Жалпы конфликт дегеніміз-адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Конфликт" ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
Ресей ғалымдары А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов былай деп айтқан: "Өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".
"Конфликт" термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.
Әрбір конфликтте оның қатысушылары-конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы-субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір-біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент керек. Конфликт пәні әдетте белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар мәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса, онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.
Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам бір немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасына арбитр немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.
Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты: 1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді;
2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;
3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.