Сабақтың ортасы
|
Тыңдалымалды тапсырмасы:
- Сендердің суға қарым-қатынастарың қандай?
- Судың қандай қасиеттерің білесіңдер?
Оқушылар «Судың емдік қасиеттері» атты тыңдалым мәтінін тыңдайды.
Тыңдалым тапсырмасы:
1. Адам денесіндегі су мөлшері қандай?
қан
бұлшық ет
ми
сүйек
2. Адам организімінде судың жетіспеуінен пайда болуы мүмкін аурулар:
3. Адам күніне қанша мөлшерде су ішуі тиіс?
_____________________________________________
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
1. «Судың адамға тигізер пайдасы» тақырыбында мәтін құрастырыңдар. Мәтін құрау барысында есімдікті орынды қолдан.
Сабаққа қажетті теориялық ақпарат:
Есімдік зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Есімдік басқа сөз табынан мағына жағынан да, тұлғалық жағынан да ажырайды. Есімдіктер абстракті «ол –инженер.» және субстантивті түрде болады.Субстантивті есімдіктер және –мен- есімдігінен басқасы көптік жалғауды қабылдайды.Мысалы: сен+дер, не+лер т.б. Бірақ мен+дер болып айтылмайды. Субстантивті есімдіктердің көпшілігі тәуелденеді, септеледі, жіктеледі. Егер есімдік нағыз сын есім мағынасында (атрибуттық есімдік) жұмсалып тұрса, онда ол ешбір жалғауды қабылдамайды.Мысалы: « Ол қыз бүгін келмеді.»
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1) жіктеу есімдігі;
2) сілтеу есімдігі;
3) сұрау есімдігі;
4) өздік есімдігі;
5) жалпылау есімдігі;
6) болымсыздық есімдігі;
7) белгісіздік есімдігі.
1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.
2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.
3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.
4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері; септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.
5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.
6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.
Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т.б.
Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:
1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.
2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.
3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.
Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.
7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;
әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан; әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кім деген сөздер жатады.
Белгісіздік есімдіктерінің ерекшеліктері:
1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз есімдіктерімен тіркескенде бірге жазылады: әлдебіреу, әркім, біраз, әрқалай, т.б.
Басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады: кей күні, бір бала, әр адам, т.б.
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімде-кім, әркім, әрне, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалып, сөйлемде бастауыш болады. Әркім (кім?) өз ойымен отыр. Әрқайсысы (кім?) әртүрлі пікір айтты.
3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір есімдіктері сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш болады. Кейбір (қай?) оқиға еш ұмытылмайды. Әрбір (қай?) адам өзі үшін жауап береді. Бірнеше (қанша?) оқушы әңгімелесіп тұр.
4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері үстеу мәнінде жұмсалып, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан (қашан?) шындықты айту керек. Әлдеқайдан (қайдан?) бір дыбыс естілді.
|
https://www.youtube.com/watch?v=Dm4RQsTVvQQ
|