді. Арабтарда о дүниелік өмір сенімі де жоқ еді, оның орнына, «заман» немесе «тағдыр» ретінде аударуға болатын дәһрдің жоғарғы күшіне сенетін; өлім көрсеткіші өте жоғары саналатын бұл қоғамда мұның маңыздылығы түсінікті жағдай. Батыстық ғалымдар мурувва түсінігін көбіне «ерлік, жауынгерлік» мағынасында аударып жүр, бірақ оның мазмұны бұдан да ауқымды: бұл ұғым соғыста - жауынгерлікті, қайғы-қасіретте - сабырлық пен қайсарлықты және өз тайпасына адалдықты, шын берілгендікті көрсетеді. Мурувваның адамгершілік канондары бойынша бәдәуи қарақан басының қауіпсіздігін ойламастан, тайпа басшысы сайидқа сөзсіз бағынуы тиіс. Әрбір араб тайпасына қарсы жасалған қиянаттың өшін алу үшін мұндай бекзат іске өзін тұтастай арнауы тиіс және тайпаның әлсіздерін панасына алуы керек. Тайпа тіршілігін үйлестіру үшін сайид азық-түлік пен мүліктерді теңдей бөлетін, ал тайпаластарынан біреуі өлтірілсе,”қанға – қан,жанға – жан” ұстанымы жүзеге асатын.
Құдай-дың өзі жайында міндеттелген доктрина Құранда жоқ; керісінше, теологиялық спекуляцияларға үлкен күмәнмен қарап қана қоймай, оларды занн – ешкім біле алмайтын заттар жайында дәлелсіз һәм жауапсыз болжам жасау деп жоққа шығарады. Занның мысалы ретінде Қайта тірілу (Инкарнация) мен Үштік секілді христиан докриналарын алуға болады. Мұсылмандардың бұл идеяларды күпірлік санаулары таңғаларлық емес. Иудаизмдегі секілді, Исламда да Құдай ең әуелі моральдық императив ретінде қабылданған. Яху-дилермен де, христиандармен де, олардың киелі кітаптарымен де ешқандай байланысы болмаса да, Мұхаммед интуитивті түрде тарихи монотеизмнің нағыз мәніне бойлай алған. Исламға табан тіреп қарсы тұрған кейбір атақты құрайыштардың бір сүрені тыңдаған кезде өзгеше бір күйге енгені жайлы да хикаялар бар. Олар үшін Мұхаммед жаңа бір әдеби туынды жасап шығарған сияқты еді. Бұл шығарманы кейбіреулер әлі тыңда-уға дайын емес болса, енді біреулерді әсерге бөлеп те үлгерді. Құранның осындай әсері болмаса, Исламның тамыр жаюы мүмкін емес те еді. Ескі яхудилердің алғашқы діни сенімдерін тастап, бірқұдайшылдықты қабылдау үрдісінің жеті жүз жылға созылғанын білеміз. Алайда Мұхаммед қысқа ғана мерзімде, яғни жиырма үш жылдың ішінде арабтардың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұхаммедтің шайыр әрі пайғамбар ретіндегі ең-бегі, ал Құранның мәтін және иләһи тарту түріндегі сипаты дін мен өнер арасындағы терең байланысқа керемет мысал бола алады. Уахи түскен алғашқы жылдары Мұхаммед көбінесе діндес бауырларын жастар арасынан тапты. Меккенің капиталистік өмір салты уақыт өткен сай-ын олардың көңілдеріне кірбің түсіре берді. Әйелдер, құлдар мен ең әлсіз тайпа мүшелері сияқты айрықша мәртебесі жоқ және бейтарап топтар да пайғамбардың жақтастарына айналды. Бізге жеткен көне деректерге қа-рағанда, Мекке жаппай Мұхаммедке жаңа түскен Алланың дінін қабылдауға дайын жағдайда болды. Бұл жағдайға, жаңа дінге бай-бағландар дұшпан-дықпен қарады. Бірақ құрайыштар Мұхаммед пұттарға табынуға тыйым салғанға дейін оған ашық түрде қарсы шықпаған еді. Уахидың алғашқы үш жылында Мұхаммедтің бір Құдайлық түсінікті аса қатты насихаттамағаны және адамдардың әдеттегідей Ұлық Құдай Алламен бірге арабтардың басқа көне Құдайларына табына береміз деп ойлағаны белгілі. Алайда пайғамбар ескі Құдайлар мен пұттар жайлы үкімін естірткен кезде бір түнде бірнеше ізбасары оны тастап кетті. Мұсылмандар қорлық пен азапқа ұшыраған азға-на кісінің тобына айналды. Осыдан таухид сенімінің сананың ауыр өзгерісін қажет ететіндігін көреміз. Алғашқы христиандар сияқты алғашқы мұсыл-мандарға да қоғамға терең қауіп төндіретін «атеистер» деген айып тағылды. Меккеде қала өркениеті енді-енді аяққа тұра бастаған еді. Сондықтан мен-мен және өзімшіл құрайыштар оны тез жойылатын жетістікке балады.
әні жоқ дегенді білдіреді. Мұсылман тек жалғыз ақиқат Алла екенін түсінуі ке-рек.
(Оларға) былай деп айтқын, (Уа, Мұхаммед): «Алла – Жалғыз, Дара!» (Әлденеге деген) мұқтаждық Аллада жоқ. Ол тумаған да туылмаған. Оған тең келер ешнәрсе жоқ.Афанасий сияқты христиандар да бір Жаратушының, Болмыстың Қай-нарының құтқарушы құдіретке ие екендігін тілге тиек еткен. Бұл көзқа-растарын Үштік Құдай және Тірілу туралы насихаттарында да баяндаған. Құран семиттік иләһи таухидқа негізделеді және Құдайдың перзенті бар деген көзқарасты жоққа шығарады. Жер мен көкті жаратқан Алладан басқа Құдайы жоқ және тек Ол ғана адамды құтқарып, оған рухани және матери-алдық ризығын беріп тұрады. Тек Оның әс-самад «бүтін жаратылыстың себепсіз Себебі» екенін қабылдау арқылы мұсылмандар заман мен кеңістік-тен тыс ақиқатқа үн қоса алады. Және қоғамды бөлшектейтін тайпааралық алауыздықтардың алдын алады. Мұхаммед таухидтің рушылдық сананың дұшпаны екенін білетін еді. Бүкіл құлшылыққа лайықты бір Құдайы жеке адаммен қатар қоғамның да ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне жол ашады. Бірақ қарапайым бір Құдай ұғымынан да сөз қозғау қиын. Бұл түсінік тек біздің ұғынуымыз үшін ғана, біздер сияқты болмыс емес. Мұсылман-дарды салат, яғни намазға шақыратын Аллаһу Акбар! тәкбірі Құдайы ман басқа да ақиқаттың шегін нақтылайды. Сонымен қатар Ол туралы айтқан сөздеріміз бен оның Өзі (әз-Зат) арасындағы нәрселерді айыруға мәжбүр-лейді. Бірақ осы ақылға сыймайтын және қол жетпейтін Құдай өзінің та-нылуын қалаған. Ескі дәстүрге қарағанда (хадис) Құдай Мұхаммедке «Мен жасырын бір қазына едім және танылғым келді. Мен танысын деп дүниені жараттым» деген. Табиғаттың нышандары (аят) мен Құран аяттары төңірегінде ой толғап, мұсылмандар Құранда Құдайдың Жүзі (уәжб’уллаһ)деп келетін иләһи әлемнің дүниеге арналған сипаты жайында пікір қозғай алады. Алдыңғы екі діндегі сияқты, Ислам да Құдайды тек іс-әрекеті арқылы біле алатынымызды меңзейді; Құдай осылайша өзінің тіл жетпес болмысын адамдардың шектеулі түсінігіне сай ұсынады. Құран мұсылмандарды жан-жағынан қаусырған Құдайдың Жүзі мен Затын тану үшін қажетті са-на-сезімге қол жеткізуін (тақуа) қалайды: «...Жүздеріңді қай тарапқа бұр-саңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар....». Христиан дініндегі Әке түсінігі сияқты, Құран да Құдайды Шексіз құбылыс деп сипаттайды, шынайы болмыс тек Оған ғана тән: Жер бетіндегі жан иелерінің барлығы жойылып, ғайып болады. Ұлылық пен шексіз дарқандық иесі – Алла ғана мәңгі қалады.Құранда Құдайдың тоқсан тоғыз аты немесе сипаты айтылған. Бұл есімдер Оның ұлықтығын, жер-жаһандағы бүкіл жаратылыстың бастауы екеніне мән береді. Осылайша әлем тек Ол әл-Ғани (бай және шексіз) болғаны үшін бар; Ол тіршілікке жан берді (әл-Мубии), Ол барлық нәрсені біледі (әл-Алим), Ол сөзді жаратқан (әл-Калима). Сондықтан Онсыз тіршілік, білім мен сөздің болуы мүмкін емес. Бұл тек Құдайдың шынайы болмысы және құдіретінің айқын көрінісі. Бірақ иләһи есімдер кейде бір-бірінің күшін жояды. Мәселен, Құдайы әрі әл-Қаһар, үстем және дұшпандарына қаһар қылады, әрі әл-Халим, соңына дейін сабыр, шыдам көрсетеді. Ол әрі әл-Қабиз, сығады, қысады, әрі әл-Басит, ашады, кеңейтеді. Әл-Хафыз, төмендетеді және әр-Рафи, жоғары-латады. Құдайдың есімдері мұсылман иманында маңызды орынға ие: олар-ды жатқа айтады, тәспімен зікір етеді және сонымен дұға қылады. Бұлардың бәрі мұсылмандарға Құдайдың адами категорияларға кірмейтінін және қа-рапайым танымдар аясына сыймайтынын аңғартады.Исламның алғашқы шарты боп, уақыт өте келе аш-шахада мұсылмандық иманның символы болды: «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның ел-шісі».Бұл тек қана Алланың бар екендігін мақұлдау ғана емес, сонымен қа-тар Алланы жалғыз шынайы Ақиқат деп мойындау. Тек шынайы Ақиқат – Ол, сұлулық пен кемелдік Оған тән: ғаламдағы бұл қасиеттерге белгілі бір өл-шемде ие болған тіршілік иелері мен болмыс атаулы тек шынайы Ақиқатқа (Кұран, 2:115.289Кұран, 55:26–27.) жақындаған кезде ғана бұл қасиеттерге ие бола алады. Шахада мұсылман-дардың Құдайды мұрат қылып, тіршілігінің негізі ретінде тануларын талап етеді. Құдайдың бірлігі жайлы сөз, тек қана бәнат ал-Лаһ секілді құдайларға табынуды тыю дегенді, формалды түрде сандық анықтауышты білдірмейді, оның орнына мұны адам мен қоғам тіршілігін қозғаушы жалғыз қуатқа ай-налдыруға шақырады. Құдайдың бірлігін шынайы тұтастыққа ие кез келген тұлғадан көруге болады. Бірақ бірлік идеясы мұсылмандардан басқа да қа-уымдардың діни талпыныстарын құрметтеуді талап етті. Құдай жалғыз, оның жалғыздығына сену – кез келген ақиқат діннің басты сипаты. Жалғыз жоға-ры Ақиқатқа сенудің сыртқы көріністері әртүрлі мәдени дәстүрлер арқылы айқындалуы да мүмкін, әр топырақта өзіне тән сипатта өзін көрсете береді, алайда ақиқат діннің негізінде арабтар ежелден Алла деп келген Ол болуы тиіс. Алланың «көркем есімдерінің» бірі – ән-Нур, «Нұр». Құрандағы мына бір белгілі аятта, Құдай – барша білім мен Трансценденттінің көріністерін қамтып қалуға септесетін мүмкіндік атаулының қайнар көзі: Алла –ғарыштар мен жерді түгел қамтыған нұр (Иесі). Алланың (мүміннің жүрегіне салған иман) нұры – майшам орнатылған шырағдан дерсің. Бірақ оны шығыстан да, батыстан да іздеме, таппайсың. Ол шам от тимесе де жана беретін киелі зәйтүн ағашының майымен жанады. Майшамның әйнегі інжу-маржандай жарқыраған жарық жұл-дызға да ұқсайды. Бара-бара жарқырап, нұры биікке көтеріле беретін (мүміннің жүрегіндегі иман нұрының теңеуі) осы секілді...290-ка кұрандағы Құдай жайлы баяндаудың символикалық сипа-тын танытады. ән-Нур Құдайдың өзі емес, Ол сол Нұрмен Өзінің сөзін (шырақ) толтырады, кейін онымен адам жүрегін (нұрдың ұясын) жарқыратады. Нұрды толықтай шырағданға да, шишаға да, шырағдан майына да телу мүмкін емес. Тәпсіршілердің айтуынша, исламның алғашқы кезеңдерінен бастап Нұр – уақыт пен кеңістіктен тыс иләһи Ақиқатты сипаттаудың ең сәтті символдарының бірі. Бұл аяттардағы зәйтүн ағашы уахидың үзілмей жалғасуы-ның символы ретінде қабылдануы керек: зәйтүн ағашы бір «түптен» шыға-ды да, кейіннен әртүрлі діни тәжірибеге сай тармақталып кете береді. Осы-лайша, шынайы уахи белгілі бір мәдениетпен немесе жергілікті аймақпен шектелмей салаланып тарай береді: ол Батыста да емес, Шығыста да емес. Христиан Барака ибн Нәуфал Мұхаммедті шынайы пайғамбар деп мой-ындады. Бірақ Исламды қабылдау оның ойына да кіріп-шықпады; Мұхаммед де мұны ойға алған жоқ. Пайғамбар ешқашан яхудилер мен христи-андарды Алланың дініне шақырған жоқ (әрине, бұған тыйым жоқ еді), өй-ткені оларға өздерінің төл уахиы жеткен еді. Құран өткен пайғамбарлар-дың үгіті мен көрегендігін жоққа шығармайды, керісінше, Құранда әрдай-ым адамзатқа ортақ діни тәжірибенің сабақтастығы еске алынады. Мұның астын сызып көрсету керек, өйткені, бүгінгі күні Батыстықтардың көпшілігі исламдағы атрибуттарға кеңпейілдік таныта алмайды. Ал мұсылмандар о бастан, яхудилер мен христиандарға қарағанда ешқашан өз уахиларын жалғыз ақиқат деп танытпаған болатын. Қазіргі кездегі исламды жазғыруға себеп боп жатқан төзімсіздіктері бір Құдайға деген бәсекелестіктен туып жатқан жоқ, көбіне басқа себептерге байланысты. Мейлі кім болсын, қу-атты Батыс елдері немесе араб билеушілері болсын, егер әділетсіздікке жол берсе, (мысалы, Иран шахы Мохаммед Риза Пехлеви секілді) мұсылмандар әділетсіздікке төзе алмайды. Құран ешқандай да басқа діни көзқарастарды жалған немесе жетілмеген деп айтпайды; әрбір пайғамбар, керісінше, өзінің алдындағының мұрасын мақұлдап, дамытады. Құранда Құдайдың жердегі барша халыққа елші жібергендігі айтылады. Ислам дәстүрі бойынша, мұн-дай елшілердің саны 124 мыңдай, бұл символикалық сан, есепсіз көптікті білдіреді. Осылайша Құран оның үндеуі жаңалық емес екендігін, мұсылман-дар екіжүзділікке салынбастан өз сенімдерінің ежелгі діндермен жақын-дығын мойындаулары керектігін үнемі қайталап отырады:(Кұран, 24:35.)
Мұхаммед мұсылмандарға жүздерін Иерусалимге емес, Қағбаға қаратып құлшылық қылуды бұйырды. Құбыланың ауысып, географиялық бағыттың өзгеруі кейінірек Мұхаммедтің ең батыл һәм жасампаз қадамы ретінде бағаланды. Құлшылықта жүздерін ежелгі екі уахимен еш байланы-сы жоқ Қағбаға бағыттай отырып, мұсылмандар үнсіз ғана өздерінің дәстүр-лі діндердің біріне де қатысы жоқ екендіктерін және тек қана бір Құдайға құлшылық ететіндіктерін негіздеді. Олар бір Құдайлық дінді қиратып жау-ласушы топтарға бөлген бұзықтардың сектасы емес. Ислам, керісінше иман еткендерді ең алғашқы муслим, Құдайға шын беріліп, оның құрметіне қаси етті үйді соққан Ибраһимнің түпкі дініне қайтарады: «Нағыз тура жолды тапқыларың келсе, яхудилердің немесе насара-лардың жүрген жолына түсіңдер», - деді олар. «Жоқ, біз, (Құдайға) шын берілген (ханифа) Ибраһимнің дініндеміз. Ол ешуақытта да (Жаратқан Иемізге) серік қоспаған!» - деп айтқын оларға, (уа, Мұхаммед). (Ей, иман келтіргендер), оларға және де былай деп айтыңдар: «Біз Аллаға және бізге түсірілген ақиқатқа иман келтіреміз. Ибраһим, Ысмайл, Ысқақ, Жақып және оның ұрпақтарына түсірілгенге, Раббылары тарапынан Мұса мен Исаға және басқа да пайғамбарларға берілген (ақиқи кітап-тарға) сенім білдіреміз. Біз олардың ешқайсысын да бөле жармаймыз. (Бір Аллаға) ғана бойсұнамыз».Әрине, адамдар жорамалдап жасап алған ақиқатты, Құдайды ұмыту – нағыз пұтшылдық.Мұсылмандықжыл санау Мұхаммедтің туған күнімен де, алғашқы уахи алған күнмен де басталмайды (жалпы алғанда мұнда жаңалық боларлықтай ештеңе жоқ еді), хижра жылынан, Мәдинаға қоныс аударып мұсылмандар иләһи қалауды өмірлеріне өзек етіп, сенімдерін қуатты саяси күшке айнал-дырған кезбен бастайды. Бұған дейін көзіміз жеткендей, Құран бойынша барлық мұсылмандар әділдік пен теңдік үстемдік ететін қоғам құрулары тиіс және мұсылмандар саяси міндеттеріне өте жауапкершілікпен қара-ды. Басында Мұхаммед саяси көсем болуды ойламайтын, бірақ алдын-ала болжап білу мүмкін емес бұдан кейінгі оқиғалар Пайғамбарды арабтардың жаңаша саяси проблемаларын шешуге итермеледі.Хиджра мен Мұхаммед-тің өлімінің (632 ж.) арасындағы он жыл барысында үмметті жер бетінен жойып жібергісі келетін меккелік құрайыштар және мәдиналық дұшпан-дарымен мұсылмандар тіршілік үшін табандылықпен күресті. Батыста М-хаммедті көбінесе қарсы шыққан халыққа күшпен исламды қабылдатқан қолбасшы бейнесінде қабылдайды. Ал шындығында барлығы керісінше болды: Пайғамбар өз өмірі үшін күресті, Құранда тіпті христиандықтың өлшемдеріне сай әділ соғыстың теологиясын дамыта алды және ол ешқа-шан дінін күшпен қабылдаттырған емес. Құран осы ойды анық жеткізеді: «(Пенде баласын) дінге мәжбүрлеп кіргізуге рұқсат жоқ..».Сонымен қатар Құдай Сөзі ұрыс-керіс пен жанжалға қарсы жеккөрінішті сіңіреді және әділ соғыс деп тек қана өзін-өзі қорғауды айтады. Кейде адамдарға шынымен игі іс үшін күресуге тура келеді. Мысалы, христиандар бірауыздан Гитлерге қарсылық көрсетті. Қалай болғанда да Мұхаммед өте үздік саяси талант иесі еді. Өмірінің соңында араб тайпаларының көп бөлігі үмметке қосылып үл-герді, алайда Мұхаммедтің өзі айқын білгеніндей, олардың «мойынұсынуы» (ислам) кейде жасанды, кейде саяз болды. 630 жылы Мұхаммедке Меккенің қақпалары да ашылды, пайғамбарға қан төгіссіз туған қаласын қол астына қарату нәсіп болды. Өлерінен аз уақыт бұрын 632 жылы Мұхаммед «қошта-су қажылығын» атқарды, бұл арабтардың пұтпарастық қажылығының мәнін өзгертіп исламның бес ұстынының біріне айналдырған қажылық болды.Содан бері әрбір мұсылман егер бұған кедергі болатын жағдайлар бол-маса, ғұмырында кемі бір рет қажылық жасауы тиіс. Әрине, қажылар ең әуелі Мұхаммедке құрмет көрсетеді, бірақ шынтуайтында қажылық санада Пайғамбардан гөрі Ибраһим, Исмаил және Ажарды жаңғыртады. Сырттай бақылаушыға қажылық бір қызық рәсім секілді көрінуі мүмкін. Әдеттегідей, жат жерліктер үшін бөтен елдегі әлеуметтік және діни дәстүрлер қызық бо-лып көріне береді. Дегенмен де қажылық көбінесе діни тәжірибенің ерекше толқынысын туғызады, сондықтан да ислам руханиятының әлеуметтік және жеке тұлғалық шегін тамаша көрсетеді.Қазіргі кезде белгілі уақытта Мек-кеге қажылыққа келгендердің арасында тек арабтар емес, барлық ұлттан мұсылмандар бар, осылайша басқа жұрттың адамдары да ежелгі арабтық ғұрыппен айналысуға мүмкіндік алды. Қажылардың бәрі дәстүрлі киімге оранып, нәсілдік және таптық айырмашылықтан ада күйде Қағбаға жақын-дап, әрбір мұсылман уақытша болса да күйбең тіршіліктің қамытынан бо-сайды. Олар эгоистік құмарлықтан арылып, бір ғана нәрсені назарға алып, бір бағытта қозғалатын үлкен қауымның ішіне сіңіп кетеді. Олар Қағбаға тәуап етпестен бұрын, «Я, Раббым құлдық ұрып қызметіңе келіп тұрмын» деп бәрі бірауыздан айқайлайды.Бұл рәсімнің терең сырын өте ғажап түр-де бақилық болған ирандық философ Али Шариати былайша жеткізеді: Қағбаға жақындап оны айнала тәуап ете бастағанда өзіңді ұшы-қиыры жоқ өзенге құйылып аға жөнелген бұлақтай сезініп кетесің. Бейне бір аяғың жерден көтеріліп, сені толқын алып бара жатқандай болады. Қуатты ағы-стың сүйреуімен заулай жөнелесің. Қағбаға жақындай түскен сайын сені жан жағыңнан сіресе қалған топ қыса түседі, ал сен болсаң осы сәтте қай-та туасың. Енді сен – Халықтың бөлшегісің, сен - тірі және мәңгі жасайтын адамсың.... Қағба - ғаламның шырағы, осы жарқыраған нұр сені өз орбитасына тарта түседі. Сен осы жаппай қозғалыстың бір бөлшегіне айналасың, және өзіңді ұмытқан күйі Құдайдың дәл қасында айналып жүресің. Сен көп өтпей еріп кететін түйіршікке айналасың. Міне, осы – шынайы махаббаттың ең биік шыңы!Яхудилер мен христиандар қауымдастықтың рухани маңыздылығын та-лай рет ескерткен еді. Сол сияқты қажылық та әр мұсылманға ортасында Құдай тұр деп саналатын қалың үмбетпен сіңісіп араласуға мүмкіндік бе-реді. Басқа да діндегі сияқты қажылықтың басты мұраты - тыныштық пен үндестік. Зияратшыға киелі мекеннің шекарасын бір қадам аттап өтсе жетіп жатыр. Сол сәттен бастап, кез келген зорлық ауыр күнә саналады. Киелі ме-кенде қажыларға дөрекі сөйлеуге болмайды. Тіпті жәндік өлтіруге тыйым са-лынады. 632 жылдың маусым айында қатты сырқаттанған Мұхаммет көп ұзамай көз жұмды. Оның қазасынан соң көптеген бәдәуилер үмбеттен бөлінгісі келді. Бірақ бұған дейін арабтардың саяси бірлігі нығайып алған еді. Көп ұзамай ең жүгенсіз деген тайпалардың өзі Бір Құдайлық дінді ақыр қабылдады. Мұхамметтің таңғажайып жеңісі арабтарға бірнеше ғасыр бой-ына жап-жақсы қызмет етіп келген бұрынғы мәжусилік сенімдерінің ендігі заманда пайдаға аспайтынын анық көрсетті. Аллаға деген сенім барлық дамыған дінге тән кісінің басқаға жаны ашу сезімін тудырды. Әлеуметтік теңдік пен бауырластық сезімі оның ең өзекті қасиеті саналды. Бұлжымас әділдік принципі әлі күнге дейін ислам идеалының негізгі сипаты болып тұр. Мұхаммедтің көзі тірісінде бұл идеалдың ішіне ер мен әйелдің тең құқығы да кірген еді. Қазір Батыс жұртында исламды бейне бір әйел затын бұрыннан жек көретін дін сияқты сипаттайтын көзқарас орныққан. Бірақ Алланың діні де христиандық сияқты әуелде әйел затына жайлы қараған. Исламға дейінгі жәһилет (надандық) дәуірінде «Кіндік кезеңге» дейін салтанат құрған әйелдерге деген теріс көзқарастың тамыры Арабияда тереңге кеткен еді. Мысалы көп әйел алу кең тараған болатын. Тұрмысқа шыққан қыздың өзі әкесінің үйінде тұра беретін. Ақсүйек әйелдерде ғана біраз бедел мен билік болды. Мысалы Мұхаммедтің әйелі Хадиша саудасы дөңгелеген кәсіпкер еді. Бірақ ол кезде көп әйел күңнің дәрежесінде күн кешетін. Олар-дың не саяси, не адами құқықтары болмады. Қала берді қыз баланы нәресте кезінде өлтіру қалыпты ғұрып саналды. Мұхаммедтің ізінен ең бірінші ергендердің ішінде әйелдер де болды. Ер мен әйелдің құқықтарын теңестіру пайғамбардың арманы еді. Бөбектерді өлтіруге Құран сөзі қатаң тыйым салды және қыз бала туылғанда бұлқан-талқан болатын арабтарды сөкті. Одан бөлек ажырасу мен мирас бөлісуде әйелдердің заңды құқықтарын орнықтырды. ХІХ ғасырдың аяғына дейін мұндай теңдік Батыс әйелдерінің түсіне де кірмеген еді. Мұхаммед үмбет ісін қалыпқа келтіруде әйелдердің белсенді болуын жігерлендірді сыйлады. Әйелдер ой-пікір ұсыныстарының жерде қалмайтынына сенімді болғандықтан пікірлерін ашық айтатын дәре-жеге жетті. Бірде мынадай оқиға болады. Мәдинадағы әйелдер пайғамбарға келіп «Құран игеруде ерлер бізден озып кетті. Мүмкін болса, қыз-келіншек-терге арнап Құраннан арнайы сабақ өтсеңіз. Біз де оқуда оларды қуып жет-сек» деп өтініш жасаған. Пайғамбар бұл өтінішті орындады. «Неліктен Құран тек ерлерге қарата сөйлейді? Біз де Құдайға бағынып тұрмыз ғой?» деген сұрақты әйелдер жиі қоятын. Нәтижесінде әйел мен ердің ар-намыс және рухани мәселеде тең құқықтығы туралы уахи енді. Содан бастап Құран тікелей әйел жұртына жиірек тіл қататын болды. Мұндай құбылыс еврейлер мен христиандардың киелі жазбаларында сирек кездесетін. Өкінішке қарай, христиандар сияқты исламда да еркектер дінді өздеріне бейімдеп, жекешелендіріп алды. Олар Құран мәтіндерін мұсылман әйелінің теңдігін жоққа шығаратын жолдармен тәпсірлеп тастады. Құран бүкіл әйелге жаппай бетіңді бүркеп жүр деп бұйырмаған. Ондай аят Мұхаммедтің әйелдеріне ғана қатысты енген еді. Бұл олардың ерекше мәртебесін айқын-дап тұру үшін керек болған. Алайда ислам діні әлемдік өркениеттен орын алып, іргесі бекіген соң бұл дәстүрді бүкіл әлемге таратты. Соның кесірі-нен әйелдер екінші дәрежедегі адамға айналып шыға келді. Арабтар әйелдердің бет-әлпетін бүркеп, гаремдерге қамап қоюды парсы жұрты мен христиандық Византиядан «жұқтырған» еді. Ол жақта әйелдер ежелден-ақ теңдік көрмей оранып, қамалып, тапталып жататын. Аббасидтер династиясы дүрілдеген дәуірде (750-1258) әйелдерінің жағдайы христиан мен еврей қауымындағы қыз-келіншектердің хәліндей өте мүшкіл болатын. Қазіргі кезде мұсылман феминистері еркектерін Құранның ілкідегі рухани өсиеті-не оралуға үндеп жатыр. Осының өзі барлық дін сияқты, исламды да түрлі жолмен тәпсірлеуге болады дегенді тағы бір еске салады. Сондықтан да уақыт өте келе исламның ішінен түрлі ағымдар мен бағыттар бөлініп шықты. Олардың ең біріншісі пайғамбардың күтпеген өлімінен соң билік үшін басталған текетірес еді. (Сүннилер мен шииттер) Көпшілік дауыспен Мұхаммедтің ең жақын досы Әбу Бәкір ең бірінші халиф болып сайланды. Бірақ біреулері пайғамбардың туысы әрі күйеу баласы Әбу Тәліптің ұлы Әлиді халиф тағында көргісі кел-ген. Әли Әбу Бәкірдің билігін мойындады. Бірақ Әбу Бәкір, Омар ибн Хаттаб, Осман ибн Аффан есімді алғашқы үш халифтің саясатына наразы болған кей мұсылмандар Әлиге деген адалдығын іштей сақтап жүрді. 656 жылы Әли ақыры халиф болып сайланды. Шииттер кейін уақыт өте келе Әлиді үм-беттің көсемі, бірінші имам деп танитын болды. Сүннилер мен шииттердің екіге жарылуы доктриналық емес саяи тұрғыдан басталды. Осының өзі сая-саттың мұсылмандардың Құдай туралы түсінігі мен діндерінде қаншалықты маңызды орын алғандығын тағы бір көрсетіп берді. Шиит-и-Әли «Әли-дің партиясы» үмбеттің ішінде азшылық боп қалды. Енді олар қарсылық ретінде өздерінің діни парыздары туралы түсініктерін айшықтауға кірісті. Шииттер Мұхаммедтің немересі Әлидің ұлы Хусейінді қайғылы өлімін өз-деріне символ етіп алды. Әли қаза тапқан соң Хусейн халифатты билеген Омейядтар әулетінің билігін мойындамай қойған еді. 680 жылы халиф Йа-зид Куфа қаласының жанындағы Кербаланың шөлінде Хусейіннің қасына ерген шағын әскерімен қырып жіберді. Сол шайқаста пайғамбардың неме-ресі де опат болды. Йазидтің мына қанды қырғыны бүкіл мұсылман жұртын шошытты. Осыдан бастап Хусейн шииттер үшін керек кезінде тирандарға қарсы қайтпай күресудің нағыз қаһарман үлгісі боп мәңгіге қалды. Бұл ке-зеңде мұсылмандар өздерінің империясын құра бастаған еді. Алғашқы ха-лифтерді сол кезде қуаты қайтып, шөгіп бара жатқан Парсы және Византия империясының қарамағындағы араб тайпаларына исламды тарату мәселе-сі алаңдатқан еді. Оммейядтар династиясы кезінде халифаттың шекара-сын Азия мен Солтүстік Африкаға дейін кеңітті. Бірақ бұл кезде исламның бұлайша қанат жаюына шабыт берген дін емес, арабтардың империялық пиғылы болатын. Жаңа империя құрамына ешкімді зорлап исламға кіргізген жоқ. Шын-дығында Мұхаммед дүниеден озған соңғы ғасырда басқаларды исламға кіргізуді ешкім қош көрмеді. Ал 700 жылдар шамасында тіпті басқаны ис-ламға кіргізуге заңмен тыйым салды. Мұсылмандар иудаизмнің Йақұбтың ұрпағына ғана нәсіп болғаны сияқты, ислам да арабтарға ғана бұйырған дін деп түсінетін. «Кітап иелері» (әһлі-китаб) саналғандықтан яхудилер мен христиандарға өз діндерін ұстанып жүре беруге рұқсат етті және азшылық ретінде қорғалатын зимми деген мәртебе берді. Ал Аббасидтер кезінде ха-лифтер басқа жұрттың исламға өтуін қош көрді. Сол кезде семит және ари тайпалары исламды қуана-қуана қабылдады. Ғайса пайғамбардың қорлық тартып өлім құшуы христиандықтың қалыптасуына қаншалықты рөл ойна-са, Исламның да осылайша сәтті дамуы оның қалыптасуына тура сондай дәрежеде ықпал етті. Осы дүниедегі жетістігіне жете қуанбайтын христи-андармен салыстырғанда мұсылманның жеке діни өмірі үшін саясат жат саналмайтын. Мұсылмандар өздерін Құдайдың қалауына сәйкес әділетті қоғам құруға міндеттіміз деп білді. Сол себепті де үмбетке ерекше қасиет-ті сипат дарытуға тырысты. Үмбет деген адамзатты әділетсіздік пен езгіден құтқаруға арналған және Құдайдың өзі үмбеттің сондай әрекетіне шапаға-тын төгіп тұрушы қасиетті «белгідей» қарайды. Үмбеттің саяси қабілетінің мықты болуы мұсылманның жеке рухани өмірі үшін де өте маңызды. Мыса-лы христиандардың дін қабылдарда теологиялық таңдау жасағаны сияқты. (Олар христиандықтың қай тармағын қабылдағаным жөн деп басын қаты-рады. Католик, протестант, методизм және баптизм) Христиандарға мұсылмандардың саяси белсенділігі қалай түсініксіз көрінсе, өздерінің шым-шытырық діни тартысқа жиі араласуы да мұсылман-дар мен еврейлерге дәл солай абсурд көрінеді. Қалай болғанда да исламның алғашқы тарихында Құдайдың заты тура-лы пікірлер мұсылмандарда билік пен халифаттың саяси ахуалына қатысты алаңдаудан туды. Христиандар үшін Исаның тұлғасы мен сипатына қатысты айтыс-тартыс қаншалықты маңызды болса, үмбетті кім басқарады және ол үшін адамның қандай қасиеті басты назарға алынуы керек деген сұрақтың айналасындағы пікірлер ислам доктринасын негіздеуде дәл сондай маңы-зға ие болды. Рашид халифалар кезеңі (әділетті төрт халиф) аяқталған соң, мұсылмандар Мәдинадағы ат төбеліндей жауынгер жамағатқа мүлде ұқ-самайтын жаңа дәуірде өмір сүріп жатқанын түсінді. Арабтар территория-сы шапшаң кеңейіп бара жатқан империяның қожайыны боп шыға келді. Енді олардың көсемдерін дүнияуи нығметтер көбірек қызықтырған сияқты. Ақсүйектер үлде мен бүлдеге оранды.
Мұсылмандар Құран мен шариғаттың қағидаларын қатаң сақтай отырып, өз ер-кімен діни парыздарын орындауға кіріседі:Менің сүйген құлым маған жақындау үшін не істесе де Мен оған міндет етіп жүктеген парыздарды жасамайынша, соншалықты жақын келе алмайды. Менің құлым Маған жету үшін міндеттелген борышынан да артық нәрсені жасауға бейіл. Мен оны жақсы көріп, сүйген құлдарымның қатарына қоспайынша, ол да әрекетін тоқтатпайды. Ол Менің сүйікті құлыма айналғанда, Мен де оның естір құлағына, көретін көзіне, ұстайтын қолына, жүретін аяғына айналамын!Яхудилер мен христиандардың Құдайы сияқты Алла да трансцендентті һәм жердегі тіршілікке да аралысып кете алатын имманентті Құдай саналады. Мұсылмандар өздерінің болмысындағы осы Құдайлық сезімдерді психотехникалық амалдар арқылы тәрбиелеп өсіре алады. Олардың осы әдістері яхудилер мен христиандардың діни тәсілдеріне қатты ұқсайтын. Мұхаммедке еліктеу арқылы тақуалық жолды ұстанатын мұсылмандар типін әһлі-хадис (дәстүршілдер, традиционалистер) деп атайтын. Олар барлық адам тең деген әділдік принципін ұстанатындықтан қарапайым жұртты қатарына көптеп тарта білді. Дәстүршілдер Оммеядтар мен Аббасидтердің ас та төк шылқыған өмірін қолдаған жоқ. Бірақ шииттердің бүлікшіл так-тикасын да қоштамады. Әһлі-хадистердің пікірінше, халифтердің ерекше рухани қасиетпен дараланып тұруы міндетті емес. Халиф – бар болғаны ұйымдастырушы қарапайым әкім. Олар Құран мен сүндеттің иләһи сипаты-на ерекше мән бере отырып, әр мұсылманның Құдаймен тікелей байланыс орнатуына септесетін құрал ұсынды. Бірақ мұндай діндарлықтың ішінде аб көзқарасына қарсы болу сияқты сандырақ деп қабылдады. Шииттер болса, ойларын христиандағы тірілу көзқарасына барынша жақын сипатта дамытты. Хүсейіннің трагедиялық өлімінен кейін шииттертек Әли бин Әбу Тәліптің тегінен өрбігендер ғана үмбетке билік жүргізе алады деп мәлімдеді және исламның ішіндегі бөлек бір мәзхабқа айналды. Әли Мұхаммедтің немере інісі және күйеу баласы болғаны үшін онымен туы-стық байланысы бар еді. Пайғамбардың перзенттерінің бәрі сәби кезінде шетінеп кеткендіктен, оның бас көтерер еркек туысы Әли ғана еді. Құранда пайғамбарлар Құдайдан ұрпағына нығмет беруін жиі сұраған. Шииттербұл ұғымның аясын кеңейтіп, тек Мұхаммедтің Әлиден тараған отбасы нәсілінің (әһлі бәйт) тікелей иләһи білімге (ілім) ие екеніне сене бастады. Олар Үм-меттітек иләһи нұсқаумен ғана билейтін еді. Әлидің бір ұрпағы билікті қолына алса, мұсылмандар әділетті Алтын Заманда тіршілік етер еді және үммет Құдайдың қалауына сай басқарылар еді деп сенетін. Әлидің жеке тұлғасына деген сүйіспеншілік таңғаларлық дәрежеге жет-ті. Радикалды шиит топтары Әли мен оның тегін Мұхаммедтен де жоғары қойып, оларды тіпті Құдайдай көрді. Бұл үрдіс көркем бір иләһи нәсілден өрбіген таңдаулы отбасына қатысты антикалық Иран дәстүріне ұқсайтын. Омейядтар кезеңінің соңына қарай кейбір шииттеркемел ілімнің тек Әлидің нәсіліне нәсіп болғандығына сене бастады. Мұсылмандар үмметтің нағыз Имамы Құдайдың назары түскен осы отбасынан шығады деп иланды. Билік құрсын-құрмасын, мұсылмандар оның жетегіне еруге барынша мұқтаж. Әр мұсылман оны іздеп тауып, мойынсұнуға міндетті. Халифтер бұл имамдар-ды билікке қарсы оппозиция ошағы ретінде көргендіктен, оларды билік-тің дұшпанына балады. Шииттердің сөзіне қарағанда, имамдардың көбісін улап өлтірді, біразы жасырынуға мәжбүр болды. Әр имам опат болған кезде оның ілімін кейінгілер мирасқа алып қалуға тиіс еді. Таңдау олардың бір туысқанына түсіп отырды. Біртіндеп имамдарды иләһи күштің аватарына(бейне) балай бастады. Олардың әрқайсысы Құдайының дүниедегі болмы-сының айғағы (хужжат) еді және жасырын түрде адам бойында иләһи қа-сиетті тірілтеді. Оның сөздері, әмірі мен бұйрықтары Құдайдан келеді. Хри-стиандардың Исаны адамдарды Құдайға бастайтын Жол, Хақиқат және Нұр деп санайтыны сияқты шииттерда имамдарға Құдайдың қақпасы (баб), жол (сәбил) және әр ұрпақтың көсемі ретінде құрмет көрсетеді. Шииттік әр ағым осы Құдайлық тізбекті өздерінше жалғады. Мәселен, он екі имам шиитлары Әлидің Хүсейіннен тарайтын он екі немересін қабыл-дады. 939 жылы соңғы немере имам жасырынып, жоғалып кетті. Кіндігінен өрбіген перзенті қалмағандықтан, одан тарайтын тізбек тоқтады. Жетілік деген атпен танылған Исмаилиттер осы имамдардың жетінші буынының соңғы имам екендігіне сенді. Он екі имам шиитлары арасында мәсіхшіл бір түсінік туды. Он екінші немесе Ғайып Имамның «Алтын Заман» орнату үшін қайта келетіндігі сенімі тарады. Бұлар ашықтан-ашық қауіпті ойлар еді. Ол тек саяси тұрғыдан ғана қауіпті емес еді. Сонымен бірге дөрекі, қарабайыр жорамалдардың да көбеюіне жол ашты. Кейбір шектен шыққан шииттерба-тини (ішкі сезім) жолды дамытып, Құранның символдық тәпсіріне мән бере бастады. Бұл туралы келесі тарауда сөз болады. Шииттердің сенім жүйесі басқа мұсылмандарға қарағанда шым-шытырық сипатымен ерекшеленетін. Мұсылмандар олардың қайта тірілу қағидасын қисынсыз бір сандырақ деп санады. Шииттер көбінесе ақсүйектер табы мен зиялылар арасынан шықты. Ирандағы төңкерістен кейін Батыс жұрты шиитларды Исламның ескіден келе жатқан радикал мәзхабы ретінде қабылдайды, бірақ бұл тұжырым-ның өзі дұрыс емес. Шииттік софистикалық дәстүрге жатады. Шындығында шииттердің Құранды ақылға сүйеніп (рационалдық) тәпсірлеуге тырысқан мұсылмандармен бірнеше ортақ тұстары бар еді. Мутазила деген атпен та-нылған бұл топ бөлек мәзхаб қалыптастырды. Олардың саяси көзқарастары барынша қатаңдығымен ерекшеленді. Шииттер сияқты, Мутазила да сарай-дың салтанатты өмірін өткір сынады және билік жүйесіне қарсы жиі-жиі саяси наразылық танытып отырды. Құдайдың адам ісіне жөн сілтеуі мәселесінде саяси түйткілдер теоло-гиялық тартыс тудырды. Омейядтардың қолдаушылары еш шімірікпей, Исламға сай келмейтін мінез-құлықтың өз міні емес екендігін, Құдайдың өздерін солай жаратқандығын алға тартатын. Құран Құдайдың әр нәрсеге күші жететінін және әр жерде әзір әрі нәзір (көруші) екендігін жиі-жиі тілге тиек етеді. Бірнеше мәтін билеушілердің билікке қатысты көзқарастарын қорғау үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ Құрандағы табанды тұжырымдар адамның жауапкершілігі мәселесінде де көрініс табады: «Шындығында адамдар өздерін өзгертпейінше, Алла оларды өзгертпейді». Жүйені сынап келгендер соңында ерік-қалау мен ахлақи жауапкершіліктің мәніне тоқта-латын. Мутазила орта жолды ұстанып, бір мәселеде ұшқары кетуден тарты-нып отырды (и’тазабу, аулақ тұру). Адамның ахлақи қасиетін қолдау үшін қалау еркіндігін қорғап шықты. Құдайдың қарапайым, жаңсақ-дұрыс сияқты пенделік ұғымдардан пәк екендігіне иланған мұсылмандар Оның әділетіне шек келтірген сияқты болар еді. Бүкіл жалаң ережелерді бұзып, олардан арылған Құдай қатыгез билеуші кейпінде тек бір жыртқыш болуы мүмкін еді. Шииттер сияқты, Мутазила да әділеттің Құдайдың мәйегі екендігін алға тартады. Ол ақылға кереғар құбылысты қабыл етпейтін-ді. Мутазила ағымы адам өз тағдырын өзі жасап, өзі жаратады деген көзқа-расқа бекіген. Олардың осы мәндес ойлары Құдайдың Құдіретті Жаратқан (қадир-и мұтлақ) сипатына қайшы келеді. Яғни дәстүрлі ағымдардың түсіні-гіне теріс түседі. Дәстүршілер Мутазиланың Құдайды тек ақылдың күшімен тануға болады деген ойынан және Оған толығымен адамдық сипаттарды бергенінен тіксініп қалды. Олар Құдайдың затына ақыл жетпейді деген түсінікті орнықтыру үшін тағдыр алдын-ала жазылып қойған деген қағида-ны қабылдады. Егер Оны танып-білдік десек, бұл ойдың өзі Құдай емес, жай бір адамның түсінігі ретінде қалады. Құдай адамдардың қарабайыр дұрыс-бұрыс деген ұғымдарынан пәк. Оны біздің өлшеміміз бен тұжырымдары-мыз арқылы тану мүмкін емес. Бір әрекеттің жаман не жөнсіз екенін ада-ми қасиеттердің артықшылығы арқылы аңғара алмаймыз. Оны Құдайдың жазмышы ретінде бағалау жеткілікті. Мутазила адамдық идеалға айналған әділетті Құдайдың мәйегі деп танытқан сәтте ағаттыққа ұрынды. Христи-андарды да толғандырған тағдыр мен қалау еркіндігі мәселесі адами си-патпен көмкерілген Құдай идеясына келгенде қиындай түсті. Брахман си-яқты, адамдық сипаттан ада Құдай ой жетпейтін иләһи болмыстың пердесі сияқты көрінетін «жақсы» және «жаман» ұғымдарынан ұзақ тұруы мүмкін. Бірақ жасырын түрде адами сипатқа енген және адамзат тарихында ықпал-ды рөл атқарған Құдай келе-келе сынға ұшырай бастады. Мұндай «Құдайды әдеттегіден тыс қатыгез билеуші немесе тергеуші етіп көрсету және оның біздің қалауымызды орындауын күту өте оңай. «Құдайды кісілік көзқарасы-мызға сай консерваторға немесе социалистке, нәсілші немесе төңкерісшіге айналдыра аламыз. Бұл қауіп кейбіреулерді адами сипатқа ие Құдайға дін-нен тыс құбылыс ретінде қарауға алып келді. Өйткені мұндай көзқарас бізді соқыр сеніміміздің құрбаны қылады және біздің адамдық ойларымызды тереңдете түседі. Дәстүршілдер бұл қауіптен сақтану үшін әрі яхудилер, әрі христиандарда ескіден бері келе жатқан Құдайдың заты мен әрекеті арасындағы айырым-ды қолға алды. Бұл сипаттамалардың кейбірі тылсым Құдайды әлеммен бай-ланыстыруға жарады. Ал Құранда билік, білім, қалау, есту, көру және сөйлесу сияқты сипаттардың Аллаға тән екендігі айтылған. Дәстүршілдер бұлардың Құран сияқты жаратылмағандығын, ежелден бері Оның сипаттары екенін алға тартты. Бұлар Құдайының танылмаған, әрқашан біздің түсінігімізден тыс қалған затынан бөлек сипаттар. Яхудилердің «Құдай - Дана болмыс» не-месе «Тәурат дүние жаратылмай тұрып Құдаймен бірге бар еді» деп ойлаға-ны сияқты мұсылмандар да осы кезде Құдайының адами сипаттары мәсе-лесінде Оның толықтай адам ақылына сыймайтындығы туралы көзқарасты жетілдіріп жатыр еді. Халиф әл-Мамун (813-832) Мутазила жағына шығып, олардың көзқарастарын Исламның ресми көзқарасына айналдыруға тал-пынбаса, бұл ойлар тек бір шоғыр адамға әсер еткен болар еді. Бірақ Ха-лиф Мутазила көзқарасын қабылдату үшін Дәстүршілдерді қыспаққа алған соң, қарапайым кісілер мұндай Исламға жат әрекеттен қорқа бастады. Ах-мад ибн Ханбал (780-855) әл-Мамунның қыспағынан әзер құтылды. Ол ке-меңгер Дәстүршіл әрі халық қаһарманы ретінде тарихта қалды. Тіпті өзін азаптаушылар үшін де дұға етті. Ханбалдың қасиеті мен харизмасы Халифті жекпе-жекке шақырған кезде көрінді. Оның «Құран жаратылмаған» қағида-сы Мутазиланың шектен тыс ақылшылдығына қарсы халық наразылығының құпия сөзіне айналды. Ибн Ханбал Құдайы туралы қандай да бір рационалдық тартысқа түсу-ден бас тартты. Осылайша байсалды Мутазила әл-Хуайан әл-Қарибиси (ө. 859) «шындығында Құран Құдайдың сөзі ретінде жаратылмаған, бірақ адам
239оқыған кезде жаратылған қыры пайда болады» деп бітімге шақырған көзқа-рас ұсынғанда, Ибн Ханбал бұл пікірді де жоққа шығарды. Әл-Қарибиси өз көзқарасын жетілдіруге дайын еді. Ол «Құран араб тілінде жазылды және оқылды. Егер бұл тіл Құдайдың ежелдегі сөзінің бөлшегі болса, онда Құран жаратылмаған» деген көзқарасты алға тартты. Ибн Ханбал бұл ойды да іске алғысыз етіп тастады. Өйткені мұндай рационалды таныммен Құранның түп-төркіні жайлы ой толғау қауіпті. Рационалды тәсіл ақылға сыймайтын Құдайды танып-білуге жарамайды. Ол Мутазила Құдайды бүкіл жасырын сипаттарынан арылтып, Оны ешқандай діни мәні қалмаған дерексіз фор-мулаға айналдырды деп кінә тақты. Ибн Ханбал Құранның Құдайдың осы әлемдегі іс-әрекетін сипаттағанда немесе «сөйлегенін», «көргенін», «тағын-да отырғанын» түсіндірген кезде не антропологиялық терминдермен ай-тылғанда, осы сөздер тілдік мәнінде (била кәйф) қолданылуы қажет деген пікірінде табандап тұрып қалды. Бәлкім, оны Афанасий сияқты радикал хри-стианға ұқсайды деуге болатын шығар. Өйткені Афанасий де тірілу қағида-сын түсіндіру кезінде рационалистік бұрмалауларға қарсы тұрды. Ибн Хан-бал Құдайдың болмысын қисын мен ұғым арқылы ұғыну, Құдайдың затына ой жетпейді деген ұстанымнан ауытқыған жоқ. Дегенмен, Құранда әрдайым білу мен ұғудың маңызы жиі айтылатын-дықтан, Ибн Ханбалдың көзқарасы қарабайырлау көрінеді. Бірқатар мұсыл-мандар оның ойларын теріс және кедергі қоюшы деп тапты. Әбу әл-Хасан ибн Исмаил әл-Ашари (878-941) да бітімге келуге шақырды. Әшари Мута-зила болып жүргенде түсінде Пайғамбардың оған Хадиспен айналыс деп бұйырғанын көріп, Дәстүршіл болған. Сөйтіп Мутазила Исламның бәлесі деп пәтуа шығарды. Содан кейін тағы бір түс көрді. Мұхаммед оған ренжіген сыңай танытып, «Мен саған ақылшы көзқарастан бас тарт демеп пе едім, тек хадистің шындығын негізде деп едім ғой» деді301. Осыдан кейін Әша-ри Ибн Ханбалдың агностикалық (танылмайтын) ұстанымын қорғау үшін Мутазиланың рационалистік тәсілін қолданды. Мутазила Құдайдың уахила-рын ақылмен қамту мүмкін десе, Әшари Құдайдың біздің ұғымымыздан тыс екендігін дәлелдеу үшін ақыл мен қисынды қолданды.Мутазила Құдайды жүйелі бірақ жансыз концепциямен түсіндіруге ойысса, Әшари Оның (Алла) ақылға қонымсыз қайшылығына қарамастан, Құрандағы кәміл Құдайға қайтуды мақсат тұтты. Ол Дионисий Ареопагит секілді, қайшылық адамдар-дың Құдайға деген құрметін күйшейтеді деп сенді. Әшари Құдайды кез келген адамнан туатын идеялар секілді талқылап немесе талдап отыратын абстрактілі таным деңгейіне түсіруден бас тартты. Білу, билік ету, бар болу секілді тағы да басқа иләһи сипаттар – ғасырлардан бері Құдайға тән боп келген анық ақиқаттар болатын. Алайда бұл сипаттар Құдайдың затынан бөлек еді, өйткені Құдай затында жалғыз және күрделі емес, ешнәрсеге ұқ-самайтын. Күрделі бір болмыс ретінде түсінілмейтін, қарапайымның нақ өзі: Оның көптеген сипаттарын жеке жеке алып немесе Оның затын бөлшектеп талдап, анықтама беру мүмкін емес. Әшари бұл парадоксты шешуге деген талпыныстың бәрінен бас тартатын. Ақыры Құранда Алла өзінің «тағында отырады» деп айтылды да, мінсіз-пәк рухтың «отыруын» елестете алмасақ та мұны бұлжымайтын факт ретінде қабылдауға тура келеді. Әшари мақсатты обскурантизм мен шектен шыққан рационализм ара-сынан орта жол табуға тырысты. Мәтіншілдердің кейбіреуі тіпті Алланың физикалық бейнесі бар деп сенді, өйткені Құранда турашылдар Құдайды жоғарыда көреді, делінген-тін. Хишам ибн Хаким қатты кеткені соншалықты: Алланың белгілі, ұзын, кең әрі жоғары, бар бағытта теңдей үлкен, нұр шашқан, үш түрлі өлшемде де үлкен, мекеннен тысқары мекенде, таза ме-талл құймасы секілді, бар қырымен інжу секілді жарқыраған, түс, дәм, иіс және сипап сезу дарыған денесі бар . Кейбір шииттік топтар бұл көзқарастарды қабыл алды, өйткені имамдар-да Құдайлық инкарнация бар деп сенетін. Мутазила, мысалы, Құрандағы «Алланың қолы» жайлы айтылғанды аллегориялық жолмен ауыспалы мағы-нада Оның (Алла) шексіз жомарттығы немесе кеңдігі деп түсіну керек деп табандылық танытты. Әшари, адамдар Құдайы жайлы тек қана символдық тілмен сөйлей алады деген Құрандағы аргументтерге сүйене отырып, мәтін-шілдердің жорамалдарын қабыл алмады. Сонымен қатар рационалды ұста-нымды тұтасымен жоққа шығаратын дәстүршілдермен (традиционалист) де келіспейтін. Оның басты аргументі мынау еді: Мұхаммед мұндай пробле-малармен бетпе-бет келмеді, егер бетпе-бет келгенде мұсылмандарға жол көрсетер еді, ақыры мұндай шешім қалдырмаған екен, Құдай жайлы ақиқат танымға қол жеткізу үшін барша мұсылмандар аналогия (қиияс) арқылы пайымдаулары қажет.Әшари табанды түрде ымыраға жеткізетін позицияны таңдады. Ол Құран-ды мәңгі және жаратылмаған Құдайы Сөзі екенін дәлелдемек болып тек қағаз, сия және дыбыстары жаратылған деді. Әшари Мутазиланың адам-ның еркі жайлы доктринасын сынға алды. Оның ойынша, тек Құдай ғана адам әрекеттерінің барлығының «жаратушысы» бола алады. Бір жағынан ол дәстүршілдердің адам өзін құтқаруда ешқандай да рөл ойнамайды деген көзқарастарын жоққа шығарды. Әйткенмен Әшаридің ұсынған шешімі қай-шылықты көрінді: Құдай адамның бар әрекетін жаратады, әйтсе де адамға әрекетіне сәйкес сый мен жазаны иеленуге мүмкіндік береді.Біраққалай болғанда даИбн Ханбалмен салыстырғанда Әшари «Құдай» деп аталатын танып білу мүмкін емес, тылсым Ақиқатты құрғақ пайымның қалыбына са-лып түсінуге тырысуды қате десе де, түрлі сұрақтардың соңына түсіп, көп-теген метафизикалық проблемалардың шешімін табуға талпынды.Әша-ри кәлам (сөзбе сөз: «сөз» немесе «сөйлесу») деп аталатын мұсылмандық дәстүрдің негізін қалады. Әдетте мұны «теология» деп аударады.Х-ХІ ға-сырларда Әшаридің ізбасарлары кәлам методологиясын дамытты. Алғашқы Әшарилер Алланың жоғары билігі жайлы қисынды түрде пайымдауға мүм-кіндік беретін метафизикалық жобасын жасауға тырысты. Әшарилік мек-тептің алғашқы атақты теологы Әбу Бакр әл-Бақыллани (1013 ж.ө.) болды. «Таухид» («Бірлік») атты еңбегінде Бақыллани, мутазилиттердің адамдар Құдайдың барлығын рационалды пайым жолымен логикалық тұрғыдан дәлелдей алады деген тұжырымдарымен келісті. Өйткені Құранда Ибраһим мәңгі Жаратушыға табиғаттың тәртібі жайлы тынымсыз ойлану арқылы жетті.Бірақ Бақыллани адам уахидың көмегінсіз жақсы мен жаманды айыра алады дегенді мойындамайды. Өйткені бұл категориялар қоршаған әлемде жоқ адамдар үшін мұны Құдай бекіткен: бірақ Алланың өзі адамдардың дұрыс пен бұрыс жайындағы түсінігіне сыймайды. Ислам сенімінің метафизикалық негіздемесін табуға талпынып, Алладан басқа Құдай да, Ақиқат та, шынайы ештеңе де жоқ екенін негіздейтін «ато-мизм» немесе «окказионализм» деп танылған теорияны қалыптастырды. Ол әлемдегі барлық нәрсе тұтасымен тікелей Құдайдың назарына тәуел-ді дейтін. Бақыллани әлемді сансыз тәуелсіз атомдардың жиынтығы деді: уақыт пен кеңістік үздіксіз емес және ешбір нәрсе өзіне тән ерекшелікке ие емес. Құбылысқа толы ғаламды Бақыллани дәл Афанасийдағыдай ради-калды түрде жоқтыққа теңеді. Тек Құдай ғана – Ақиқат, тек Ол ғана бізді жалпыға ортақ бостықтан құтқарады. Ол ғаламның тірегі және әрбір сәтте жаратылысқа жан беріп тұрады.Ғаламның тұрақтылығын айқындап беретін ешқандай да табиғат заңдылықтары жоқ. Көптеген мұсылмандар ғылымда үлкен жетістіктерге жетсе де, Әшарилік негізінен дінде маңызды рөл атқарғанымен, жаратылыстану саласына түбегейлі қарсы болды. Құдайдың әлемге қатыстылығын әдепкі ұсақ-түйек құбылыстарға дейін өріп шыққан әрі мұсылмандарға иман қалыпты логикаға бағынбайды деген ойды жеткіз-гісі келген. Ол бұл тұжырымын метафизикалық түсіндірмеге салуға тырысты. Ақиқаттың фактіге жүгінген баянынан гөрі өз алдына бөлініп шыққан сала ретінде Әшарилік теология мұсылмандарға Құран мақұлдайтын «саналы Құдай» түсінігін қалыптастыруға көмектесті. Мұның әлсіз тұсы табиғатында толқымалы діни хәлді сөзбе-сөз тәпсірлеуге тырысып, ғылыми дәйектерді еш назарға алмауында еді. Мұндай ұстаным мұсылмандардың Құдайға де-ген көзқарастары мен басқа жаратылысқа қатысты қатынастары арасында сына боп қағылды да аралары алшақтап кетті. Тіпті мұ-сылмандардың бірі Құран қатал түрде сынаған христиандықтағы Исаның Құдайға теңелуі секілді инкарнация сеніміне жүгінді. Исламның батылдығы көрсеткендей, трансцендентті тұлғаланған Құдай танымы өзгеріссіз бір проблеманы қайта туғызды және бірдей шешімге итермеледі.Кәламтәжірибесі айғақтағандай, рационалды пайым арқылы жүзеге аса-тын логикалық әдіс «Құдайдың» танылмайтындығын делелдеуде кәдеге жарағанымен, бұл метод көптеген мұсылмандарды толғандырды. Исламда кәлам бәрібір батыс христиандықтағы теология сияқты емес. Алғашында мутазилиттерді қолдаған Аббас әулетінің халифтері көп өтпей олардың доктриналарын мұсылмандарға таңа алмайтындарын түсінді. Халық оларды «қабылдамай қойды». Рационализм исламдық ой-танымға орта ғасырдың бүкіл кезеңінде ықпал етіп келді, алайда мұсылмандардың көп бөлігі бұған күмәнмен қарады. Сондықтан ақылды басшылыққа алғандар әрдайым аз-шылық болып қалды.Иудаизм мен Христиандық секілді, ислам да Семит-тік тәжірибе негізінде пайда болды. Алайда Таяу Шығыстағы эллиндік ор-талықтарда грек рационализмімен қайшылыққа түсті. Кейбір мұсылмандар Исламдық Құдайды тамыры терең әрі радикал эллиндик философияның негізінде қайта қарауға күш салып, монотеистік үш дінге де жаңаша фи-лософиялық қалыптар әкелді. Нәтижесінде Исламда, Яхудилікте және Хри-стиандықта Құдайлық тылсымды игеруде философияны маңызды санайтын әртүрлі, бірақ таңғажайып көзқарастар қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет