Химия факультеті


Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды



бет2/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
УМК хим и физ полим каз2 курс

Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды.


«__ »_____________ 2011 ж., хаттама №__

Төрағасы (Төрайымы) ________________________ Оспанова А.К.


(қолы)
Жұмыс бағдарламасы

Пәннің аты

Полимерлердің химиясы мен физикасы

Мамандық

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Оқыту формасы

Күндізгі


Кредит саны 3




Курс 2

3 семестр

дәріс 15 сағ.

семинар - сағ

лабораториялық жұмыс 30(60) сағ

барлығы 75 аудит.сағ.

сөж 75 сағ., СОӨЖ 15

АБ 2

емтихан 3 семестр

еңбек сыйымдылығы 135 сағ.









Алматы, 2011
Пәннің мазмұны

апта№

Тақырыптың аты

Мазмұны




СОӨЖ тақырыптары

Сағат саны

1

1 модуль, 1 блок
Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.



Макромолекула, құрамдық қайталанатын буын. Полимерлеу дәрежесі, тізбектің ұзындығы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ), полимер, олигомер, мономер. ЖМҚ мен төмен молекулалық қосылыстарды айыру критерийі. Сызықты, тармақталған және тігілген полимерлер. Гомополимерлер, сополимерлер. Полимерлердің анрегаттық күйлері: қатты заттар (кристалды, аморфты), балқымалар, гельдер, концентрленген және сұйытылған ерітінділер. Негізгі полимерлі материалдар өкілдері: пластмассалар (термопласты және термореактивті), эластомерлер (каучуктер, резиналар), талшықтар, қабыршықтар, полимерлі жабқыштар, желімдер, герметиктер.

Жоғары молекулалық қосылыстардың тарихы және дамуының негізгі бағыттары. Полимерлер ғылым және өнеркәсібі. Табиғи полимерлердің негізгі түрлері. Полимерлі материалдар өндірісінің негізгі шикізаттары. Полимерлер ғылымы мен өнеркәсібі. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері, қолданылу салалары, төмен молекулалық заттардың негізіндегі сәйкес материалдармен салыстырғандағы артықшылықтары.



1

2

Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы

Рациональды номенкла-тураның артықшылықтары мен кемшіліктері. ИЮПАК жүйелі номенклатурасы.
Сополимерлердің түрлері (статикалық, кездейсоқ, кезектескен, блок- және жалғанған).



Полимерлер номенклатурасының ерекшеліктері, негізгі мақсаттары. Полимерлердің түзілу немесе шығу тегіне және химиялық құрылымына байланысты классификациясы. Негізгі тізбектің химиялық құрылымының өзгеруіне негізделген полимерлердің жалпы классификациясы. Гомотізбекті және гетеротізбекті полимерлер. Оларды кластарға, топтар және топшаларға және т.б. бөлу принциптері.

1

3

Макромолекулалардың қасиеттері мен сипаттамалары
Заттың полимерлі күйінің ерекшеліктері. Макромолекуланың конформациялық изомериясы және конформациясы.

Макромолекулалардың техникада, өндірісте, медицинада, биология мен жоғары технологияларда қолданылуын анықтайтын олардың үлкен көлемдері мен тізбекті құрылымдарына негізделген полимерлердің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері.. Макромолекулалардың ішкі молекулалық айналуы және иілгіштігі. Тізбек ұштарының арақашықтықтары мен энергия радиусы – макромолекула көлемінің сипаттамалары. Еркін мүшеленген тізбек ұштарының (гаусс шумақтары) арақашықтықтарын тарату. Ішкі айналудың энергетикалық барьерлері, тежегіш потенциялдың табиғаты. Бұрылу изомерлері және реалды тізбектердің иілгіштігі. Тізбектердің термодинамикалық және кинетикалық иілгіштігі. Статикалық сегмент ұғымы. Макромолекулалардың конформациясы мен конфигурациясы.



Конформациялық және конфигурациялық изомерия. Реттелген және реттелмеген, стерео, цисс-, транс-изомерия; винилді мономерлер полистирол, поливинилхлорид, полиметилметакрилатты мысал ретінде қарастырып буындардың қосылу түрлерін көрсету.

1

4

2 блок Полимерлер ерітінділерінің табиғаты.

Полимерлердің еру процесінің ерекшеліктері. Полимерлер ерітінділерінің термодинамикалық тепе-теңдігі. Шекті және шексіз ісіну. Полимердің химиялық табиғаты және оның еруге қабілеттілігі, еру параметрлері. Полимер-еріткіш жүйесіндегі фазалық тепе-теңдік. Ерудің дағдарыстық температуралары. Полимер ерітіндісі үстіндегі бу қысымы, идеалдылықтан ауытқу себептері. Полимерлер ерітіндісінің осмос қысымы.

Полимерлер ерітінділерінің шынайылығының критерийі. Полимер ерітінділерінің төмен молекулалық заттар негізіндегі коллоидты жүйелермен ұқсастығы мен айырмашылығы.



1

5

Полимерлер ерітінділерінің физика-химиясы.

Екінші вириальды коэффициент. Еріткіштің термодинамикалық сапасы. Полимерлердің еруі кезіндегі термодинамикалық параметрлерінің өзгеруі және оған әртүрлі факторлардың әсер етуі. Флори-Хаггинстің полимер ерітіндісі теориясы. Полимер-еріткіш термодинамикалық әрекеттесуі-нің параметрі (Хаггинс параметрі). “Тэта”-жағдай (-жағдай), тэта-еріткіш (-еріткіш) түсінігі, макромолекуланың өзгермеген көлемдері ұғымы және иілгіштікті бағалау.

Полимерлердің орташа массасы жайлы түсінік. Молекула-массалық таралу. Полидисперстілік, полидисперстілік көрсеткіші. Полимерлердің орташа массалық және орташа сандық және орташа тұтқырлық молекулалық массалары. Полимерлердің орташа массалық және орташа сандық молекулалық массаларын анықтау әдістері: осмометрия, криоскопия, эбулиоскопия, жарықшашырату.және ультрацентрифугалау. Полимерлерді препаративтік және аналитикалық фракциялау. Гель-енген хроматография. Вискозиметрия – бұл орташатұтқырлық молекулалаық массаны анықтау әдісі.






6

Полимерлердің ерітінділерінің гидродинамикалық қасиеттері.



Полимерлердің сұйытылған ерітінділері. Салыстырмалы, меншікті, келтірілген, сипаттамалық тұтқырлығы. Келтірілген тұтқырлықтың ерітіндідегі полимер концентрациясынан тәуелділігі. Сипаттамалық тұтқырлықтың полимердің молекулалық массасынан тәуелділігі. Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. К және  тұрақтылары және оларды анықтау.



Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінен концентрлен ерітінділерге өтуі. Концентрленген ерітінділердегі макромолекулалардың ассоциациясы және құрылымдануы. Концентрленген ерітінділердің ағу ерекшеліктері. Полимерлі гельдер. Гельдер. Коллоидты полимерлі дисперсиялар.




7

Иондалатын макромолекулалар. Полиэлектролиттер.



Полиэлектролиттердің физика-химиялық қасиеттері. Полиқышқылдар, полинегіздер, полимерлік тұздар, полиамфолиттер, полиэлектролиттердің электрохимиялық қасиеттері. Қышқылды-негіздік тепе-теңдік. Полиэлектролиттердің ерітінділерінің гидродинамикалыққасиеттері. Келтірілген тұтқырлықтың ортаның рН-на, иондық күшіне, полиэлектролиттің концентр-на тәуелділігі. Полиэлектролиттік ісіну эффекті. Амфотерлі полиэлектролиттер. Изоэлектрлік, изоионды нүкте.

Полиқышқылдар, полинегіздер және полиамфолиттердің химиялық және физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Ақуыздар – амфотерлі полиэлектролиттер.




№1 аралық бақылау. 1-7 тақырыптар бойынша коллоквиум.

8

3 блок
Полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары және физика-механикалық қасиеттері

Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері. Аморфты полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары, үш физикалық күйі және термомеханикалық қисықтары. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйі. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйі. Аморфты полимерлердің бір күйден екінші күйге температуралық ауысуы. Аморфты полимерлердің шынытәріздес күйі және шынылану процесі. Аморфты полимерлердің деформациялық қасиеттері. Мәжбүр эластикалық күй. Морт және морт емес аморфты денелер. Морттылық температурасы, оны анықтау және оның молекулалық массадан тәуелділігі.



Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері. Аморфты полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдарының түрлері. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйлері. Полимерлерді зерттеудің термомеханикалық әдістері.

1

9

Жоғары эластикалық деформация. Полимерлердің тұтқырсерпімді күйлері.

Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйлері. Идеальді каучуктің эластикалығы. Тепе-тең серпімді күш пен созылу арасындағы байланыс. Шынылану температурасы мен ағу температурасының полимердің молекулалық массасынан тәуелділігі. Механикалық сегмент түсінігі. Полимерлердегі релаксациялық процестер. Гистерезис құбылысы. Полимерлердің, макромолекулалардың ұзынтізбекті құрылымына негізделген, тұтқыраққыш күйдегі қасиеттерінің ерекшеліктері. Полимерлердің тұтқыр-серпімді қасиеттерінің феноменологиялық теориясы.

Жоғарыэластикалық күй байқалуға қажетті молекулалық массаның төменгі шегі. Полимерлердің ағуы. Полимерлердің ағуы кезіндегі деформациясы. Полимерлердің құрылымының ағу кезіндегі деформациясы. Полимерлердің тұтқыраққыш қасиеттерінің жиіліктен және температурадан тәуелділігі. Тұтқыр ағу режимінде полимерлерден бұйымдарды қалыптау.




10

Кристалды полимерлер



Кристалды полимерлердің құрылымы және молекуладан жоғары құрылымдары. Кристалдық құрылымдардың түрлері. Кристалдануға қажетті жағдайлар. Полимерлерді кристалдаудың механизмі және кинетикасы. Кристалды полимерлер және олардың физика-механикалық қасиеттері. Кристалды полимерлердің термомеханикалық қисықтары және созылу изотермалары.

Полимерлердің бағдарланған күйлері. Қасиеттердің анизотропиясы. Полимердің бағдарланған күйінің ерекшеліктері. Бағдарлаудың беріктілікке әсері. Созылу кезіндегі кристалдау құбылысы. Талдықтар мен үлдірлерді ерітінділерден және балқымалардан қалыптау принциптері.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет