«Химия»,«Химия-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Күндізгі бөлімге дайындық мерзімі - 4 жыл. Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия-биологиялық білім беру саласындағы кәсіби қызметке бағдарланған пәнаралық, практикалық-зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары бар жоғары білікті құзыретті педагогты даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері
білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ЖОО-дағы инновациялық тәжірибе негізінде мұғалімнің көпмәдениетті тұлғасын дамыту және қалыптастыру үшін қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;
білім алушылардың кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға уәждемесін қалыптастыру негізінде ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес білім беру сапасының деңгейін арттыру;