Химия есептер мен жаттығулар



Дата07.01.2022
өлшемі17,4 Kb.
#20004
Байланысты:
Химия есептер мен жаттығулар


Химия есептер мен жаттығулар

  1. Берілген заттар: Cu(OH)2, CaO, HCl, KBr, SO2, H2S, N2O5. Осылардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. a) Fe→Fe2O3→FeCl3→Fe(OH)3→Fe2(SO4)3

b) C→CO2→H2CO3→CaCO3→CaO

3. Қыздырғанда: а алюминий гидроксидінің; ә мыс (ІІ) гидроксидінің; мыс (І) гидроксидінің; темір (ІІ) гидроксидінің айырылу реакциларын жазыңдар.

4. Массасы 28 г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж.) қанша көлемі түзіледі.

5. Массасы 4,6 г натрийді 150 г суда еріту арқылы алынған ерітіндідегі натрий сілтісінің массалық үлесі қанша?

6. Әктас пен су берілген. Осы екеуінен басқа затты қоспай әртүрлі бейорганикалық класқа жататын қанша күрделі зат алуға болады? Әр реакция теңдеуін құрып олардың жүру жағдайларын көрсетіңдер.

7. Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі?

8. Мөлшері 0,1 моль барий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады?

9. Массалық үлесі: 2,4% H; 39.1% S; 58.5% оттектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар.

10. Мына тұздарды: мыс (ІІ) сульфатын; кальций хлоридін; барий сульфатын; калий карбонатын алмасу реакциясының көмегімен алуға болатын химиялықреакция теңдеулерін жазып көрсетіңдер.

11. Берілген заттардың: CuSO4, CaCl2, NaCl, BaSO4, AgCl алуға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

12. C→CO2→Na2CO3→CO2→CaCO3

Ca→CaO→CaSO4→CaO

Fe2(SO4)3→Fe(OH)3→Fe2O3→FeCl3

13. Бейтараптану ракциясының көмегімен төмендегі тұздарды: BaSO4; CuSO4; KH2PO4; Na3PO4 алуға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

14. Массасы 10 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлініп шығатын газды натрий сілтісі арқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?

15. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?

16. Массасы 100 г құйманың құрамында 5.4% алюминий, 1.6% мырыш, 93% магний бар. Осы құйманы тұз қышқылымен өңдегенде неше грамм және неше литр (қ.ж.) сутек газы бөлінеді?

17. Күкірт қышқылының 0,1 молімен әрекеттесетін мырыш гидроксидінің массасын есептеңдер.

18. Мына тұздардың қүрылымдық формулаларын жазыңдар: натрий сульфаты, темір ІІІ сульфаты, кальций сульфаты.

19. Көрсетідген иондарды тұнбаға түсіретін катиондарды анықтаңдар: S2-, SO42-, Cl-, PO43-, CO32-, Br -, I-.

20. Реакциялардың қайсысы аяғына дейін жүреді:



BaCl2 + Na2SO4 → ? FeS + HCl → ?

MnSO4 + KNO3 → ? Cu(OH)2 + H2SO4 → ?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет