Сабақ 2 Тақырып: «Күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар. Жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері. Кәсіби мәтін №14»



бет1/7
Дата10.11.2022
өлшемі37,52 Kb.
#49215
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 практ


Кәсіби саладағы сөйлеу мәдениеті.
Практикалық сабақ 2-2.
Тақырып: «Күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар. Жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері. Кәсіби мәтін №14»
Сабақтың мақсаты: Студенттерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар, жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері туралы түсіндіру. Іс қағаздарын сауатты жүргізуге дағдыландыру.
Сабақтың мазмұны:
1. Құжаттар туралы нақты мәлімет;
2. Жаттығулармен жұмыс;
3. Құжаттардың үлгілерімен жұмыстану.
Өмірбаян
Өмірбаян – жеке тұлғаның жеке өмір жолын хронологиялық жолмен көрсететін ресми құжат. Өмірбаянда адамның дүниеге келген күнінен бастап, өмір жолы, кезеңдері толық беріледі.
Өмірбаян, негізінде, оқуға түсу кезінде, жұмысқа кіру кезінде энциклопедия, конкурсқа деп жазылады.
Өмірбаянда негізінен мына мәліметтер қамтылуы тиіс:

  1. Адамның аты-жөні, әкесінің аты

  2. Туған жылы, айы, күні

  3. Туған жері, елі, аймағы

  4. Ұлты туралы мәлімет

  5. Білімі, бітірген оқу орындары

  6. Қоғамдық-саяси қызметі

  7. Ата-анасы, туыстары

  8. Отбасы мүшелері

  9. Жұмысы, мамандығы

  10. Мекен-жайы

  11. Қосымша мәліметтер

Өмірбаян мазмұнынан жеке адамның өмір жолы, оның әлеуметтік
жағдайы, қасиеттері айқын көрінуі тиіс.
Жеке адам өз өмірбаянын арнайы бланкке немесе таза қағазға өз қолымен анық жазып, соңынан қол қояды.
Өмірбаян
Мен, Кулова Баян, 1975 жылы 3 мамырда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Беленки ауылында дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ.. 1992 жылы қазақ орта мектебін бітірдім. 2001 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы “Педагогика және филология” факультетіне оқуға түсіп, қазір сырттай бөлімнің 5- курсында оқудамын.
2003 жылы Зеленов ауданының Зеленый ауылында жалпы орта білім беру мектебіне тәрбиеші ретінде жұмысқа орналастым. Қазір де сол мектепте жұмыс істеудемін.
Ата-анам бар. Әкем – Ихсанов Айдар, зейнеткер. Анам – Ихсанова Дариға, үй шаруасында.
Тұрмыстамын: Жұбайым – Кулов Мәлік, мектепте мұғалім.
Бір қызым бар: Кулова Айгерім, 7- сынып оқушысы.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін. Ұлттық аспаптарда ойнаймын. Аудандық шахмат ойнының жеңімпазымын
Мекен-жайым: Зеленов ауылы, А. Оразбаева көшесі, 2
20.10.05
қолы
Сөздік
Өмірбаян – автобиография
Туған жер – место рождения
Ел – страна
Аймақ – регион
Облыс – область
Аудан – район
өлке – край
ауыл – село
ұлт – национальность
мәлімет – сведение
қосымша мәліметтер – дополнительные сведения
жоғары білім – высшее образование
орта білім – среднее образование
орта арнаулы білім – среднее специальное образование
сотталған – осужден
сотталмаған – не осужден
үйленгенмін – женат
үйленбегенмін – не женат
бойдақ – холостяк
еңбек жолы – трудовой путь
қызмет еттім – служил
программист-бағдарламашы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет