Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Муккадимат

Сұрау есімдіктері: һер қанда - әрқашан – 184а, кім дүр – кімсің – 216а, не 
дүр – несің – 386б, нече – неше – 213а, нечүк – нешік – 387а, не үчүн – не үшін – 
390а, қачан – қашан – 213б, қайсы – 98б, қайан – қайдан – 98б, т.б. 
 
Шылау сөздер: тағы ~ дағы – тағы, және – 107б, йа – және – 133б, йана – 
және – 113а, ве – және – 118а, т.б. 
 
Сын есім (түс атаулары): аб ақ –аппақ – 129а, ала – 97а, ақ – 130а, ақ боз – 
130а, чабдар – шабдар – 129а, көк боз – 220б, көм көк – көкпенбек – 219б, қара – 
227а, қып қызыл – қып-қызыл – 186б, қырғыл – қоңыр – 121б, сарық – сары – 
335б, сүрх – сұр – 187а, т.б. 
 
Сандық көрсеткіштер: бір – 95б, екі – 96а, үч – үш – 310б, төрт – 143б, 
ьеш – бес – 338а, алты – 206а, йеті – жеті – 181а, секкіз – сегіз – 244б, тоққуз – 
тоғыз – 390б, он – 181б, он бір – 181б, йігірмі – жиырма – 303а, оттуз – отыз – 
179б, қырқ – қырық – 143б, еллік – елу – 338а, алтмыш – алпыс – 206а, йетміш – 
жетпіс – 138а, сексен – 244б, тоқсан – 390б, йүз – жүз – 144а, мің – мың – 138а, 
т.б. 
 
Ескі түркі тілдеріне ортақ сөздер. Тіл өзінің дамып-жетілу кезеңдерінің 
әр айрықтарында өзіне тән түрлі белгілерін, ізін тілдік көрсеткіштерде үнемі 
қалдырып отырған. Бүгінде анықтауы өте қиынға түсетін осы тарихи белгілер 
тілдің тарихын тиянақты зерттеу үшін ең қымбат, таптырмайтын материалдар 
қатарына жатады. Сол белгілер арқылы тілдің әу бастағы табиғи қалпын, қай 
заманда, қандай жағдайда, айнала қоршаған қандай елдермен алыс-беріс саяси-


 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
мәдени қарым-қатынаста болғанын біршама анықтай аламыз. Тіл – халық 
тарихының айнасы дейтініміз сондықтан. Ендеше тілдің даму тарихы сол тілді 
иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты келеді. 
Халық тарихымен айналысқан ғалымдардың тілге айрықша ден қойып, 
оны тарихпен шендестіре отырып зерттеуінен шын мәнінде зор кемелдіктің 
белгісін аңдаймыз. Атағы әйгілі ғалымдар В.В.Радлов пен А.А.Куниковтің: 
“Историческая этнография должна основываться на лингвистических началах” 

32, 33

; К.А.Иностранцевтің: “В этнографии настоящее время придаяется языку 
не менее, если даже не более важное значение” 

33, 43

; В.В.Бартольдтың : 
”Некоторый материал для суждения о прошлом кочевых народов, как и всяких 
других, дают лингвистические факты” 

34,5

сияқты пайымды пікірлері өзінің 
ғылыми салмағын әлі жойған жоқ. Бұл келтірілген тарихи-әдістемелік 
принциптің ауанын аңдататын сөздер негізінде тарих пен тілдің жұбын жазбай 
зерттеу қажет дегенді діттейді. Бұл тұрғыдан келгенде “Мукаддиматтың” сөздік 
қоры да өз кезеңінің түрлі тарихи белгілерін молынан жинап, мықтап сақтап 
жатыр. Тіл тарихын зерттеуіміздегі негізгі табан тірер дерегімізді осы 
“Мукаддиматтан” алып, ондағы көрінетін ерекше тілдік фактілерді қыпшақ тілі, 
ол арқылы қазақ тілі тарихын анықтай алатын материал ретінде пайдаланып
оларды түбегейлі қарастыру барысында тума тіліміздің өзіндік даму 
эволюциясындағы өзгерістердің қайнар бастауларына үңілуге мүмкіндік аламыз. 
Сөз жоқ, алуан-алуан түркі тілдес халықтар бір-бірімен өзара етене жақын 
байланыста өмір сүрген. Десек те замана озған сайын кей тілдердің ара жігі 
айырылып, жеке бөлініп, туыстас тілден ірге ажыратса (мәселен, саха, чуваш, 
шор, хақас, алтай тілдері), ендігі бір тілдер тобы бұған керісінше, өзара тоғысып, 
жақындаса түсті. Бірақ қаншалықты ірге ажыратса да туыстас тілдердің көне 
сілемдері тілдік көрсеткіштерде ізін қалдырды. “Мукаддиматтағы” сөздердің 
түп-төркіндеріне үңілгенде, оның кей тарихи тілдік белгілерін есте жоқ ескі 
заманда ара жігі бөлінген сол туыстас тілдерден іздейтініміз де осының дәлелі. 
Тіл тарихынан бізге қыпшақ тілін зерттеу мәселесі ХІ ғасыр ғалымы 
Махмуд Қашқаридан басталып, ХУІІ ғасырдың бас кезіне барып тірелетіні 
белгілі. Қыпшақ тілін зерттеудің көш басында тұрған Махмуд Қашқари бұл 
тілдің әр түрлі диалектілері бар екендігін, сөз алдында “й” дыбысымен қоса “ж” 
дыбысы да қатар кездесетінін, мұндай ерекшеліктер дыбыстық жүйеде ғана емес, 
онымен бірге жеке сөздер, морфологиялық форманттарда да ұшырайтынын 
ескерткен еді. 
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері өз ішінде көне түркілік белгілермен 
қатар өз тұсындағы оғыз, қарлұқ сияқты туыстас тілдер белгілерін де әрі тек 
қыпшақ тілдеріне ғана тән тілдік элементтерді қамтитыны аян. Дәлірек айтқанда, 
кез келген түркі жазба ескерткіші үш негізден: түркі тілдерінің 
жалпықолданысындағы сөздерден; екіншіден, есккерткіштің өзіне ең жақын 
тұрған туыстас тілдер тобындағы белгілерден; үшіншіден, сол ескерткіштің 
өзінде ғана кездесетін, басқа жазба нұсқаларында ұшырамайтын “эндомалық 
формалардан” тұрады. Соңғысы, әдетте, ескерткіштерде мейлінше аз келеді. 


Elevjan SERIMOV 
“Мукаддиматтағы” түркі материалдарының негізгі бөлігі, араб-парсы, 
моңғол тілдерінен енген кірме сөздерді қоспағанда, түркі тілдерінің туыстастығын 
білдіретін ортақ сөздерден құралады. Кез келген ескі түркі жазба жәдігерліктерінің 
де негізгі үлкен қабатын құрайтын осы түркі лексемалары құрайды. 
“Тілдің лексикалық қоры көптеген дәуірлердің нәтижесі екені белгілі. Көне 
дәуірде ортақ түркі тілі өз дамуының барысында бірнеше тілдерге сараланып, 
соның өзінде де бұрынғы түбір сөздер бөлінген әрбір жеке тілдің негізін құрды. 
Басқаша айтқанда, әр тіл өзінің бұрынғы ортақтастығын сақтап қалды. Бөлінген 
тілдер өз еншісіне тиген ортақ сөздерді негіз етті” 

34, 86


ХІІ ғасырдағы жергілікті халықтың сөйлеу тіліне негізделген 
“Мукаддимат” лексикасының түркі қабаты жалпықолданыстағы лексемаларды 
түзеді. Алайда, жалпықолданыста болған түркі сөздері мен түркі тіліне ортақ 
сөздердің ара жігін айыра білу керек. Мәселен, сөздіктегі араб-парсы, моңғол 
тілдерінен енген кірме элементтерді қоспай алып тастағанда, онда тек түркі 
лексикасы қалады, міне, осы, түркі тілдеріне тән ортақ лексиканы құрайды. Ал 
жалпықолданыстағы лексикаға түркі тілдерінің әр диалектілерінде түрлі 
вариантта қолданылатын, бірақ семантикалық мағынасы бір сөздер жатады. 
Мысалы, “ай”, “күн”, “үлгәр”, “иетиген”, темірқазуқ” т.б. Осылайша, 
жалпықолданыстағы лексика адамның іс-әрекетін, қоршаған ортасын түгел 
қамтиды. Сөздіктің сөздік құрамын сүзіп шыққанда, бұлар “Мукаддиматтың” 
үштен бір бөлігін құрайды екен. 
Зерттеу мақсатымыздың бірі – бұл жазба ескерткіштің бойында сол 
тұстағы жазылған кез келген жазба нұсқалармен салыстырғанда қыпшақ тілінің 
өзіне тән ерекшелігі қаншалықты сақталғандығын анықтауға келіп саяды. Ал 
оның туыстас тілдерден қаншалықты жақын-алысын, тілдік белгілердің 
эволюциялық дамуын анықтау үшін оны өзінен бұрынғы өз тұсында не өзінен 
кейін хатқа түсіп, дүниеге келген басқа жазба нұсқалармен салыстыра қарастыру 
қажет. 
Осы тұрғыдан алғанда “Мукаддиматқа” өзінен бұрын жазылса да уақыты 
жағынан ең жақын тұрғаны Махмуд Қашқаридің “Диуани лұғат ит-түрк” сөздігі 
болғандықтан, қос сөздікте кездесетін қыпшақ сөздеріне тән ортақ лексемаларды 
анықтайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет