Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл


С.М.Киров атындағы колхоз



бет3/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

С.М.Киров атындағы колхоз.
Күштеп ұжымдастыру 1927-1928 жылы үкімет партияның XV сьезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылдады. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің «Правда» газетінде жарияланған «Ұлы бетбұрыс» деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.
1933-1935 жылдары Ерімбетжағаны мекендеген халықты Кеңес үкіметі бір орталыққа бағынуға шақырып, малшы қауымы арасында ұжымдасу саясатын жүргізе бастады.
Әдепкіде «Кеңестік фактория», «Артель», «ТСОЗ», тәрізді шаруашылық түрлеріне ұжымдасып, олардан нәтиже аз болған соң 1935 жылы жергілікті халық бір кісідей бірігп, Қазақстан Халық комиссариатының төрағасы (осы кездегі премьер министр қызметі) Ораз Исаев атындағы колхоздың іргесін қалады.
Ұжымдасу
Қарақұмның халқы ұжымдасуды «Кеңестік фактория» деген шаруашылықтың ұжымдасқан түрінен бастады. Факторияда ауыл тұрғындары бірігіп тиімді жұмыс жүргізудің бір түрі болатын. Факториялар Қарақұмда шаруашылық операцияларын жүргізді. Мал шаруашылығы өнімдерімен қатар каучук өндірісіне қажетті сағыз да дайындады. Осы жұмыстардың бәрін ұйымдастыруда белді де беделді азамат Сәриев Бөкеш іскерлік танытты. Қазіргі Абай-Ерімбетжаға қара жолының бойында «Фактор табан» деген жер бар. Осы жерде 30-жылдардың бірінші жартысында факторияның өндіріс өндіріс орны орналасқан. Фактория қызметкерлері мәдени ағарту жұмыстарын өткізіп тұрды. Бұл жиналыстарда жергілікті халықтан кеңес құрылды.
Нұржаубаев Мұқыш – 1892 жылы өмірге келген. 1931 жылы Қызылорда облысында Исаев атындағы совхоз ұйымдасқан болатын. М. Нұржаубаев осында бірінші күннен бастап жұмыс істей бастады. 1937 жылы Қарақұм ауылдық Советінің қарамағындағы Киров атындағы колхозға көшіп барды. Мұнда оны жылқышы етіп тағайындады. М.Нұржаубаев бұл мамандықты тез меңгеріп, өз ісінің нағыз шебері атанды. Қыстың боранды үскірік аяздарында оның бағуындағы үйірлі жылқы әрқашан қауіпсіз жағдайда бағылды. Ол жылқыға күні бұрын өріс әзірлейтін, мал түнейтін жердің айналасына шөптен ықтасын жасатқан. Нұржаубаев Мұқыштың қарауындағы колхоздың жылқылары боранды қыстан қысылмай, шығынсыз шығатын, қоңын да төмендетпейтін. 1947 жылы М. Нұржаубаев қажырлы да жемісті еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде мал басын өсіру, оның ішінде жылқы малын өсіруге зор үлесін қосып, өзіне бекітілген 56 биеден 56 құлын алып, оны аман өсіргені үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі указымен екінші рет «Ленин орденімен» және Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол көп жылдар бойы колхоздың жылқысын бақты, іріленген Абай атындағы колхозда жылқы фермасының меңгерушісі, «Қарақұм» совхозында жылқышы болып істеді. 1958 жылы оған дербес пенсия берілді. 1970 жылы В.И. Лениннің 100 жылдығына байланысты «В.И.Лениннің 100 жылдық» медалімен марапатталды.Мұқыш атамыздың 6 баласы бар. Жұиабай, Жұмабек, Ханшайым, Сақып, Фатима, Науша есімді екі ұл, төрт қыз өсірген. Өмірінің соңына дейін ел өміріне араласып, Қарақұмның гүлденіп, көркеюіне үлкен үлес қосты. Ол жарты ғасырдай адал еңбегімен шалғайда жатқан ауылдың атын аспандатып, мерейін көтерді.. Осыны ескерген кейінгі жас ұрпақ, аудан орталығы Арал қаласында басты көшелердің біріне оның есімін берді. Мұқыш атамыздың өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа жарқын үлгі болып, тарихта мәңгі қалады. Қарақұм өңірінде 20-28 жылдар аралығында бірден-бір ізге осылай дамыды деуімізге болмайды. Сирек, әр жерде бір орналасқан малды ауылдардың басын қосып, кеңестік жүйеге енгізу заманының мүмкіндігіне салсақ өте қиын шаруа еді. Қазіргі замандағыдай зырылдаған көлік жоқ. Бар көлігі ат пен түйе болғанғ малдан өзге ешнәрсені көрмеген халықтың бір есептен осылай ғұмыр кешуі де заңды еді. 1928 жылғы жаңа кеңестік әкімшілік құрылымға сәйкес бұрынғы болыстықтар таратылып, орнына ауылдық кеңестер құрыла бастады. Сол қаулыға сәйкес Арал ауданында 19 ауылдық кеңес құрылып, Аралдың қыр беткейі түгелімен №8 Ұзақбайсор ауылдық кеңесіне біріктірілген еді. Ресми құжаттарда 6 ұжымдық шаруашылықты 338 үй қожалықтарында 1357 адам саны бар деп көрсетілген. Бұл қазіргі Қарақұм, Атанши, Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағын қамтиды. Бұрын осы жерлерді мекендейтін жергілікті рулар қыс айларында қыстауда, жаз айларында жайлауға көшіп, алды Орск, Троицк, күзгі салымқайтар жолда Ырғыз жәрмеңкесінен азық-түлік пен керек-жарағын алып қайтып отырған. Көбеген Лекеров шаруашылықты бірден меңгеріп, халықты аралап жүріп, елден 17 бас қара жинап, оның біріне де қиянат жасамай үкімет есебіне түгед енгізіп, бір орталыққа біріктіріп, бригадирлікке Өскеев Әбдіраман, колхоздың есеп-қисап жұмыстарына Кадиров Елубай атты іскер де сауатты азаматтарды бекітіп, бір сөзбен айтқанда осы күнгі «Ерімбетжаға» ауылының тұрақтап, қалыптасуына зор үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет