Жұмсарту депоның кермектігін төмендету, яғни әр түрлі физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістер арқылы кальций және магний катиондарының концентрациясын төмендетуді айтады.
Физикалық әдісте суды жұмсарту үшін оны қайнатып, нәтижесінде еритін кальций және магний гидрокаронаттары олардың тұнбаға түсетін карбонаттарына айналады: Са(НСО3)2 = СаСO3↓ +Н2О + СО2. Бұл әдіспен тек уақытша кермектік жойылады.
Химиялық әдіске фосфатты, натрийдің поли- немесе үшполифосфаттарымен жұмсарту жатады:
CaSO4 + 2 NaPO3 = Na2SO4 + Ca(PO3)2↓
және әктік-содалық әдісі – суды кальций гидроксидімен немесе натрий карбонатымен өңдеу:
Са(НСО3)2 + Ca(OH)2 = 2CaCO3 + 2H2O,
CaSO4 + Na2CO3 = CaCO3 + Na2SO4.
Сонымен, химиялық өндірісінде суды дайындау – көп қаражат талап ететін және көп еңбек сіңіруді керек қылатын процесс. Заманауи химия өнеркәсібінде судайындауға кететін күрделі шығындар үлесі химиялық өнім өндіруге кететін жалпы шығындар көлемінін 10-15 % құрайды. Өнеркәсіптік су дайындаудың негізгі операциялары: мөлдірлеу (тұндырғыштарда ағарту), жұмсарту, дегазация, тұзсыздандыру, зиянсыздандыру (5 сурет).
Химия өнеркәсібіндегі ауа Атмосфералық ауа – сарқылмайтын шикізат. Жерден биіктігі 2000 км дейін газ қабықшасын атмосфералық ауа құрайды. Жер атмосферасының жалпы массасы 5100 трлн.т., бұл массаның 90 % биіктігі 16 км қабатта шоғырланған. Ауаны тұрақты құраушы газдар (көлем бойынша %): N2 – 78,16; O2 – 20,90; Ar – 0,93; (He, Ne, Kr, Xe) – 0,01. Техникалық есептеулерде ауаның құрамына 79 % N және 21 % O бар деп алынады. Химия өнеркәсібінде ауаны технологиялық процесте негізінен шикізат және реагент ретінде, сонымен қатар энергетикалық мақсатта (тотықтырғыш ретінде әр түрлі отындарды жандырғанда алынатын жылу энергия алу үшін) қолданады. Ауа сондай-ақ химиялық-технологиялық үрдістерде жылутасымалдағыш және тоңазытушы ретінде қолданылады.
Оттекті тотықтырғыш ретінде қолданғанда энергетикалық пайдалы әсер коэффициентінің өсуіне сәйкес экзотермиялық үрдістердің температурасын арттырады да, біруақытта реакциялық көлемді төмендетеді. Мысалы, HNO3 өндірісінде оттекті қолданғанда азот оксидінің тотығу жылдамдығының 200 есе арттырады. Бұл кезде қондырғының жанасу аппаратының түйіндерінің көлемі 4 есе, ал абсорбционды колонна 30 есе қысқарады.
Сұйытылған газдар (N2, O2, Ar, He және H2) криогенді технологияда: қатты суық алуда және криохимиялық технологияда: таза және өте таза органикалық және бейорганикалық өнімдер, ерекше қасиетке ие қатты фазалы композиттер (ферриттер, пьезокерамика және т.б.) алуда кеңінен қолданылады. Сұйылтылған ауаның қайнау температурасы минус 192 оС, ал сұйытылған газдардың қайнау температурасы 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте. Сұйытылған газдардың қайнау температурасы