Химия мұҒалімін даярлауда бб мазмұНЫ



бет3/5
Дата16.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#116321
1   2   3   4   5
Байланысты:
5- Дәріс Химия мұғалімін даярлауда ББ мазмұны.

2. Негізгі құзыреттер (НК):
1) жоғары жүйке қызметінің процестерін бағалау және талдау мақсатында жас кезеңдерінің ерекшеліктерін, даму дағдарыстары мен қауіп факторларын ескере отырып, адамның психикалық жұмысының ерекшелігін анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу; білім алушылардың білім беру ортасы мен пән мазмұнын меңгеру деңгейіне зерттеулер жүргізу және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін дербес пайдалану;
2) білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие қызметі мен инклюзивті білім берудің әдістемелері мен технологияларын әртүрлі жас кезеңдерінде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеу ерекшеліктері туралы білім негізінде қолдану; педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп ережелерін сақтай отырып, , білім алушылардың жеке басына құрмет көрсете отырып, дәстүрлі және инклюзивті білім берудің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін оқыту және тәрбиелеу құралдарын білім беру әдістері мен технологияларын таңдау;
3) кәсіби құжаттаманы мемлекеттік және шет тілдерінде пайдалану; кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде қазақ, орыс және шет тілдерін пайдалану; өз ұстанымын дәлелді түрде баяндау және ғылыми пікірталастар жүргізу; шетелдік журналдардағы ғылыми мақалаларды және халықаралық конференциялардағы баяндамаларды қабылдау және талдау;
4) Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесін жоспарлау, құрастыру және талдау және өзге мәдениетке, өзге өмір салтына толерантты көзқарас қалыптастыру; оқу және оқудан тыс қызметте оқитын білім алушыларды тәрбиелеу және рухани-адамгершілік дамыту міндеттерін шешу; сыныптан тыс жұмыс бағдарламаларын әзірлеу; білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне баулу, демократиялық стильді ұстану білім алушылармен өзара қарым-қатынас, қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдесу
5) білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер бағдарламасын талдау; сабақтың берілген мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын әзірлеу;
6) педагогикалық процесте педагогикалық қарым-қатынас пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; педагогикалық процестің заңдылықтарына, тәрбие тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жобалау және жүзеге асыру; кәсіптік қоғамдастықтардың өкілдерін оқутәрбие процесіне тарту;
7) білім беру процесінде педагогикалық технологияларды қолдану; білімді бақылаудың заманауи тәсілдері мен құралдарын пайдалану; білім беру мен тәрбиелеу процесіне өз көзқарастарын әзірлеу; оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде АКТ-ны пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет