Химия факультеті



бет9/15
Дата17.10.2023
өлшемі88,55 Kb.
#116891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализа 2

Анализді жүргізу.Бұл үшін конус тәрізді колбаға 10мл дистилденген су және 5мл 1н гидроксиламин ерітіндісі құйылады. Қоспаны 5 минуттай қойып, араласқан индикатордың қатысында 0,1н сілті ерітіндісімен титрлейді. Гидроксиламиннің қышқылдығы титрлеуге кеткен сілті (мл) мөлшерімен анықталады.
Ацетальдегидті талдау былай жүргізіледі : 1000мл (1л) өлшегіш колбадан пипеткамен 10мл ерітіндіні 100мл-лік конус тәрізді колбаға құйып, оның үстіне 5мл 1н гидроксиламин ерітіндісі қосылады. Ерітіндіні 5-8 минутке қалдырып, сонан соң оған 3-5 тамшы араласқан индикатор тамызады да, сілтімен жасыл түс болғанша титрленеді. (қышқыл ортада индикатор күлгін түс береді, ал сілтілік ортада – жасыл). Есептеуді мына формула бойынша жүргізеді:
Г=(А-В)*0,0044*100,

мұндағы – Г – 1л ерітіндідегі ацетальдегидтің граммен алынған мөлшері; А – титрлеуге кеткен 0,1н сілті ерітіндісінің мл-мен алынған мөлшері; В – 0,1н сілті ерітіндісінің мл-мен алынған гидроксиламиннің қышқылдығы; 0,0044 – граммен алынған ацетальдегидтің титрі 1мл 0,1н сілті ерітіндісіне эквиваленті.


Титрлеудің көрсетуі (берілгені) бойынша ацетальдегидтің %-тік шығымын реакцияға жіберілген және реакцияға түскен ацетиленнің есебінен жүргізіледі. Тәжірбиенің соңында мыналарды жазу керек: жіберілген ацетиленнің көлемі (қ.ж.), реацияға түскен ацетиленнің (қ.ж.) көлемі, жіберілген және реакцияға түскен ацетилен бойынша, ацетальдегидтің %-тік шығымы. Барлық тәжірибелердің нәтижелерін кестеге жазады.
6 кесте


Процестің қорытынды нәтижелері

СН2SO4


%

СFe2(SO4)3


%

W,
сағ-1




QR, %


Vж


мл

Vт


мл










Мұндағы, CH2SO4– күкірт қышқылының концентрациясы % ; CFеSO4 – темір сульфатының концентрациясы %; QR – ацетальдегидтің шығымы, %. Vж- жіберілген ацетилен бойынша, мл; Vт -реакцияға түскен ацетилен бойынша, мл.


Кестедегі көрсеткіштер бойынша, процестің оптимальды жағдайының есебі жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет