Мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика
теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кіріспе. Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие – қоғамдық құрылыс ретінде.
Біртұтас педагогикалық үрдіс: негізі, ұйымдастыру формалары, жүзеге асыру әдістері. Әлеуметтік
педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда (социумда) дамыту. Әлеуметтік тәрбие.
Әлеуметтендіру және оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік-
педагогикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстар. Балалықты әлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар
туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.
Күтілетін нәтижелер: - Жалпы және әлеуметтік-педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру.
- Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік-педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып,
әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен
жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.
- Жалпы және әлеуметтік-педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар
дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда
ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап
беруге дағдылануы тиіс.
- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге
дағдылану.
Достарыңызбен бөлісу: