Elevjan SERIMOV
Диалектика заңы бойынша әрбір
қоғамдық құбылыстың пайда болу, қа-
лыптасу, даму кезеңдері бар. Халық қоғамдық фактор десек, әрбір халықтың
тумысынан басынан кешетін өзіндік тарихы болады. Осы өсу, даму тарихында
жасаған ғасырлармен өлшенетін ұзақ әлеуметтік қалыптасу үстінде қорланған
рухани байлығы да үнемі бірге жетіліп отырады. Бұл заңдылық түркі
халықтарының тарихына көз жүгірткенде тұрақты түрде белгі береді.
Көне түркілер ілкі дәуірде-ақ тасқа қашалып түсірілген ойма жазумен бірге
соғда, ұйғыр, брахми, манихей, тибет делінетін әр түрлі жазу үлгілерін
пайдаланып, кейіннен біржола араб әліпбиіне көшкені мәлім. Осы жазба үлгілері
негізінде жасап қалдырған түркілік жазба мұраларында олардың талайғы тарихы
айқын өрнектеліп сақталған. Ал бұл деректер олардың иірімі мол мыңдаған
оқиғаларға толы ғұмырының көркем бейнесі болып табылатын жазба мұрағаты,
яғни рухани тарихы да күрделі
болғандығын, өздеріне лайық, дербес, жоғары
өркениетті деңгейін көрсететін мәдениет үлгілері жеткілікті дәрежеде
болғандығын баршаға айғақтай алады.
Ұлттық мәдениетіміздің ұлттық бітімін қалыптастыруда елеулі орны бар
түркі жазба мұраларының ғасырлар бойғы даму барысында эпитафиялық
(құлпытастық) сипаттан шын мәніндегі түрлі ғылым салаларына сараланған (тіл
білімі, әдебиет, эпистолярлық жазба, астрономия, математика, т.б.) классикалық
мәдениет
деңгейіне, сол кездегі этолондық сапада барынша қарқынды дамыған
көршілес шығыс халықтарымен мәдени байланысы арқылы қол жеткені талас
тудырмайтын тарихи шындық. Мұндай диалектикалық бірлікте дамыған
халықтардың мәдениетіндегі өзара әсер-ықпалдың түп-төркіні, жіті ден қойсақ,
сонау, көне дәуірлерде жатқандығын анық байқай аламыз. Әсіресе осы алыс-
беріс мәдени қатынас ортағасырларда арабтардың Орта Азия мен Қазақстанның
оңтүстік
бөлігіне экспанция жасап, өз мәдениеті мен әдебиетін, тілі мен дінін
кеңінен тарату жағдайынан кейін мейлінше насихаттау арқылы қарқынды
дамыды. Х-ХІІ ғасырлардағы бұл кезеңнің түркілік мәдениет тарихында
“мұсылман дәуірі” аталуының бір мәнісі осында жатса керек. ХІІ ғасырлық аз-
Замахшаридің “Мукаддимат әл-әдаб” (бұдан әрі - “Мукаддимат”) сөздігі жазылу
мерзімі жағынан осы “мұсылман дәуірі” туындылары қатарына кіреді. Бұл кезең
жалпы түркі халықтарының жазба тарихын танудағы
алғашқы кезең болып
саналады.
Жалпы Орта Азияда өркен жайған араб-парсы және түркі мәдениеті бір-
бірімен георафиялық белдеулер арқылы ғана емес, сонымен бірге көркемдік-
эстетикалық жағынан да қосылады. Мәшһүр ғалым Е.Э. Бертельстің
ортағасырлық әдебиет турасында айтқан: ”Орта Азия халықтары әдебиетінің
тарихын олардың бәріне
ортақ ертедегі жазу-сызулардан, әдеби нұсқалардан
бастау керек… ІХ ғасырда негізгі әдеби тіл болған араб тілінің орнын Х ғасырда
парсы тілі басты. Араб тілі тек ғылым мен дін саласында қалып еді. Х ғасырда
парсы тілі ғылымға да енді. Ал әдебиеттегі үшінші ағайыны – түркі
системасындағы әр түрлі тілдер қосылды. Бірақ бұлар үш түрлі әдебиет емес, үш
түрлі тілді пайдаланған бір ғана әдебиет”
1,8
дейтін сөзі осы тарихи шындыққа
негізделген. Ендеше бұл тұстағы мәдениет бастауларын – ескі жәдігерліктерді