Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


Алғашқы сөз: ------------- оқиды



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі23,05 Kb.
#15985
1   2
Алғашқы сөз: ------------- оқиды. (Слайд Фон)

Бар әлемгешынтанылдықміне, біз,


ЕлінсүйгенЕлбасыдепбілеміз.
ТеңаталыпҚазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстантұрегіз.

Күнгебеттеп бара жатыркөшжүріп,


Елдіңдаңқы бар жаһанғаестіліп.
Елбасынықұрметтейтінерекше
Армысыздар, ақпейілдікөпшілік!

Саламатсыздарма, құрметті оқытушылар, қызметкерлер, магистранттар және студенттер. 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентікүніне арналған «Болашаққа Елбасымен бірге» атты салтанатты іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін және сарабдал саясатымен әлемді мойындата білген Елбасы Н.Ә. Назарбаевты білмейтін адам кемде - кем.

Қазіргідей әлемде түрлі дағдарыстар орын алып, алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанышпен айта аламыз. Сол бейбітшіліктің арқасында елімізді әлем елдері танып, мойындады. Қазақстанның әрбір азаматы болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан аға – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат.

Осыған орай Елбасымыздың құрметіне араналған шарамызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран орындалады
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз _______________________ беріледі.
Мемлекет басшысы биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ», «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Олай болса «Елін сүйген Елі сүйген Елбасы» тақырыбында баяндаманы қабыл алыңыздар.

Орындайтын _________________________________________.(№1 слайд)
2 жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,


Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Бір басында кемеңгерлік, даналық,


Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін ТұңғышПрезиденттің күніне
Әсем күйді шырқата бір салалық!(Күй ойналады, №2 фон)
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн


Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.(Видеофильм)

Әнге толсын барлық қала ауыл бар 


Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының күнін мына ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Жігіттер өлең оқиды: _____________________ (жай музыка, видеофильм)
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Баяндама. Орындайтын: ______________________________. (№3 слайд)
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

Оянады көңілден қайдағы арман,


Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.(Ән) (Видеофильм)

Тәуелсіздік оңаймен келген емес,


Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе!(Білезік биі)

Олай болса келесі кезекті сұрақ жауап түріндегі интеллектуалды ойынға берелік. (Жүргізуші сұрақтар жазылған номерлерді ортаға қойып көрермендерді кезек кезек шақырып сұрақтарға жауап алады.)



Азаттық, теңдік әлемі,


Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Тудың желбірегені - ән.
(Ту ұстаған студенттер залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)

Елі үшін олжа салып қиырдан,


Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Ел тынысын тереңінен танып кең,


Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ал құрметті көрермендер осымен Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті күніне арналған мерекелік салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламатта болыңыздар.


Сахна жабылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет