Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.
Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).
Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.
Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, TokenRing жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi. Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.
Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.
Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгeқосудың Direct СаЫе Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалғау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ.Компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.
Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.
Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданылғанымен, электрондық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Тікелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.
Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергiлiктi желiнiң eкi түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.
Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.
Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортақтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекшелiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.
Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows ХР Professional операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрылғы ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.