Реактивтер мен құралдар: сілтілік металдар мен галогендердің үлгілері,
натрий, цилиндрдегі хлор газы, алюминий, цинк сульфаты, 15 – 20 % натрий
гидроксиді, су, стақан, спиртшам
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. . Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.
ІV. Бейорганикалық қосылыстар кластары туралы қорытынды жасау.
V. Жаңа сабақ «Элементтердің табиғи топтары, олардың қасиеттері»
Өткен ғасырдың 50 – жылдары элементтерді металдарға және
бейметалдарға бөліп, оларға тән қасиеттер анықталды. Элементтерді жіктеу
негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туа
бастады. Нағыз металдарға негіздік оксидтер, оған негіздер сәйкес келеді. Ал
нағыз бейметалдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзеді, металдар ондай қосылыс
түзбейді. Кейбір элементтердің металға да, бейметалға да тән қасиет көрсетуіне
қарай екідайлы қасиет көрсететіні белгілі болды.
Лабораториялық тәжірибені көрнекі көрсету: мырыш гидроксидінің
қышқылда да, сілтіде де еріп, тұз түзетінін бақылау, дәлелдеу.
VІ. Жаттығу жұмыстары.
№1 Р.т.ж.: Mg → MgO → MgCl
2
→ Mg(OH)
2
→ MgSO
4
металл
№2 K→ K
2
O → KOH → KNO
3
нағыз металл
№3 S →SO
2
→ H
2
SO
3
→ Na
2
SO
3
бейметалл
№4 Zn → ZnO → ZnSO
4
екідайлы элемент
↓
Na
2
ZnО
2
VІІ. Бекіту.1. Металдарға қандай қасиет ортақ?
2. Бейметалдарға қандай қасиет ортақ?
3. Екідайлы элементтерге қандай қасиет ортақ?
4. Осы аталған топтарды жеке – жеке сипаттап, оларға тән химиялық
қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелде.
5. Оқулықпен жұмыс. №4 – 6 жаттығулар (136 бет)
VІІІ. Қорытынды жасау.
23
Химиялық элементтер көптеген ортақ қасиеттеріне байланысты: сілтілік
металдар, сілтілік жер металдар, галогендер, инертті газдар деп аталатын
табиғи топтарға жіктеледі. Оларға тән ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
ата.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §50,51 оқу, №2,5,6 жаттығулар, № 5 – 15, - 20 валенттілік тақырыбын
қайталау
17-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
Сабақтың мақсаты: периодтық заңның мәнін, оның негізгі қағидаларын
түсіну; әрбір элементке тән химиялық қасиеттерді талдай отырып, олар
периодтық жүйеде орналасуына байланысты екенін түсіндіру; элементтер мен
олардың қосылыстары жайлы мағлұмат алу үшін периодтық заңның маңызын
түсіну қажеттігін білу
Реактивтер мен құралдар: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. . Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.
1. Қандай қасиеттері бойынша элементтер жіктеледі?
2. Элементтер неше топқа бөлінеді?
3. Металдарды атап бер. Физикалық қасиеттерін сипатта.
4. Бейметалдарды атап шық. Физикалық қасиеттерін сипатта.
5. Қандай химиялық қасиеттері бойынша олар ажыратылады?
ІV. Элементтердің табиғи топтары, олардың қасиеттері туралы
қорытынды жасау.
V. Жаңа сабақ «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы»
Д.И.Менделеев химиялық элементтерді жіктеуді одан әрі
жалғастырғанда, олардың салыстырмалы атомдық массасының өсу ретімен
орналастыруды басшылыққа алған. Сонда элементтер қасиеттерінің белгілі бір
элементтен кейін қайталанатынына көңіл аударған. Сөйтіп, қасиеттері ұқсас
элементтерді бірінің астына бірін орналастыру нәтижесінде табиғи топтар
анықталған. Мұның өзі Д.И.Менделеевке элементтерді салыстырмалы атомдық
массаларының өсу реті бойынша орналастырып, периодтық заңды ашуға
мүмкіндік берді. Қазіргі кездегі атом құрылысы теориясы тұрғысынан
периодтық заңның ережесі: химиялық элементтің, олар түзетін жай заттарының
және қосылыстарының қасиеті атом ядросының зарядына периодты түрде
тәуелді болады.
VІ. Жаттығу жұмыстары.
1. Период дегеніміз не? Бір период ішінде орналасқан элементтер қасиеттерінің
өзгеру заңдылықтары қандай?
2. Мына элементтерді металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруі
бойынша орналастырыңдар: Cl, Mg, S, F, C, I, Na, Al, O. Валенттіліктерінің
өзгеру заңдылығын түсіндіріңдер.
24
3. 3 – периодтан қасиеттері: а) борға; ә) көміртекке ұқсас элементтерді
табыңдар.Жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
VІІ. Бекіту
1. Неше период бар? Периодтың нөмірінің физикалық мәні неде?
2. Неше топ бар? Топтың нөмірінің физикалық мәні неде?
3. Периодтық заңның оқылуын айтып, мағынасын түсіндір.
VІІІ. Қорытынды жасау
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §52 оқу, №7,8 жаттығулар, № 5 – 26, - 30 атомдық масса тақырыбын
қайталау.
18-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері
Сабақтың мақсаты: атомдар бір – бірімен әрекеттескенде олардың арасында
не себепті байланыс түзілетінін түсіндіру; химиялық байланыс ұғымын енгізу
арқылы атом құрылысы мен оның қасиеті жайлы көзқарасты нақтылау;
оқушыларды химиялық байланыс типін ажырата білуге үйрету
Реактивтер мен құралдар: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
1. а) берілген хлор мен бром; ә) магний мен натрий; б) фосфор мен хлор
элемент атомдарының электртерістік мәндерін салыстырыңдар.
2. Электртерістік топ және топшада, периодта қалай өзгереді?
3. Фосфор мен сутек, хлор мен көміртек, оттек пен кремний бинарлы
қосылыстарының формуласын құрыңдар.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.
Химиялық байланыс деген не?
ІV. Электртерістігі бірдей немесе әр түрлі атомдар арасында химиялық
байланыс түзілетіндігі туралы қорытынды жасау.
V. Жаңа сабақ «Химиялық байланыстың негізгі түрлері»
1. Химиялық байланыс деп молекуладағы атомдар арасында пайда болатын
өзара байланыс.
2. Химиялық байланыс түрлері(ковалентті полюссіз, полюсті, иондық,
металдық, сутектік)НF, N
2
, NaCl байланыс түзілуін түсіндіру.
3. Химиялық байланыс типтері
Полюссіз Полюсті Иондық
А мен А А мен В А мен В
Бірдей бейметалл Әр түрлі бейметалл Металл мен бейметалл
А:А А:В А
+
В
-
VІ. Жаттығу жұмыстары1. Мына қосылыстардағы: N
2
, NО, NН
3
, Nа
3
N
атомдары арасында қандай химиялық байланыс түзіледі?
25
2. Мына галогенсутектердің арасындағы байланыстардың қайсысы: НF, НCl,
НВr, HI берік болады?
VІІ. Бекіту
1. Атомдағы электронның бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?
2. Жұптасқан ж/е жұптаспаған электрон деген не? Сыртқы энергетикалық
деңгейшесінде жұптасқан ж/е жұптаспаған электрондары бар элементті ата.
3. Бірдей энергетикалық деңгейшеде орналасқан р – электрондардың бір –
бірінен айырмашылығы неде?
