Хүі -ғасырдың басында Германияда таптық қатынастар айрықша күрделігімен көзге түсті. Нарықтық қатынастар феодалдар табының арасында әлеуметтік алшақтықты күшейте түсті



Дата27.11.2023
өлшемі16,4 Kb.
#129289
түріСабақ
Байланысты:
тапсырма 3


Сабақтың тақырыбы:Германиядағы реформациялық қозғалыстың идеологтары: Мартин Лютер, Томас Мюнцер еңбектеріне аннотация даярлау.
ХҮІ -ғасырдың басында Германияда таптық қатынастар айрықша күрделігімен көзге түсті. Нарықтық қатынастар феодалдар табының арасында әлеуметтік алшақтықты күшейте түсті. Феодалдардың ішіндегі үстем тобы империялық княздар: архиепископ, епископтар және неғұрлым ірі аббаттар болды. Императорлық биліктің құлдырауымен, олар тәуелсіз мемлекеттерді құрады. Бұларға қарама – қарсы, ұсақ феодалдар, әсіресе, рыцарлардың жағдайы өте ауыр болды. Атылатын оқтың ойлап табылуы және жаяу әскер ролінің өсуімен рыцарлардың орны төмендей бастады. Қалалықтардағы үстем топ: қала аристократиясы, патрициат қала билігін өз қолына алса, қалалық орта топты қала бюргерлері құрады. Қаланың көпшілік тұрғындары плебейлерден тұрды. Неміс қоғамындағы сан жағынан ең көбі феодалдық езгіге көп ұшырағаны шаруалар болды. ХҮ ғасырдың аяғы ХҮІ- ғасырдың басындағы неміс тарихы шаруалардың әлеуметтік қозғалысына толы. Шаруалар өздерінің қозғалысына ұйымдасқан сипат бергісі келіп, ұйымдар мен одақтар құрды, бағдармалар қабылдады. Солардың ірілері шаруалардың “Башмақ одағы” және “Кедей Конрад” одақтары.
ХҮ ғасырдың аяғы ХҮІ ғасырдың басындағы Германияның ең ауыр проблемасы – елдің бұрынғысынша бытыраңқы күйде сақталуы еді. Император Максимилиан І Габсбург (1493-1519) өзінің көне иелігін едәуір кеңейтті, соған қарамастан орталықтанған билік құру мүмкін болмады. Жаңа император Максимилиан І –нің немересі Карл Ү (1519-1555) –нің империядағы жағдайы өзіндік ерекшеліктермен қалыптасты. Біруақытта Испанияның королі (шешесі жағынан Фердинанд пен Изабелланың немересі ретінде) болғандықтан Карл Ү Европадағы ең құдыретті монархтардың бірі болды.
Бірақ, оның бірнеше елдін корольі болғандығы жағдайының (Испания, Германия, Нидерланды, Италия т.б.) Германияның орталықтануы үшін пайдасынан гөрі зияны көп болды. Көбіне ұлы державалық жоспарлардың жетегінде кетіп және Француз корольі Францискі І-мен күрестен қолы босамаған Карл Ү- нің, ішкі герман істерімен айналысуға уақыты да қалмай, мұршасы да жетпеді. Ол императорлық билікті нығайтпақ түгілі, билік құруының соңында императорлық биліктің беделін онан сайын түсірді.
Орта ғасырлардың соңына қарай Германияда католик шіркеуі де айрықша артықшылық жағдайларда болды. Басқа Европа елдерінің бірде бірінде католик шіркеуі Германиядағыдай, өзін нық және еркін сезінген жоқ. ХҮІ- ғасырдың басында 20 дан астам Герман прелаттары (Архиепископ, епископ, ірі аббаттықтар) біруақытта территориялық империялық князьдар болды. Күшті орталықтанған король өкіметі болмағандықтан, императорлық биліктің құлдырауымен рим тайпалары елді шексіз тонау мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, неміс қоғамында шіркеу мәселесі жалпы халықтық ұлттық проблемаға айналды. Сондықтан, неміс бюргерлік оппозициясының өкілдері өздерінің сын садақтарын ең бірінші кезікте католик шіркеуіне қарсы бағыттады.
ХҮ-ғасырдың аяғы ХҮІ-ғасырдың басында Германияда гуманизмді жақтаған жазушылар мен ғалымдардың саны көп болып, үлкен қоғамдық күшке айналды. Барлық университеттерде дерлік гуманисттердің азды- көпті жақтастары болды. ХҮІ- ғасырдың басында гуманизмнің айрықша күшті орталығы Эрфурт университетіндегі үйірме болды. Гуманисттік үйірме жетекшісі ұзақ жылдар Италияда өмір сүрген Муциан Руф (1471- 1526) болды. М. Руфтың үйірмесінен тегі рыцарь Ульрих Фон Гуттен (1488- 1523) шықты. Алайда ең танымал неміс гуманистері “Германияның екі көзі” (Гуттен сөзі) екі ғалым филолог – Эразм Роттердамский (1467- 1536) мен Иоганн Рейхлин (1455- 1522) болды.
Э.Роттердамский Голландияның Роттердам қаласынан шыққан грек– латын тілдерінің тамаша білгірі ең бірінші кезекте, гуманистер әлемінде филологиялық еңбектерімен танымал еді. Алайда қалың көпшілік үшін оны танымал еткен оның атақты “Ақымақтықты мадақтау” (1509) еңбегі еді. Бұл еңбегіндегі негізгі кейіпкерлер папалар, кардиналдар, епископтар, монахтар, ғалым богослов–схоластар – ақымақты дәріптеушілер ретінде беріледі. Олар надан, ырымшыл, қомағай, қырғи қабақ және азғын. Келесі “Бейбітшілік шағымы” атты еңбегінде сол уақыттағы халықаралық жағдайға қатысты ойын білдіреді.
Аса көрнекті ғалым филолог, көне грек және еврей тілдерінің маманы, Иоган Рейхлинде аса ірі гуманистердің бірі болды. Көне еврей әдебиетін жақсы білетін ол 1509- 1510 жылдары еврей кітаптарын жою науқанына қарсы шықты. Еврей кітаптарын өртеуді ұйымдастырушылар Кельн қаласының схоласт профессорлары еді. Рейхлинді Эрфурт үиірмесінің мүшелері– гуманистер қолдады. Көп ұзамай еврей кітаптарының тағдыры туралы дау-жанжал ой еркіндігіне қатысты дау-жанжалға ұласты . “Рейхлиншілдердің” обскурант – схоластарға қарсы күресінің тамаша ескерткіші “Қараңғы адамдар хаттары” (1515-1517) жинағы болды. Екі томнан тұратын “хаттардың” бірінші томының авторы Крот Рубиан, екінші томының авторы Ульрих фон Гуттен еді. “Хаттарда” схоластардың жалған ғылымсымағы, дырдулығы, әшкереленді.
Гуманистердің кіші ұрпағының өкілі Ультрих фон Гуттен котолицизмді сынауда Э.Роттердамский мен Иоганн Рейхлинненде асып түсті. Лютерь күреске шыққан кезде, ең бірінші болып оны қолдаған У.Гуттен болды.Тегі рыцарь И.Гуттен рыцарлар сословиесін дәріптеді. Ол Германиядағы әлеуметтік топтардың ішіндегі ең қабілеттісі, реформацияға бейімдісі осы рыцарлар деп жариялады. Германиядағы саяси-жүйені өзгерту – рыцарлардың, қалалықтардың, шаруалардың ынтымағы нәтижесінде жүзеге асады деп есептеді. Алайда, рыцарьлық көтерілістер жеңіліске ұшырап, ол Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды.
ХҮІ-ғасырдың басындағы әлеуметтік гуманисттік қозғалыстар, ақырғы соңында, католик шіркеуіне қарсы бағытталған кең қоғамдық қозғалысқа-Реформацияға ұласты. Герман реформациясының басталуы Мартин Лютердің есімімен байланысты (1483- 1546).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет