Ххі ғасыр ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал



бет1/17
Дата17.12.2022
өлшемі2,37 Mb.
#57814
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Техника сату


КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры.Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т.б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал. Көптеген адамдар немесе қызмет орындары өз сайттарын құруға тырысады. Себебі, әсіресе, сауда-саттық орындары нарыққа шығудың сәтті жолдарын іздейді. Интернеттегі сайттың өмір сүруі оның оқушыларына, қолданушы клиенттеріне байланысты. Сондықтан, сайттың қызықты әрі толық ақпаратты бере алуы ресурс тақырыбы қызықтырған бірнеше адамдар тобын жинайды. Яғни, аудиториясы күннен-күнге кеңейеді және сауда - саттық орнына табыс әкеледі.


Қазіргі таңда Бүкіл Дүниежүзілік өрмек – мыңдаған адамдар үшін ақпарат алмасу ортасы болып табылады. Олар мәтіндерді, бейнелерді, дыбыс және ақпараттарды қолдана отырып, жылдан жылға web беттерін күрделендіре түсуде. JavaScript – бұл қолданушылардың қарым-қатынастарының мүмкіндіктері мен функционалдығын арттыру үшін HTML құжатының құрылымында қолданылатын жаңа программалау тілі. JavaScript Web-беттерді құруға өте ыңғайлы тіл болып cаналады. HTML интернет сәнінің негізі болып табылады. Желідегі виртуальді журналдар парақтарында, теледидар бағдарламаларында, Интернетке қатысты талқыланған әдемі суреттер, Web-парақтардың интерактивтілігі, браузерді өңдеуші фирмалар арасындағы (Netscape және Microsoft) қақтығыс, бизнес, ойындар және т.б. жайттар гипермәтін тілімен байланысты деп айтуға болады.
Сапалы интернет-жоба белгілі бір кәсіптің жарнамасы бойынша мақсатты тыңдаушыларға бағытталған ауқымды мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді, бұл оның тиімділігі мен көп деңгейлі қайырымдылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Интернет-сайтты өңдеу бойынша басты артықшылық - қызметтер бағасы. Интернет-ресурсты құру, орналастыру және дамыту басқа ақпарат құралдарына қарағанда арзанырақ. Осылайша Web-сайт кәсіпкерлік жарнама мен маркетингтің ажырамас құралы болуы, пайда мен қызметтер сапасын ұлғайтуы мүмкін.
Дүние жүзінде өте көп ақпарат әр түрлі сұрақтар бойынша жиналуда. Сондықтан да Интернет коммерция мәселесі бүгінде өзекті мәселе болып саналады. "Технодом" сауда орталығының қызметі бизнесінде жеке электрондық техника интернет-дүкені сайты болуы қажет. Себебі, қолданушы сол интернет-дүкені сайтына отырып, оған қажетті мәліметтерді алады және сатып алуға тапсырыстар бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет