Хііі дәріс. Коммуникативті үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы


Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар



бет33/37
Дата12.06.2022
өлшемі121,62 Kb.
#36714
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Хііі д ріс. Коммуникативті рдіс, да дылары туралы т сінік. Мейі

1.3.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші
факторлар

А.Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері
•сүйікті адамын жоғалту;
• шектен тыс қалжырау жағдайы;
• өзіндік-қадір қасиетін осал сезіну;
• алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы;
• өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру;
• әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.

Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар:


І. Жанұядағы конфликт:
• туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы;
• басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу;
• “сүйікті” адамынан айырылу;
• жоспарының орындалуына кедергі жасау;
• сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау;
• жалғыз қалу,
• сәтсіз махаббат;
• басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі,
• жыныстық һәлдің төмендеуі.
ІІ. Психикалық күй:
• дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;
• паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)
ІІІ. Физикалық күй:
• соматикалық аурулар, физикалық азап көру;
• ажарсыз кемтар болу.
ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы:
• қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;
• ұяттан, жазадан қорқу;
• өзін-өзі кінәлау.
V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы:
• жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;
• жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы.
VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар.
VІІ. Басқа да себептер.
1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %
2. Қаражат қиындығынан - 3%
3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4%
4. Құмарлықтан - 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%
6. Рухани дерттен - 18%
7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%
8. Белгісіз күйі - 41%

Сөзді белгілер


- Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының
психикалық күйін айтады;
- Өлім туралы айтуы мүмкін:”Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді”, “Мен өзіме қол жұмсағым келеді”;
- “Мен ешкімге проблема болмаймын”;
- Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айтуы;
- Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру.
Мінез-қылықты белгілер
- Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;
- Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;
- Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі;
- Ұйқы уақытының өзгеруі;
- Киім киісіне мән бермеуі;
- Сабаққа себепсіз қатыспау;
- Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту;
- Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету.
Жағдайлы белгілер
- Әлеуметтік оқшауланған болса;
- Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін адамның
болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық;
- Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаныретінде
сезіну;
- Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.
ІІ.Суицидалды мінез-құлықты алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар
Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек? Біріншіден: - әлеуми психологиялық процестерді (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы зерттеу (тест, сауалнама т.б.).
-суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру;
-қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату;
-психологиялық анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты зерттеу;
-реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған адамдар үшін);
-профилактикалық жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті алдын-алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет