Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


Қазіргі уақытқа дкйін дәрігер мен науқас арасындағы тиімсіз қарым-қатынас неліктен жиі кездесуде?



бет2/37
Дата12.06.2022
өлшемі121,62 Kb.
#36714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
3. Қазіргі уақытқа дкйін дәрігер мен науқас арасындағы тиімсіз қарым-қатынас неліктен жиі кездесуде?
Қазіргі уақытта дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас, әлі де болса, субъект-объект сипатында екенін айтуға тура келіп отыр және оның 3 басты себебі бар:
1)Дәрігер науқаспен терапевтік прцесс барысында, коммуникациялық кеңістік пен қарым-қатынас орнатуға және оған дайындалу керектігіне аса мән бермейді;
2)Дәрігер өзінің потенциалды мүмкіндіктеріне барлық жағдайларда сүйене бермейді. Дәрігер өзін эмоциясыз, жыныссыз «ойлаушы-нұсқау беруші» және бақылаушы машина іспетті сезініп, дәл осындай көзқараспен науқасқа да қарым-қатынас жасайды;
3)Дәрігер науқасқа тек медициналық нұсқаулардың орындаушысы, медициналық біліктілікке қабілетсіз объект деген түсінікпен ғана қарап, емдеу барысында осындай ойды басшылыққа алады.
4. Қазіргі заманғы дәрігер-студентті психологиялық тұрғыда дайындауда одан не талап етіледі?
Болашақ дәрігерді психологиялық тұрғыда дайындауда келесі мәселелер аса маңызды:
• Антропоцентрикалық философиялық көзқарастың қалыптасуы мен коммуникациялық мәдениет деңгейінің жеткіліктілігі;
• Адамның кез-келген іс-әрекеті және ең алдымен, дәрігер іс-әрекеті белгілі-бір құндылықтармен реттелініп отырады, бұл құндылықтар дүниеге көзқарастың ең басты құрамдас бөлігі болып табылады.
• Дәрігер маманның «Мен-концепциясының» қалыптасуы және өзіндік бағалауы қалыпты болуы керек;
• Эмпатия деңгейінің дәне (басқа адамның психологиясын сезіну) «клиникалық ойлау» мен кәсіби ұстанымның жоғары дамуы (..... өз құндылығын және басқа адамның құнды екенін сезіну, науқасқа емдеу процесінің белсенді қатысушысы ретінде қарым-қатынас жасау).
5. Коммуникацияның формасы ретінде дәрігер іс-әрекетінің ерекшеліктері неде?
Дәрігердің психологиялық біліктілігінің қалыптасуы мен оны терапевтік әрекетке дайындау кажеттілігі, мынадай кәсіби іс-әрекет ерекшеліктеріне юбайланысты.
Қарым-қатынастағы іс-әрекет «адам-адам» сферасы дәрігердің жемісті іс-әрекетінің маңызды бір тұсы, тек арнайы дәрігерлік дайындық пен жалпы адамшылық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік-психологиялық тұлғалық потенциалды;
1.Отандық медицинада ауруға биопсихологиялық бағытта ұстану, бұл дәрігердің науқаспен сенімді қарым-қатынас жасауына, мәлімет жинау үшін психологиялық контакт орната алуына және науқасқа қажетті ақпаратты дұрыс жеткізуіне көмектеседі.
2.Коммуникациялық біліктілік «дәрігер-науқас» альянсын орнатудың басты шарты ретінде, емдеу кезінде науқаста субъективті ұстанымның қалыптасуына мүмкіндік берді.
3.Дәрігерлерге алуан түрлі науқастармен қарым-қатынас жасауға тура келеді (мазасыз, депрессивті, агрессивті, обсессивті және т.б.), олардың психикасына қайсы бір ауру әсер етіп, бұл жағдай оның өмірге деген, қызметіне, туыстарына, өзіне деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертеді. Дәрігер осындай науқастардың әрқайсысымен дұрыс қарым-қатынас орната алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет