Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері /7cынып/ (8-10 беттер)



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#108510
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Химия тест 7,8


Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері /7cынып/
(8-10 беттер)
1. Заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе өзара ұқсастығын көрсететін белгілері
A) физикалық дене B) заттардың қасиеттері C) химиялық зат
D) химиялық реакция E) химиялық құбылыс
2. Табиғаттың құпия сырларын, бүкіл әлемдегі заттардың құрамы мен құрылысын, олардың бір-біріне айналуын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі
A) физика B) биология C) география D) химия E) астрономия
3. Физикалық денелер
A) айсберг (мұзтау) B) сода C) шеге D) мыс тиын E) темір
4. Химияның негізгі міндеттері
A) заттарды тазарту әдістері арқылы одан әртүрлі қоспалар дайындау
B) электрэнергиясын алудың тиімді жолдарын зерттеу
C) белгілі бір сипатқа ие, бүгінгі күн талабына сай материалдарды алу
D) заттардың агрегаттық күйіне байланысты қолдануды үйрету
E) әлі де алынбаған заттардың қасиеттерін болжау
5. Заттардың физикалық қасиеттері
A) тығыздығы B) жылуөткізгіштігі C) ашуы D) түсінің өзгеруі E) қаттылығы
6. Заттар мен олардың қасиеттері, заттардың бір-біріне айналуы және осы айналумен қабаттаса жүретін құбылыстар туралы ғылым
A) физика B) биология C) география D) химия E) астрономия
7. Заттар
A) қайшы B) күкірт C) құмыра D) түйреуіш E) ас тұзы
8. Химияның негізгі міндеттеріне жатпайды
A) заттарды тазарту әдістері арқылы одан жоғары дәрежедегі таза заттар алу
B) белгілі бір сипатқа ие, бүгінгі күн талабына сай материалдарды алу
C) заттардың агрегаттық күйіне байланысты қолдануды үйрету
D) заттардың қасиеттерін зерттеу және оларды ісжүзінде қолдануды үйрету
E) әлі де алынбаған заттардың қасиеттерін болжау
9. Болашақта орны толмас олқылықтарға тап болмау үшін адамдар атқаруы тиіс
A) қалдықсыз өндіріс әдістерін қолданып табиғи шикізаттарды тиімді пайдалануы
B) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тұрғын үйлерден қашық жерде сақтауы
C) қалдықсыз өндіріс әдістерін қолданып табиғи шикізаттарды пайдаланбауы
D) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін өркендетуі
E) адамдар өздеріне қажетті заттарды өндіруде қоршаған ортаға зиян келтірмеу жолдарын іздеуі
10. Химияның міндеті
A) адамдарды суықтан қорғау
B) табиғи қорды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау
C) адамзаттың сұранысына қажет химиялық жаңа заттарды алу
D) 7 млрд-қа жуық дүниежүзі халқын тамақтандыру
E) адамзатты ауру-сырқаудан сақтау

Таза заттар және қоспалар /7cынып/


(12-16 беттер)
1. Гомогенді қоспаларды бөлу әдістері
A) тұндыру B) буландыру C) сүзу D) айдау E) магнитпен бөлу
2. Ас тұзын ерітіндіден бөлу әдісі
A) сүзу B) магнитпен бөлу C) буландыру D) тұндыру E) айдау
3. Физикалық қасиеттері тұрақты заттар
A) қоспалар B) біртекті қоспа C) гетерогенді заттар
D) гомогенді заттар E) таза заттар
4. Қоспаларға жатады
A) ерітінділер B) дистилденген су C) құймалар D) ауа E) күкірт
5. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережесіне жатпайды
A) жұмысқа тек қана таза, құрғақ, бүтін ыдыс пайдалану қажет
B) ерітінділердің көлемі сынауықтың 1/3 бөлігінен аз болмауы тиіс
C) Иісті танып білу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек
D) қышқылды сұйылту керек болған жағдайда араластырып жатқан суға қышқылды сыздатып
құю керек
E) бір спиртшаммен екінші спиртшамды тұтандыруға болады
6. Ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру әдісі
A) дистилдеу B) конденсациялау C) буландыру
D) айдау E) кристалдау
7. Құрамындағы бөлшектер жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін қоспалар
A) біртекті қоспалар B) таза заттар
C) әртекті қоспалар D) гомогенді қоспалар
E) гетерогенді қоспалар
8. Таза заттардың қоспалардан ерекшелігі
A) құрамы тұрақты B) физикалық әдістермен бөледі
C) құрамы тұрақсыз D) химиялық әдістермен бөледі
E) физикалық қасиеттері тұрақты
9. Біртекті қоспалар
A) керосин мен су B) ас тұзының судағы ерітіндісі
C) қанттың судағы ерітіндісі D) ас содасының судағы ерітіндісі
E) ас тұзы мен құм
10. Біртекті қоспадан қайнау температуралары әртүрлі заттарды бөлуге негізделген әдіс
A) дистилдеу B) сүзу C) буландыру D) айдау E) кристалдау
11. Гетерогенді қоспаларды бөлу әдістері
A) тұндыру B) буландыру C) сүзу D) айдау E) магнитпен бөлу
12. Таза заттар
A) ерітінділер B) дистилденген су C) қант D) ауа E) күкірт
13. Құрамындағы бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспалар
A) біртекті қоспалар B) таза заттар C) әртекті қоспалар
D) гомогенді қоспалар E) гетерогенді қоспалар
14. Тұндыру әдісімен бөлуге болатын қоспалар
A) сірке қышқылы-су B) бензин-су C) спирт-су
D) өсімдік майы-су E) мұнай-су
15. Біртекті қоспалар агрегаттық күйіне байланысты бөлінеді
A) газ тәрізді B) гомогенді C) сұйық D) қатты E) гетерогенді
16. Гетерогенді қоспалар
A) керосин мен су B) ас тұзының судағы ерітіндісі
C) қанттың судағы ерітіндісі D) ас тұзы мен құм
E) ас содасының судағы ерітіндісі
17. Қоспалардың таза заттардан ерекшелігі
A) құрамы тұрақты B) физикалық әдістермен бөледі
C) құрамы тұрақсыз D) химиялық әдістермен бөледі
E) физикалық қасиеттері тұрақсыз
18. Гомогенді қоспалар
A) таза ауа B) түтін C) шаңды ауа D) ас тұзы мен құмның қоспасы E) бұлақ суы
19. Жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген әдіс
A) тұндыру B) буландыру C) сүзу D) айдау E) магнитпен бөлу
20. Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы суреттерді қоспаларды бөлу әдістеріне сәйкестендіріңіз











A

B

C

D

1) буландыру 2) сүзу 3) тұндыру 4) магнитпен бөлу
A) 1C 2B 3A 4D B) 1C 2B 3D 4A C) 1B 2C 3D 4A D) 1A 2B 3D 4C E) 1D 2B 3C 4A

Физикалық және химиялық құбылыстар /7cынып/


(24-27 беттер)

1. Жай заттардан күрделі зат алу әдісі


A) анализ B) химиялық құбылыс C) талдау D) синтез E) физикалық құбылыс
2. Химиялық реакциялар жүруі үшін орындалуы тиіс шарттар
A) заттарды ұсақтау (еріту)
B) реакция жылдамдығын төмендететін заттарды қолдану
C) заттарды тығыз жанастыру
D) температураны төмендету
E) молекулаларды жанастырмау
3. Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыстар
A) талдау B) физикалық құбылыс C) синтез D) анализ E) химиялық құбылыс
4. Химиялық реацияның белгілері
A) жылудың бөлінуі B) заттардың тығыз жанасуы C) заттарды ұсақтау
D) заттарды бөлшектенуі E) газ түзілуі
5. Түстің өзгеруімен жүретін реакциялар
A) сүттің шіруі
B) малахиттың қыздырған кезде ыдырау
C) ас содасының сірке қышқылымен әрекеттесуі
D) судың булануы
E) болат бұйымдардың бетінде қақтың пайда болуы
6. Физикалық құбылыстар
A) бұлттың түзілуі B) күміс заттардың қараюы C) материалдарды қалыптау
D) қанттың балқуы E) табадағы тамақтың күюі
7. Бір заттан екінші бір зат түзілетін құбылыс
A) талдау B) физикалық құбылыс C) синтез
D) химиялық құбылыс E) анализ
8. Химиялық реакцияның белгілеріне жатпайды
A) заттардың булануы B) түстің өзгеруі C) газдың бөлінуі
D) тұнбаның пайда болуы E) жылудың бөлінуі
9. Химиялық құбылыс кезінде болатын үдерістер
A) жаңа заттар ыдырайды
B) реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері ыдырайды
C) реакцияға түскен заттардың құраушы бөлшектері түзіледі
D) жаңа бөлшектер түзіледі
E) жаңа заттар пайда болады
10. Газдың бөлінуімен жүретін реакция
A) сүттің шіруі B) темірді тот басуы C) ас содасының сірке қышқылымен әрекеттесуі
D) судың булануы E) болат бұйымдардың бетінде қақтың пайда болуы
11. Химиялық құбылыстар
A) күміс заттардың қараюы B) бұлттың түзілуі C) жапырақтың шіруі
D) табадағы тамақтың күюі E) қанттың балқуы
12. Химиялық реакциялар жүруі үшін орындалуы тиіс шарттар
A) температураны төмендету
B) реакция жылдамдығын арттыратын заттарды қолдану
C) молекула арасындағы арақашықтықты арттыру
D) температураны арттыру (жарық беру)
E) молекулаларды жанастырмау
13. Химиялық реацияның белгілері
A) заттардың булануы B) заттардың тығыз жанасуы C) түстің өзгеруі
D) заттардың бөлшектенуі E) тұнбаның пайда болуы
14. Физикалық құбылыстар
A) материалдарды қалыптау B) бұлттың түзілуі C) жұмыртқаның шіруі
D) темірдің балқуы E) бенгаль шырағының жануы
15. Эндотермиялық (жылудың сіңірілуі) реакция
A) сүттің шіруі B) отшашу C) судың булануы D) бұлттың түзілуі E) ас әзірлеу
16. Тұнбаның түсуімен жүретін химиялық реакция
A) сүттің шіруі B) малахиттың қыздырған кезде ыдырау
C) ас содасының сірке қышқылымен әрекеттесуі D) судың булануы
E) болат бұйымдардың бетінде қақтың пайда болуы
17. Су буланған кезде болатын өзгерістер
A) молекула өзгеріске ұшырайды
B) молекулааралық байланыс үзіледі
C) су молекулаларының арақашықтығы үлкейеді
D) молекулааралық байланыс түзіледі
E) молекула өзгеріске ұшырамайды
18. Денедегі жарақатты сутек асқын тотығымен жуғанда қандай құбылыс байқалады?
A) талдау B) физикалық құбылыс C) анализ
D) химиялық құбылыс E) биологиялық құбылыс
19. Экзотермиялық (жылудың бөлінуі) реакция
A) сүттің пісуі B) отшашу C) судың булануы D) бұлттың түзілуі E) ас әзірлеу
20. Қанттан карамельдың алынуы қандай құбылысқа жатады?
A) физикалық құбылыс B) анализ C) биологиялық құбылыс
D) талдау E) химиялық құбылыс

Заттың агрегаттық күйі /7cынып/


(28-32 беттер)
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге көшу процесі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
2. Жылу сіңірілетін процестер
A) балқу B) конденсациялану C) десублимация
D) булану E) кристалдану Ғ) сублимация
3. Сұйық күйдегі заттардың қатты заттардан ерекшелігі
A) пішінін сақтайды B) молекулалары қозғалғыш болады
C) молекулалар арасындағы арақашықтық молекулалар өлшемімен бірдей
D) көлемін сақтайды E) пішінін сақтамайды Ғ) ағады және оңай құйылады
4. Заттың қатты күйден газ тәрізді күйге өту процесі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
5. Кристалдану процесін сипаттайтын құбылыс
A) балқыған темір салқындап қатты
B) жуынатын бөлмедегі шынының беті суланды
C) күн астындағы дымқыл киім кепті
D) шөптің бетіне шық пайда болды
E) балмұздақ ыстық ауада сұйыққа айналды
6. Суретте су әр түрлі күйде болатын график көрсетілген. В және D бөлігіндегі үдерістерді атаңыз

A) кристалдану B) сублимация C) балқу D) конденсация E) қайнау
7. Газ күйіндегі молекулалардың сұйық күйдегі молекулалардан ерекшеліктері
A) кеңістікті түгел толтырады B) көлемін сақтайды C) оңай сығылады
D) ағады және оңай құйылады E) сығу қиын Ғ) газ молекулалары бір-біріне тартылмайды
8. Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуі
A) булану B) кристалдану C) кондесация
D) сублимация E) балқу Ғ) десублимация
9. Төмендегі ақпаратты қолданып, нафталиннің кристалдану процесі жүретін уақыт аралығын
анықтаңдар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет