Хіх-хх ғ. басындағы Германия және Австро-Венгрия


-1899 жж. Германдық империя



бет2/3
Дата16.05.2023
өлшемі38,92 Kb.
#93680
1   2   3
1871-1899 жж. Германдық империя. 1871 ж. 18-қаңтарда жаулап алынған Франция жерінде Версаль сарайының Айналы залына жиналған германдық корольдер, князьдер және генералдар Пруссия королі Вильгельм І Германдық империяның кайзері етіп жариялайды. Германдық империяның мемлекеттік-саяси құрылымы және таптық және саяси күштердің арақатынасы 1871 ж. 14-сәуірде рейхстагпен бекітілген жалпыгермандық Конституцияда көрініс тапқан. Конституция бойынша Германдық империя корольдер мен князьдер арасындағы келісім негізінде құрылған одақтық мемлекет ретінде болды, оның шеңберінде жекелеген мемлекеттер өмір сүруін жалғастырған. Империя 25 жеке мемлекеттен (4 корольдық, 6 ұлы герцогтық, 4 герцогтық, 8 князьдық және 3 еркін қала) және Франциядан аннексияланған Эльзас-Лотаринга првинциясынан тұрды. Әрбір одақтас мемлекеттің өз заң шығарушы органдары (ландтагтар) және бюрократиялық атқарушы машинасы болған. Жалпыұлттық заң шығарушы империялық орган германдық рейхстаг. Ол жалпылама, тең және тура сайлау құқықтары негізінде сайланған. Дегенмен оның заң шығарушылық құқы өте шектелген, яғни, кез келген заң жобасы бундесрат пен кайзердің мақұлдауынан кейін күшіне енетін болған. Бундесрат жоғарғы заң шығарушы палата ретінде тек князьдар мен еркін қалалар өкілдерінен тұрды. Пруссия бундесраттағы 58 орынның 17-сін иеленседе, іс жүзінде көпшілікке ие болған. Себебі, ол Конституцияға өзгеріс жағдайы болса вето құқығын иеленген. Жаңа империяның басында кайзер тұрды, ол бір мезгілде Пруссияның королі және армия мен флоттың бас қолбасшысы. Атқарушысы билік заң шығарушы биліктен толық тәуелсіз болды. Империялық канцлер рейхстагтың алдында жауапты болмады, сондықтан да сенімсіздік вотумын жариялағанда отставкіге кетпеу құқығы иеленді.
Алғашқы екі онжылдықта елде бонапарттық диктатураның немістік нұсқасы өмір сүрген. Оның негізін қалаушы империялық канцлер әрі сонымен бір мезгілде прусстық министр – президент Отто фон Бисмарк. Жаңа империяның үш саяси күштері болды: прусстық юнкерлік, милитаризм, ірі буржуазия. Бисмарктық бонапартизмнің дәстүрлі көрінісі ондағы үкімет пен министрліктің жалпы қабылданған жүйесінің болмауында еді. Барлық атқарушылық билік канцлердің қолында шоғырланған. Сонымен бір мезгілде ол сыртқы істер министрі болды. Оның ведомствосы іс жүзінде сауда және қаржы министрлігінің қызметін атқарған, сондай-ақ, Эльзас-Лотарингияны басқарған. Бисмарк билігінің ерекшелігі – темір жолды, почтаны, телеграфты ұлттандыру, темікіге, араққа және т.б. монополия енгізу арқылы мемлкеттік меншіктің пайда болуына жаѓдай туѓызу. Шаруашылықтың бұл салаларын мемлекеттендіру бюрократиялық аппараттың нығаюына әкелді; шаруашылықтың осы саласындағы жұмыс істейтін қызметкер мемлекеттік шенеунікке айналған.
70-жж. бойы бірқатар мемлекеттік басқару органдары – ведомстволар пайда болады: сыртқы істер министрлігі (1877 ж.), империяның темір жол (1873 ж.), әділет министрлігі (1877 ж.), ішкі істер министрлігі (1879 ж.). Сонымен қатар, кайзер тұсында бірқатар кабинеттер (азаматтық, әскери) жұмыс істеген. Осылайша, 70-жж. юнкерлік-буржуазиялық монархияның мимпериялық басқару жүйесі қалыптасады.
Саяси партиялар. Юнкерліктің мүдделерін консервативтік партия білдірді. Бұл партия 1878 ж. Неміс консерваторлар партиясы болып атауын өзгерткен және 70-жж. дейін Бисмарктың басты парламенттік тірегі болып келді. Солшыл-либералдық партиялар буржуазиясының мүддесін білдірген. Олардың ішіндегі ең ірісі ұсақ және орта либералдық буржуазияның өкілдерін біріктірген прогрессистік партия болды. 1884 ж. бұл партия ұлтшыл-либералдық партияның солшыл қанатымен қосылып, Неміс еркін ойлы партиясын құраған. 1870-1871 жж. қысында Л.Виндхорстың басшылығымен «Центра» партиясы пайда болады. Пролетариат пен еңбекші бұқарасының мүддесін білдірген елдегі жалғыз партия социал-демократиялық жұмысшы партиясы еді.
Германдық империяның құрылуы капитализмнің қарқынды дамуына қолайлы ішкі және сыртқы жағдай туғызады. Германия аграрлық елден жедел индустриалдық елге айналады. Үкімет пен заң шығарушы органның экономикалық саясаты өндіргіш күштердің жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бай темір кен орындары бар Эльзас пен Лотаринганы жаулап алу неміс капиталының экономикалық потенциалын өсірді. Жеңілген Франциядан 5 млн.-дық контрибуция ала отырып, Германия капитал жинақтау проблемасын тез арада шешеді. Біртұтас қаржы, өлшем және салмақ жүйесінің енгізілуі ішкі рыноктың дамуына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, банктер туралы заң қабылданып, патенттік ісі заңды реттеледі. Бұл уақытқа дейін елде өндірістік төңкеріс аяқталады. Нәтижесінде, ірі ғылыми-техникалық ашулар жасалып, өндіріске жаңа прогрессивті технологиялар енгізіледі. Өндірістің жаңа салалары пайда болып, дами бастайды: машина жасау, кеме жасау, электротехника, химия, т.б. Елдің бірігуінің алғашқы жылдарында (1870-1873 жж.) өнеркәсіптік өндіріс 3-тен 1-ге ұлғайып, жез өндіру – 40 %-тен астамға, шойын балқыту – 80 %-тен жоғарыға өседі. Тас көмір өндіру 1871 жылғы 29,4 млн.-нан 1871 ж. 35,9 млн. тоннаға дейін өседі.
1873 ж. бастап Германия 1874 ж. дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарысты бастан кешіреді. Экономикалық дағдарыс жылдары өнеркәсіптік өндіріс қысқарып, қаржы нысандарының жабылуы орын алады. 1873 ж. Берлиннің өзінде 150 млн. маркі капиталы бар 3 банк банкротқа ұшырайды. Осыдан кейін тек 432 млн. маркі капиталы бар 73 банк қалады. Дегенмен, ғасырдың соңына қарай, яғни 1900 ж. қарай олардың саны 165-ке дейін, ал акционерлік капиталдары 2,8 млрд. маркіге дейін ұлғаяды. 1879 ж. метталлургиялық өндірісте бірінші монополиялар пайда болады. 1887 ж. құрылған «Неміс прокаттық зауыттарының бірлестігі» 1891 ж. барлық Германия бойынша 57 зауытты шоғырландырған.
Ішкі саясатта германдық рейхстаг 70-жж. империяның бірлігін нығайту мен жалпы империялық мемлекеттік аппаратты күшейтуге бағытталған көптеген заңдар қабылдайды. 1871-1873 жж. біртұтас алтын валютасы енгізіледі. 1874 ж. жалпы империялық почта құрылады, ал, 1875 ж. аяғында елге ортақ азаматтық, қылмыстық кодекстер, сондай-ақ, 1879 ж. күшіне енген бірқатар заңдық актілер қабылданады.
Францияның Үшінші республикасы мен Германиядағы ІІ империя арасындағы бұрынғы жанжал 1871 ж. кейін жаңа күшпен өрбиді. Бисмарк үкіметі 70-80 жж. Еуропадағы Германияның позициясын күшейтуге тырысады. 80-жж. басына қарай Германия Африкада отарлық жаулаушылықтар жүргізеді, ал, ғасырдың аяғына қарай Оңтүстік-Шығыс Азияға, Тынық мұхит бассейніне енеді.
1872-1873 жж. Берлин, Вена және Петербург арасындағы дипломатиялық келіссөздердің нәтижесінде, 1873 ж. 6-маусымда Вена түбіндегі Шенбрунде Ресей және Австро-Венгрия арасында келісімге қол қойылды. Ал, 23-қазанда оған Германияның кайзері Вильгельм І қосылады. Осылайша, «Үш императорлар одағына» бастама жасалады. Дегенмен, тараптар арасындағы қайшылықтарға байланысты, бұл одақ 80-жж. ортасына қарай өз мүмкіндіктерін тауысады. 70-80 жж. қиылысында Германияның күш салуымен Үштік одақ пайда болады. Бұл процес 1882 ж. Германия, Австро-Венгрия және Италия арасындағы келісімге қол қоюмен аяқталады.
70-жж. аяғы мен 80-жж. басында сауда-өндірістік және қаржы капиталының ірі өкілдері отарлық иеліктер жаулап алуды талап етіп үкіметке қысымды күшейте түседі. 1883 ж. бремендік саудагер Людериц Оңтүстік-Батыс Африкада Ангра-Пекен ауданында елді мекен құрады. 1884 ж. Германия Камерунды жаулап алады. Осылайша, Германдық Оңтүстік-Батыс Африка пайда болады. 1885 ж. отаршыл авантюристің бірі Петерс континенттің шығысында көлемді жер аумағын жаулап алып, басқа отар -Германдық Шығыс Африканың негізін қалайды.
90-жж. басына қарай Германияда Бисмарктың жеке тұлғасымен көрініс тапқан бонапартистік режим өз мүмкіндіктерінен айырылады. Бонапартизм режиміне қоғамның түрлі топтары да наразылық білдіре бастайды. Осы объективті құбылыстарға империя басшылығындағы кадрлыќ өзгерістер де қосылады. 1888 ж. қатыс болған кайзер Вильгельм І-нің орнына жас әрі талантты Вильгельм ІІ келеді. Ол өте ерекше, қайшылықты монархист адам болған. Жаңа император билікке келісімен елді жеке дара билеуге ұмтылды. Сөйтіп, бірте-бірте оның жеке билігінің режимі қалыптаса бастайды. Осылайша, Вильгельм ІІ мен Бисмарктың қақтығысы орын алады. 1890 ж. наурызда Бисмарк отставкіге кетуге мәжбүр болады.
ХІХ ғ. соңғы онжылдығында ІІ-ші империя саяси тарихында екі кезең көрінеді: 1. 1890-1894 жж. «жаңа бағыт»; 2. Саар көмір королі Штумма-Гальберг есімімен және канцлер Гогенлоэ қызметімен байланысты «1894-1898 жж. Штумма эрасы» деп аталған кезең. Вильгельм ІІ социалистік және жұмысшы қозғалысынан қауіптенген. Оның «жаңа бағыты» жедел өсіп келе жатқан жұмысшылар қозғалысына қарсы бағытталған жауап ретіндегі мәжбүрлі шара болатын. Дегенмен, демогогтық саясат болған бұл шаралар ешқандай нәтиже бермейді. Осындай күрделі жағдайда 1894 ж. қазанда канцлер Л.Каприви отставкіге жіберіліп, орнына шал тартқан князь Гогенлоэ-Шиллингфюрст келеді. Осы «Штумма эрасының» 5 жылында үстемдік етуші таптың шектелген демократиялық құқықтар мен бостандықтарды толық жоюға тырысу әрекеттері жасалады. Бірақ үкіметтің бұл әрекеттері сәтсіз аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет