Химия пәні кабинетінің жабдықталуы туралы мәлімет



Дата07.06.2023
өлшемі16,66 Kb.
#99550
түріСабақ



Химия пәні кабинетінің жабдықталуы туралы мәлімет
Жақсы жабдықталған кабинет – оқушының жан-жақты білім алуына көмек беретін тіректің бірі.
Сабаққа дайындалу және өткізу кезінде жабдықталған кабинет пен сабақтың көрнекілігі маңызды рөл атқарады.
Кабинет меңгерушісі ретінде мұғалімдер мен оқушыларға пайдалы да тиімді болатын жағын ескердім. Стендтердегі бояудың баланың жүйкесін тоздырмайтын жағымды әсер беретін, көзіне зияны тимейтін жағын ескеру қажет. Кабинеттегі дидактикалық көрнекіліктер 2 түсті. Елтаңбамыздың түсіндей – көгілдір түс пен арасында кең даламыздай – сары түс.
Кабинетті безендіруде мемлекеттік тілді оқытудың ең тиімді жолдарын қарастыра отырып, әдістемелік талапқа сай жоғарғы эстетикалық талғаммен көркем безендірілді. Химия мен Биология бір-бірімен өте тығыз байланыстағы пәндер болып табылады. Сондықтан екі стендке биологиялық түсініктер жазылып көрсетілген. Класс бұрышының тақтайшасыда міндетті құжаттарды салуға әзірленген. Биология бұрышы да қарастырылған.
Кабинетте барлық сыныптарға, яғни 7-9 сыныптарға арналған тест тапсырмалары, грамматиканың барлық салалары бойынша үлестірмелі карточкалар, сюжетті суреттер, көрнекі таблицалар толығымен қамтылған. Ол оқушылардың білімін жетілдіру, тексеру үшін, әрі ауызекі сөйлеу әрекетін дамыту үшін жасалынған.
Кабинетке интерактивті тақта, 1 компьютер орнатылған. Ол оқушыларға білімді жаңа заман талабына сай берудегі ең тиімді жолдардың бірі болып есептеледі. Оқу жылы басында сабақ барысында күнделікті сабақ тақырыбына сай электронды оқулықтарды пайдаланып, қолданып жүрміз. Оқушылар компьютерде e.learning оқу бағдарламасының кітапханасындағы тест жұмыстары және тапсырмаларын орындайды.
Кабинетте барлығы 12парта бар, 2 тақта, ,1 қол жуатын құбыр және екі жабық шкаф бар. Химия кабинетінің зертханалық бөлмесіде бар. Онда барлық зертханаға қажетті құралдары тұрады. Кітап пен оқу құралдарына арналған 2сөре(шкаф) бар. 3 парта, мұғалім орны, 1 компьютер, ауа сорғыш құрылғылары орналасқан.Шкафтарда мұғалімдердің нормативтік құжаттары мен дидактикалық материалдар тұрады.. Сонымен қатар, кабинет паспортталынған, қажетті құжаттар, жүйелік дәптер бар, кабинеттің 5 және 1 жылдық жұмыс жоспары құрылған. Кабинетте өтілетін сабақ кестесі мен оқу кабинетінің жұмыс кестесі жасалынған. Қауіпсіздік ережесі де бар.


Химия кабинетінің меңгерушісі Бегимова А.А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет