15) Аудармашымен жұмыс жасауда дәрігер нені білуі қажет? Дәрігердің сұрақтарын (сөздерін) аудару барысында жіберілетін қателердің барлығы дерлік: сұрақтың түрін өзгертуге байланысты, ашық сұрақтан жабық түрге ауыстыру және керісінше; сұрақтың мазмұнын өзгертумен және өзінің ойларын қосумен байланысты, жауаптарды аудару кезінде: жауаптың жартысын аудармау, яғни жауапты қысқарту; өзінің ойын қосу; тілді жақсы білмегендіктен кететін қателер. Аудармашылармен жұмыс жасауда Van der Veer (1998) мынандай ережелерді ұстануды жөн деп санайды:
науқас, аудармашыға толық сене алуы қажет, бұл саяси және ұлттық (үйлесімділікті) сәйкестікті талап етеді. Аудармашы объективті және ауруға қатысы жоқ адам болуы қажет; сондықтан аудармашылық қызметке туыстар мен жақын дос-жарандар жарамайды;
аудармашының ұстанымы жағдайға кәсіби тұрғыдан қарауды талап етеді. Сондықтан, сыйлай алатындай мейірімді, жылы қатынас қажет; шыдамсыз немесе тым жанашыр қатынас болмауы тиіс;
аудармашы өте анық, нақты, сол қалпында, еш өзгертусіз аударуы тиіс. Және науқастың ойын түйіндеуге тырыспай, бір жақтан сөйлеуі тиіс. Әңгімелеспес бұрын аудармашымен қозғалатын тақырып жайында алдын-ала сөйлесіп алған дұрыс, ал соңында аудару кезіндегі қиындықтарда бірлесіп талқылаған жөн;
аудармашы өз өміріне қатысты кейбір жағдайларды аудармай қалдырып отыруы мүмкін. Мысалы, аудармашы өзінің қиындығына, күйзелістеріне ұқсас жағдайларды, тастап кетіп отыруы мүмкін. Сондықтан, мұндай тұстарды аудармашы өзі түсінуі қажет.