|
Полимерлер ерітінділерінің физика-химиясы. Ерітіндідегі полимер күйінің теңдеуі. Полимерлердің концентрленген ерітінділері
|
бет | 6/33 | Дата | 18.12.2023 | өлшемі | 0,61 Mb. | | #140654 |
| Байланысты: УÐÐ Ñ
им и Ñиз полим каз2 кÑÑÑПолимерлер ерітінділерінің физика-химиясы. Ерітіндідегі полимер күйінің теңдеуі. Полимерлердің концентрленген ерітінділері.
Полиқышқылдар, полинегіздер, полимерлі тұздар, полиамфолиттер. Полимер ерітінділерінің төмен молекулалық заттар негізіндегі коллоидты жүйелермен ұқсастығы мен айырмашылығы. Шекті және шексіз ісіну. Полимердің химиялық табиғаты және оның еруге қабілеттілігі, еру параметрлері. Полимерлер ерітінділерінің термодинамикасы. Полимер-еріткіш жүйесін-дегі фазалық тепе-теңдік. Ерудің дағдарыстық температуралары. Полимер ерітіндісі үстіндегі бу қысымы, идеалдылықтан ауытқу себептері. Полимерлер ерітіндісінің осмос қысымы.
Екінші вириальды коэффициент. Еріткіштің термодинамикалық сапасы. Полимерлердің еруі кезіндегі термодинамикалық параметрлерінің өзгеруі және оған әртүрлі факторлардың әсер етуі. Флори-Хаггинстің полимер ерітіндісі теориясы. Полимер-еріткіш термодинамикалық әрекеттесуінің параметрі (Хаггинс параметрі). “Тэта”-жағдай (-жағдай), тэта-еріткіш (-еріткіш) түсінігі ерітіндідегі макромолекулалның өзгермеген көлемдері ұғымы және иілгіштікті бағалау.
Полимерлердің сұйытылған ерітінділерден концентрленге ауысуы. Конц-н ерітінділердегі макромолекулалардың ассоциациясы және құрылымдануы. Концентрленген ерітінділердің ағу ерекшеліктері. Полимерлі гельдер.. Полиэлектролиттер ерітінді-нің гидродинамикалық қасиеттері..
Келтірілген және сипаттамалық тұтқырлық. Сипаттамалық тұтқырлықтың макромолекуланың молекулалық массасымен және орташа көлемдерімен байланысы. Полимерлерді фракциялаудың физика-химиялық негіздері. Препаративті және аналитикалық фракциялау әдістері. Полимерлердің орташа массалық және орташа сандық молекулалық массаларын анықтау әдістері. Осмометрия, криоскопия, эбулиоскопия. Жарықшашырату мәндері арқылы полимерлердің орташамассалаық молекулалық массасын және инерция радиусын анықтау. Ультрацентрифугада полимерлер ерітіндісінің седиментациясын, седиментациялық тепе-теңдігін анықтау. Ультрацентрифуга әдісімен молекулалық массаның z-орташасын анықтау.
Полимерлерді еріткіш арқылы бұйымға өңдеу: қабыршық- және талшықтүзілу, жабқыштарды қолдану, пластиктерді жасау. Полимерлердің еріткішке төзімділігін болжау. Келтірілген тұтқырлықтың ортаның рН-на, иондық күшіне, полиэлектролиттің концентр-на тәуелділігі. Полиамфолиттер. Изоэлектрлік, изоионды нүкте. Белоктар – амфотерлі полиэлектролиттер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|