VІІІ. Қорытынды жасау Инертті газдардан басқа элементтер атомындағы
элеуктрондық конфигурация тұрақты емес, сол себепті олар химиялық
белсенді.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §62 оқу, №1-5 жаттығулар, № 6 – 11, - 16 жинақтан
19-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Хлордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,
қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Галогендердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық
жүйедегі орны жайлы бұрын алған білімдерін толықтырып жүйелеу,
затқұрылысы жайлы алған білімдері бойынша элементті сипаттаудағы дағдыны
қалыптастыру
Реактивтер мен құралдар: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. . Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
ІІ1. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.
ІV. Қорытындылау.
V. Жаңа сабақ «Хлордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,
қасиеттері» Галогендердің сыртқы электрондық қабатын толтыруға 1 электрон
жетпейді, демек олар тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Енді галогендердің рет
нөмірі артқан сайын қасиеті қалай өзгеретінін қарастырайық.
1. Электрондық деңгей саны артады.
2. Элемент атомының радиусы артады.
3. Сыртқы электрон атом ядросынан қашықтайды да, оның ядроға тартылуы
азаяды.
4. Электртерістік төмендейді.
5. Бейметалдық қасиет азаяды, тотықтырғыштық қабілеті әлсірейді. Галогендер
молекулалары 2 атомнан тұрады.
Формул
а
M
r
Байланыс
типі
Тотықтырғыш
қасиеті
Тотықсыздандырғыш
қасиеті
Сутектік
қосылысы
F
2
Cl
2
Br
2
I
2
38
71
160
254
F ..F
Cl.. Cl
Br..Br
I ..I
ар
та
ды
ар
та
ды
HF
HCl
HBr
HI
Оқулықпен жұмыс істеп, кестені толтырады.
26
VІ. Жаттығу жұмыстары
1. Галогендердің физикалық қасиеттері қалай өзгереді?
2. Тотықтырғыштық қасиеті ең жоғары қай галоген?
3. Хлор сутекпен, металдармен реакцияға түскенде тотығу дәрежесі қандай
болады?
VІІ. Бекіту
1. Хлор атомының тотығу дәрежесі +3, +5, +7 болып өзгеретін себебін түсіндір.
2. Аузы берік жабылған ыдыста 8л хлор мен 12л сутек әрекеттесіп, хлорсутек
түзіледі.Қай газ және қандай мөлшерде артық қалады?
3. № 7 – 29 есепті жинақтан шығару.
VІІІ. Қорытынды жасау
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: §68 оқу, № 8 жаттығулар, № 7 - 34 жинақтан.
20-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Хлордың алынуы, қолданылуы
Сабақтың мақсаты: Галогендер және хлордың табиғаттағы қосылыстары
жайлы білімді жүйелеу және қорытындылау
Реактивтер мен құралдар: Концентрлі тұз қышқылы, марганец (ІV) оксиді,
мыс, темір ұнтағы, натрий
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.Үй тапсырмасының орындалуын
бағалау.
ІV. Жаңа сабақ «Хлордың алынуы, қолданылуы»
1. Хлорды алу.
Өнеркәсіпте: Концентрлі ас тұзының судағы ерітіндісін электролиздеу арқылы
алады(Павлодар химия комбинатында).
Лабораторияда:
Күшті тотықтырғыштарға MnO
2
, KClO
3
, KMnO
4
– на конц. тұз
қышқылымен әсер етіп алады:
MnO
2
+ 4НСl = Cl
2
+ MnCl
2
+ 2Н
2
О
KClO
3
+ 6НСl
→
t
3Cl
2
+ KCl + 3Н
2
О баяу қыздыру қажет, қопарылу мүмкін
KMnO
4
+ 16НСl = 5Cl
2
+ 2MnCl
2
+ 2KCl + 8Н
2
О
2. Қолданылуы. Слайдты көрнекі көрсете отырып түсіндіру, электрондық
оқулықтан көрсету
V. Жаттығу жұмыстары
1. Массасы 43,5 г MnO
2
– ін конц. тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қ.ж. – да
қанша көлем хлор алуға болатынын есепте.
2. Суда еріткеннен кейін хлорсутек қышқылынан 100 г 15% - тік тұз қышқылы
алынса, хлордың қанша көлемі керек?
VІ. Бекіту
1. Хлордың қолданылуы туралы айтып бер.
2. Хлорды лабораторияда алу жолдарын түсіндір.
27
Тиісті реакция теңдеулерін жаз.
3. Галогендердің қасиеттерін салыстырмалы түрде түсіндір.
4. Олармен жұмыс барысында неге сақтық қажет?
5. Галогендердің қосылыстары туралы не білдің?
6. Швед ғалымы К. Шееле қашан және қандай әдіспен хлорды алды?
7. Павлодар химия зауытында хлорды қандай жолмен алған? Түсіндір.
VІІ. Қорытынды жасау
Хлорды өнеркәсіпте ас тұзынан алады. Лабораторияда кейбір күшті
тотықтырғыштарға тұз қышқылымен әсер етіп алады. Хлор әр түрлі мақсатта
химия өнеркәсібінде және дәрі – дәрмек, бояулар, пластмасса, т.б. алу үшін
қолданады.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге: §69 оқу, №6 жаттығулар, экологиялық тақырыпқа есеп құрастырып
және шығарып келу, сілтілік металдар мен галогендер тақырыбына презентация
дайындау
21-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Хлорсутек. Тұз қышқылы. Хлоридтер.
Сабақтың мақсаты: Галогенсутектердің құрылысы, байланыс типі,
кристалдық торлары, заттардың химиялық қасиеттері туралы бұрын алған
білімдерін тереңдетіп, оны жүйелеу, табиғи хлоридтердің кездесетін жерлеріне
тоқталу
Реактивтер мен құралдар: Қатты ас тұзы, конц. күкірт қышқылы, мыс оксиді,
темір оксиді, сілті, индикаторлар, газ алатын құралдар, стақан, сынауық, құты,
калий бромиді, иодиді, тұз қышқылы, күміс нитраты.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
1. Айналу реакция теңдеулерін жаз: хлор →тұз қышқылы→натрий
хлориді→күміс хлориді. Осы реакциялардағы тотықтырғыш,
тотықсыздандырғыштарын көрсет.
2. Фтордан иодқа дейінгі галогендердің тотықтырғыштық қасиеті қалай
өзгереді?
3. Не себепті хлор таза күйде табиғатта кездеспейді?
4. 87г хл
MnO
2
+ 4НСl = Cl
2
+ MnCl
2
+ 2Н
2
О берілген теңдеу бойынша есеп
құрастырып, оны шығар.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.Үй тапсырмасының орындалуын
бағалау.
ІV. Жаңа сабақ «Хлорсутек. Тұз қышқылы. Хлоридтер»
Жоспар бойынша оқулықпен жұмыс нәтижесінде сызбанұсқалар құрастырып,
өздігінен жұмыс орындату.
1. Хлорсутектің алынуы.
2. Барлық қышқылдарға және өзіне ғана тән қасиеттері.
28
3. Хлоридтер, олардың Қазақстанда кездесетін жерлері. Қолданылуы.
4. Хлорид –ионға сапалық реакцияны жүзеге асыру: НСl, NaСl, KBr, KI
ерітінділері бар сынауықтарға AgNO
3
ерітіндісін тамызу арқылы хлорид –
ионды анықтау. Байқаған тәжірибелердің теңдеуін өз бетінше жазып,
қорытындылайды.
V. Жаттығу жұмыстары
1. Оқулықтан 1-3 жаттығуларға ауызша жауап беру.
VІ. Бекіту
1. №4, 7 есептерді шығару
VІІ. Қорытынды жасау
Хлорсутек өткір иісті, суда жақсы еритін түссіз газ. Ол күшті қышқыл, кернеу
қатарындағы сутекке дейінгі металдармен, металл оксидтерімен,
гидроксидтерімен шабытты әрекеттеседі. Хлорсутек газын өнеркәсіпте хлор
мен сутекті тікелей әрекеттестіріп алса, лабораториядаас тұзына күкірт
қышқылымен әсер ету арқылы алады.Тұз қышқылының тұздары – хлоридтер,
олар тұрмыста, медицинада, химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге: §70 оқу, №5, 6, 8 жаттығулар.
22-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Фтор, бром және йод.
Сабақтың мақсаты: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасқан
басқа галогендер – фтор, бром, йодты атом құрылысы тұрғысынан қарастыру
арқылы бұрын алған білімдерін жүйелеу, галогендер туысындағы атомдардың
бірін –бірі ығыстыру қасиетіне салыстырмалы сипаттама беру байланыс типі,
кристалдық торлары, заттардың химиялық қасиеттері туралы бұрын алған
білімдерін тереңдетіп, оны жүйелеу
Реактивтер мен құралдар: периодтық жүйе
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
1. Хлорсутектің физикалық қасиеттері.
2. Тұз қышқылының химилық қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін
жазыңдар.
3. Лабораторияда және өнеркәсіпте хлорсутекті неден және қалай алады?
4. 14 г х г Есептің мазмұнын берілген теңдеу бойынша
Si + 2F
2
= SiF
4
құрастырып оны орында.
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.Үй тапсырмасының орындалуын
бағалау.
ІV. Жаңа сабақ «Фтор, бром және йод.»
Жоспар бойынша оқулықпен жұмыс нәтижесінде сызбанұсқалар құрастырып,
өздігінен жұмыс орындату.
1. Галогендердің физикалық қасиеттері.
2. Галогендердің химиялық қасиеттері.
29
3. Галогендердің бірін –бірі ығыстыруы.
4. Галогендердің қолданылуы.
V. Жаттығу жұмыстары
1. Оқулықтан 1-3 жаттығуларға ауызша жауап беру.
VІ. Бекіту
1. №4, 5 есептерді шығару
2. Галогендердің табиғатта таралуы.
3. Баллонда 30 кг сұйық хлор бар. Қалыпты жағдайда осы хлордың алатын
көлемін анықтаңдар.
4. 40,5 г мыс хлориді түзілсе хлорда мыстың қанша массасы жанғаны?
5. Құрамы төмендегідей қоспа жарылды: а) 54 % хлор және 46 % сутек
ә) 54 % сутек және 46 % хлор. Жарылғаннан кейінгі әрбір қоспаның құрамын
анықтаңдар.Жауаптарыңды есептеулермен дәлелдеңдер.
6. Құбырдағы және минералды суда хлордың бар екенін қалай анықтауға
болады?
VІІ. Қорытынды жасау
Галогендердің тотықтырғыш қасиеттері фтордан йодқа қарай кемиді. Белсенді
гелоген өзінен белсенділігі аздау галогендерді қосылыстарынан ығыстырып
шығарады.
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге: §71оқу, №5, 6, 8 жаттығулар.
23-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Сілтілік металдар. Галогендер» тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасқан
сілтілік металдар мен галогендер – натрий, калий, фтор, бром, йодты атом
құрылысы тұрғысынан қарастыру арқылы бұрын алған білімдерін жүйелеу;
галогендер туыстастарындағы атомдардың бірін – бірі ығыстыру қасиетіне
салыстырмалы сипаттама беру.
Реактивтер мен құралдар: периодтық жүйе, натрий хлориді, калий бромиді,
бром суы, тұз қышқылы, күміс нитраты, ерітінділері, сынауық, стақан
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы.
1. Галогендердің физикалық қасиеттерін салыстыра отырып айтып беріңдер.
2. 2 моль хлордан алынған хлорсутекті судан өткізіп, одан соң күміс
нитратымен әрекеттестіргенде ақ тұнба түзілген. Тұнбаның массасын табыңдар.
3. Берілгені: күміс, күміс нитраты, натрий гидроксиді, темір, мыс, мыс(ІІ)
оксиді. Осылардың қайсысымен бромсутек әрекеттеседі?
ІІІ. Жаңа білімді қабылдауға дайындық кезеңі.Үй тапсырмасының орындалуын
бағалау.
ІV. Жаңа сабақ «Сілтілік металдар. Галогендер» тақырыбын қайталау
1. Сілтілік металдар периодтық жүйеде қайда орналасқан? Оларды ата.
2. Сілтілік металдардың қасиеттері реттік нөмірі артқан сайын қалай өзгереді?
30
3. Галогендер топшасына жалпы сипаттама бер. Олардың физикалық,
химиялық қасиеттері қалай өзгереді? Реакция теңдеулері арқылы дәлелде.
4. Хлордың алынуы, қолданылуы.
5. Хлорсутек, тұз қышқылы.
6. Фтор, бром, йодтың қасиеттері, қолданылуы.
V. Жаттығу жұмыстары
1. Көлемі 8,96 л хлорсутекті алу үшін реагенттерден қанша көлем алу қажет?
2. Мыналарды: а) тұз қышқылын; б) кальций хлоридін; в) алюминий хлоридін
қандай сапалық реакция көмегімен анықтайды? Реакция теңдеулерін жазып
түсіндіріңдер.
3. Массалық үлесі 14,6 % НСl бар тұз қышқылының 200 г ерітіндісінде қанша
көлем хлорсутек болады?
4. Массасы 58,5 г ас тұзын концентрациялы күкірт қышқылының артық
мөлшерімен әрекеттестіруден алынған хлорсутек газы 146 г суда ерітілген. Осы
ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесі (%) қанша?
VІ. БекітуҮІІ. Қорытынды жасау
VІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге: §65 – 71 оқу, №3, 6 есептер
3. 43,5 г MnO
2
– ін концентрациялы тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қ.ж. –
да қанша көлем хлор алуға болады?
6. 100 г суда 6,72 л хлорсутек ерітілді. Осы ерітіндідегі НСl – дің массалық
үлесін % - бен есепте.
31
Тақырып: “Зат және оның қасиеттері”
1-нұсқа 2- нұсқа
1.Затты анықтаңыз 1.Затты анықтаңыз:
а) сынауық а) оттегі
ә) бор ә) мақта
б) темір б) ацетон
в) шеге в) түтік
г) су г) қолба
2.Қатесін табыңыз: 2.Қатесін табыңыз:
Дене Зат Дене Зат
1. Шеге 1. Алюминий 1. Стол 1. Темір
2. Парта 2. Су 2. Сутек 2. Мұз
3. Дәптер 3. Бензол 3. Орындық 3. Сода
4. Темір 4. Түтік 4. Есік 4. Бор
5. Қалам 5. Мұз қиыршығы 5. Сызғыш 5. Сірке суы
3.Заттардың ерекшелігін анықтайтын белгілер:
а) балқу температурасы а) түсі
ә) молекула радиусы ә) электрөткізгіштігі
б) қаттылығы б) молекула пішіні
в) молекула массасы в) атом радиусы.
4.Көп нүктенің орнына сәйкес жауабын жаз:
Қант ұнтағы мен бор ұнтағын ... Тұз бен қант ұнтақтарын ...
байланыста ажыратуға болады. байланысты ажыратуға болады.
а) түсіне а) суда ерігіштігіне
ә) суда ерігіштігіне ә) балқу температурасына
б) дәміне б) түсіне
5.Заттар мен денелер арасындағы сәйкестікті бағдаршамен көрсетіңіз:
1.крахмал 1. тол
2.қалам а)дене 2. сода
3.күкірт б)зат 3. сірке қышқылы
4.темір 4. парта
5.стакан 5. мұз
6.Термометр көмегімен... Ареометр көмегімен...
анықтауға болады
а) суда ерігіштігін
ә) магнитке тартылуын
б) қаттылығын
в) тығыздығын
г) электр өткізгіштігін
32
|