«полимерлердің химиясы мен физикасың пәні бойынша қысқаша дәрістер конспектісі
1. Жоғары молекулалық қосылыстар жайлы жалпы мағлұматтар Заттың полимерлі күйінің ерекшеліктері. Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.Макромолекула, құрамдық қайталанатын буын. Полимерлеу дәрежесі, тізбектің ұзындығы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ), полимер, олигомер, мономер. ЖМҚ мен төмен молекулалық қосылыстарды айыру критерийі. Сызықты, тармақталған және тігілген полимерлер. Гомополимерлер, сополимерлер. Макромолекулалардың техникада, өндірісте, медицинада, биология мен жоғары технологияларда қолданылуын анықтайтын олардың үлкен көлемдері мен тізбекті құрылымдарына негізделген полимерлердің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Полимерлер ғылымы пәні және мақсаттары, оның басқа да фундаментальды ғылымдардың арасындағы орны. Қазақстан мен ТМД ғалымдарының полимерлер ғылымын дамытуда қосқан үлесері.
2. Полимерлердің түзілуі, алынуы және кездесуіСинтетикалық полимерлер. Жасанды полимерлі материалдар. Табиғи органикалық полимерлер. Полисахаридтер (целлюлоза, хитин, хитозан, лигнин,). Ақуыздар, нуклеин қышқылдары. Табиғи бейорганикалық полимерлер. Полимерлерді классификациялау. Гомотізбекті және гетеротізбекті полимерлер. Шығу тегіне байланысты полимерлерді бөлу. Конфигурация және конформациялық изомерия. Стереоретті және изотактикалық және атактикалық полимерлер. Қолданылу салаына байланысты полимерлерді жіктеу (талшық түзетін, пластомерлер және эластомерлер). Каучуктер мен резиналар. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Жоғары және төмен молекулалық қосылыстардың ерекшеліктері. Рациональды номенклатура және оның кемшіліктері. Құраушы қайталанатын буынды бөлуге және атауға негізделген реттелген сызықты полимерлердің жүйелі номенклатурасының принциптері. Полимерлерді шығу тегіне, алу жолына және химиялық құрылымына қарай классификациялау. Негізгі тізбектің химиялық құрылымына негізделген полимерлердің жалпы классификациясы. Стереореттелген полимерлер. Пластмассалар мен пластиктер. Каучуктер мен резеңкелер. Статикалық сополимер. Кездейсоқ сополиер. Кезектескен сополимерлер. Блок- және жалғанған сополимерлер.