Сонымен қазіргі мұғалім:
педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
оқушыларменортақтілтабысаалатын;
білімді, іскер, шебер болу керек.
ХХІ ғасыр мектебі және оның мұғалімі дайындаған жаңа ғасырдағы оқушы қандай болуы керек?
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға ретінде өзіндік көзқарасы бар, сыни ойлай білетін, өз білімін жетілдіруге мүдделі, өзінің алдына нақты мақсаттар қоя білетін, өз білімін кез-келген ортада іске асыра отырып, пікірін еркін жеткізе алатын болуы керек.
ХХІ ғасырдағы оқушы:
дүниетанымқабілетіжоғары;
алдына қойған жоғары мақсаттарға қалай қол жеткізуді білетін;
оқуға барынша ынталы болып, қызығушылық танытатын;
өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын;
білім беру бағдарламасынан тыс мәселелерді үйренуге ұмтылатын.
ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқушы бойында білімді қалыптастыру қандай маңызды болса, дағдыны қалыптастырудың маңызы да сондай деңгейде деген ойлар жоғарыда айтылған болатын. Жалпы дағдыны қалыптастыру арқылы оқушы бойында қандай құнды дүниелер қалыптастыра аламыз? Алдымен дағды сөзінің мағынасына көз жүгіртер болсақ,дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Сонымен, дағды – бұл оқушының белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға машықтануы.
ХХІ ғасырда оқушы бойында қалыптастыру керек дағдылардың моделі
Сыни ойлау(ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді)
Бірлескен жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |