Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
«Жаратылыстану ғылымдары » факультеті
“Химия және экология” кафедрасы
БӨЖ
Орындаған: Өтеген Г.
Тобы:ЖХМ-211
Қабылдаған:Жұмаділла Ш.
Түркістан 2023ж
ЖОСПАР
Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз.
Қазақстандағы идеологиялық жағдайын сипаттау
Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.
Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайындахалықаралық қатынастар дамуы қандай болады?
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласызба? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Негізінде Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аламын. Себебі Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-бабында:
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп жазылған.
Көппартиялық жүйе пайдалы бәсекелестікке жол ашады. Қазақстандағы көппартиялық жүйе тәуелсіздік алғаннан кейін орнады. Себебі, еліміз таңдаған демократиялық жолда көппартиялық жүйенің болуы – заңды. Ал, көппартиялықтың қалыптасуындағы заңнамалық негіздің әрі қарай жетілдірілуі, жаңартылуы 1996 жылы қабылданған «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарда көрініс тапты. Қазақстан азаматтарының еркін түрде топ құру құқығы осы заңдар арқылы жүзеге асты. Партиялық қызметтің қандай да бір деңгейдегі құқықтық негізі қаланды. Дей тұрғанмен осы кезеңдегі саяси партиялар өз дәрежесінде саяси шешімдер қабылдауға ықпал етті деп айта алмаймыз. Саяси партиялар туралы 1996 жылы «Саяси партиялар туралы» арнайы заң саяси партиялар қызметін жандандыра алған жоқ. Бұл кезеңде өмір сүрген партиялар саны 2-ден 10-ға дейін артты. Бірақ саяси партиялар билік пен халық арасындағы байланыс орнатушы құрылым рөлін атқара алған жоқ. «Сайлау туралы» заңға енгізілген толықтыруларға байланысты 1999 жылы Президенттік сайлау мен Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау саяси партиялар арасындағы бәсекелестікті ұлғайтты. Сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер нәтижесінде партиялар бұрынғыдан да көбейіп 10-нан 15- ке дейін барды. Бірақ 2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» қабылдаған жаңа заңы саяси партияларды құруды және мемлекеттік тіркеуден өткізу шарттарын қиындатып жіберді. Сәйкесінше еліміздегі саяси партиялар саны азайып кетті. Саяси партияны құру мен оны мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін сандық талаптардың артуы, шарттардың қатқылдануы туралы әртүрлі болжам жасауға болады. Бір жағынан саяси партия құрудың талаптарын жоғарылату оның қоғамдағы беделін арттыруды мақсат етті деуге болады. Өйткені саяси партия көпшілік топтың көзқарасын білдіретін ұйым болып саналады. Саяси партиялар туралы жаңа заң ірі саяси ұйымдарды қалыптастыруға бағытталған, яғни партиялық-саяси үрдіс субъектілерінің іріленуіне алып келуі тиіс болды. Екінші жағынан алып қарасақ, саяси партияға тұрақты мүшелікті талап ету, қоғамдағы азаматтардың саяси партия құруға деген ұмытылысын басып тастап, саяси партиядан алшақтауына алып келеді. Оларды саяси партияға мүшелікке өткізу қиындық тудыруы мүмкін.
Қорыта айтқанда Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы жалғасуда және толыққанды тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға әлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дәстүрлі міндеттермен қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын және өтпелі қоғамды Қазақстанның ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр
Достарыңызбен бөлісу: |