Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ГЕТЕРОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ГРАВИМЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫНА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет111/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   271
ГЕТЕРОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ГРАВИМЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫНА ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Тигель массасы 8г. Егер оны техникалық таразыда өлшесе, қалай жазу керек?


А 8,000г
В 8,00г
С 0,8г
D 8,0000г
Е 0,08г
2. Бюкс массасы 11г. Егер бюкс аналитикалық таразыда өлшенсе, оның массасы былай жазылады:
А 0,11г
В 11,0000г
С 11,00г
D 11,0г
Е 11,000г
3. Гравиметриялық анализ әдісінің негізі неде?
А Реакцияға кететін реагент ерітіндісінің көлемі өлшенеді
В Анықталатын элемент мөлшері реакция нәтижесінде түзілген зат массасы арқылы табылады
С Реагент ерітіндісінің массасы өлшенеді
D Жауабы А,В,С
Е Жауабы А,С
4. Анализдің дұрыс мәні:
А Параллель анықталған нәтижелер
В Алынған мәннің шын мәнге жақындығы
С Алынған нәтижелердің айырмашылығы
D Орташа шама
Е Дұрыс жауабы А,В
5. 100С Mg(OH)2 ерігіштігі 1,7∙10-4 моль/л, осы температурадағы Mg(OH)2 ерігіштік көбейтіндісін (EK) есептеу керек:
А 1,86∙10-11
В 2∙10-8
С 1,7∙10-6
D 1,7∙10-4
Е 1,6∙10-3
6. Барий ионын барий сульфаты ретінде анықтау үшін барий хлориді кристаллогидратынан алатын үлгі массасы (г):
А 0,15
В 0,52
С 1,5
D мөлшермен
Е 2,5г
7. Тұнбаның толық түсуіне мына фактор әсер етеді:
А тұнбаға түсетін ерітінді мөлшері
В ерітінді рН-ы
С тұнбаға түсетін қосылыстың ерігіштігі
D ерітінді температурасы
Е осы көрсетілген барлық факторлар
8. Анализ үшін тұнбаға түсіретін ерітіндіден алынатын көлем:
А эквивалентті
В мөлшерлеп
С артық мөлшерін
D 1,5 есе артық
Е 3 есе артық
9. Тұнбаға түсіретін ерітіндіге қойылатын талаптар:
А ол ұшатын болуы керек
В ол нашар еритін тұнба түсіруі керек
С ол керек кристаллды тұнбаға түсіруі қажет
D оның 1,5 есе артық мөлшері тұнбаның түсуіне жеткілікті
Е осы көрсетілген факторлардың барлығына жауап беруі керек
10. Барий сульфаты ретінде ерітіндідегі барийді тұнбаға түсіру үшін қажет тұнбаға түсіруші ерітінді:
А натрий сульфаты
В күкірт қышқылы
С аммоний сульфаты
D калий сульфаты
Е осы көрсетілген ерітінділердің кез келгені
11. Кальций сульфатының ерігіштігі 2г/л болса,оның ЕК:
А 2,15∙10-4
В 3,64∙10-5
С 4∙10-2
D 1,4∙10-2
Е 8,3∙10-7
12. Барий сульфатының таза судағы молярлы ерігіштігі (моль/л) ЕК=1,1∙10-10:
А 1,05∙10-5
В 1,1∙10-8
С 5,5∙10-11
D 4,5∙10-8
Е 2,2∙10-6
13. Күміс хроматының таза судағы молярлы ерігіштігі (моль/л) ЕК=2∙10- 12
А 1,4∙10-6
В 1,26∙10-4
С 7,9∙10-5
D 3,95∙10-5
Е 4,3∙10-8
14. Аналитикалық көбейткіш деген:
А анықталған зат массасының гравиметриялық түрінің массасына қатынасы
В гравиметриялық түрі массасының анықталатын зат массасына қатынасы
С гравиметриялық түрі молярлық массасының анықталатын заттың молярлық массасына қатынасы
D анықталатын заттың молярлық массасының гравиметриялық түрінің молярлық массасына қатынасы
Е гравиметриялық түрі массасының тұнбаға түскен түрі массасына қатынасы
15. Гравиметрия әдісімен барийді барий сульфаты ретінде тұнбаға түсіріп, анықтаған. Аналитикалық көбейткіш мәні:
А 0,5879
В 1,698
С 1,177
D 0,2493
Е 0,3116
16. Темір(III) оксидінен темірді анықтау үшін аналитикалық көбейткіш:
А 1,39
В 0,70
С 0,36
D 0,24
Е 3,25
17. Егер темірдің анықталған дәл мәні 0,2000г болса, анализ нәтижесінде
табылған массасы 0,2050г болса, онда салыстырмалы қате:
А 0,005%
В 0,5%
С 2,5%
D 1,025%
Е 0,25%
18. Аз еритін электролиттің ерігіштік көбейтіндісі мына факторларға тәуелді:
А температураға
В заттың табиғатына
С концентрацияға
D температураға, заттың табиғатына
Е қысымға
19. Кристаллды тұнба түзілу үшін қажет жағдайлар:
А ыстық сұйытылған ерітінділерден біртіндеп тұнба түсіру керек
В ыстық сұйытылған ерітіндіден тез тұнба түсіру керек
С суық сұйытылған ерітіндіден біртіндеп тұнбаға түсіру керек
D суық концентрлі ерітіндіден біртіндеп тұнбаға түсіру керек
Е осы көрсетілген жағдайлардың барлығы
20. Аморфты тұнба түзілу үшін қажет жағдайлар:
А ыстық концентрлі ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек
В суық концентрлі ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек
С ыстық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек
D суық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек
Е суық сұйық ерітіндіден баяу тұнбаға түсіру керек
21. Ұсақ кристаллды тұнбаны фильтрлеуге қолданылатын фильтр:
А кәдімгі фильтр, ақ лента
В күлсіз лента, көк фильтр
С күлсіз фильтр, қызыл лента
D кәдімгі фильтр, қызыл лента
Е күлсіз фильтр, ақ лента
22. Барий сульфаты тұнбасын жуу үшін суға мына реагентті қосу керек:
А хлорлы сутек қышқылы
В аммоний хлоридін
С натрий сульфатын
D күкірт қышқылын
Е тек дистильденген сумен
23. Декантация деген:
А тұнбаның үстіндегі сұйықты шыны таяқша бойымен ақырындап төгу
В жуу процесі
С тұнбаға түсіру процесі
D қайта тұнбаға түсіру процесі
Е фильтрлеу процесі
24. Есептеу факторлары (аналитикалық көбейткіш) дегеніміз:
А Анықталатын заттың молекулалық массасының тұнбаға түскен заттың молекулалық массасына қатынасы
В Үлгі (навеска) массасының көлеміне қатынасы
С Заттың иондарының концентрациясының көбейтіндісінің оның молекуласының концентрациясына қатынасы
D Диссоциацияға түскен молекулалар
Е Индикатор түсі өзгеретін аралық
25. Мына көрсетілген тұздардың қайсысы кальцийді анықтауға көбірек тиімді?
А CaSO4 (EK=2,37∙10-5)
B CaCO3 (EK=4,8∙10-9)
C CaC2O4 (EK=5,2∙10-10)
D Ca(NO3)2
E CaCI2
26. 0,1г СаС2О4 тұнбасын 200мл сумен жуғанда еру салдарынан қанша СаС2О4 жоғалады (ЕКСаС2О4=2,3∙10-9),(%):
А 2,4
В 1,2
С 1,4
D 2,0
Е 1,5
27. Анализденетін ерітінді құрамындағы темірді бөлінген Fe2O3 массасы арқылы анықтаса, аналитикалық фактор (F)-нешеге тең?
А 0,6994
В 0,9056
С 0,1873
Д 0,2645
Е 0,7245
28. AgCI үшін ерігіштік көбейтіндісін (ЕК) есептеу керек, егер оның 250С суда ерігіштігі 0,0018г/л болса.
A 1,56∙10-10
B 6,71∙10-8
C 4,83∙10-17
D 6,10∙10-15
E 4,21∙10-5
29. Сандық анализ әдістері былай бөлінеді:
А Химиялық
В Физикалық
С Физика-химиялық
D 1 және 3 пункттерде көрсетілген әдістерге
Е 1,2,3 пункттерде көрсетілген әдістерге
30. Химиялық анализ әдісіне жатады:
А гравиметриялық
В титриметриялық
С фотометриялық
D хроматографиялық
Е 1,2 пункттердегі әдістер
31. Гравиметриялық анализ негізіне мына заңдар жатады:
А құрам тұрақтылық заңы
В масса сақталу заңы
С эквиваленттер заңы
D әрекеттесуші массалар заңы
Е жоғарыда көрсетілген барлық заңдар
32. Таразының сезімталдығы дегеніміз:
А 1мг жүк қосқанда тепе-теңдікте тұрған таразы нүктесінің ауытқыған бөліктері мәні
В таразы бөліктері арасындағы айырмашылығы
С екі қосылған жүк тепе-теңдігі
D вейтографта көрсетілген мән
Е таразы нүктесінің температураға тәуелділігі
33. Аналитикалық таразының дәлдігі:
А 0,0002
В 0,02
С 0,002
D 0,2
Е 0,01
34. Мына тұз кальцийді анықтағанда тұнбаға түсіретін түрі (формасы) болады:
А CaSO4 (EK=2,37∙10-5)
B CaCO3 (EK=4,8∙10-9)
C CaF2 (EK=4∙10-6)
D CaCrO4 (EK=7,1∙10-4)
E CaCI2
35. Кальций оксалатының (CaC2O4) ерігіштік көбейтіндісі 2,57∙10-9 болса, оның ерігіштігі (моль/л):
А 4,02∙10-3
В 5,07∙10-3
С 5,07∙10-9
D 5,07∙10-5
Е 4,5∙10-3
36. Аналитикалық химияның алдында тұрған мәселелерді шешетін әдістер:
А химиялық
В физикалық
С физика-химиялық
D осы көрсетілген әдістердің бәрі
Е жауабы А және С

  1. Барий сульфатының таза судағы молярлы ерігіштігі

(ЕК=1,1∙10-10), моль/л:
А 1,05∙10-5
В 1,1∙10-4
С 5,5∙10-11
D 5,5∙10-3
Е 1,1∙10-6
38. Анализ кезінде тұнбаға түсіруге қажет ерітіндіден алынатын көлем:
А эквивалентті;
В кез-келген көлем
С бір жарым есе артық алады
D 3 есе артық алады
Е 5 есе артық алады
39. Барий ионының массасын барий сульфаты ретінде тұнбаға түсіріп анықтау үшін алынатын барий хлоридінің массасы (г):
А 0,10
В 0,52
С 1-1,5
D кез-келген мөлшерде
Е 0,30
40. Ерітіндідегі барий ионын BaSO4 тұнбасына түсіру үшін алынатын ерітінді:
А натрий сульфаты
В калий сульфаты
С күкірт қышқылы
D аммоний сульфаты
Е осы тұздардың барлығында алуға болады
41. BaSO4 тұнбасын фильтрлеуге қажет фильтр қағазы:
A ”ақ лента”
B ”көк лента”
C ”қызыл лента”
D ”сары лента”
E ”жасыл лента”
42. Барий хлоридінің кристаллогидраты (BaCI2∙2H2O) құрамындағы судың массалық үлесі (%):
А 14,75
В 36,12
С 56,25
D 11,02
Е 47,18
43. Кристалды тұнба түзілу үшін мына жағдай жасалуы керек:
А сұйытылған ыстық ерітіндіден жайлап тұнбаға түсіру керек
В сұйытылған ыстық ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек
С суық сұйытылған ерітіндіден жайлап тұнбаға түсіру керек
D суық сұйытылған ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек
Е ыстық концентрлі ерітіндіден тез тұнбаға түсіру керек
44. Барий сульфаты тұнбасын жуғанда тұнбаны жуатын сұйыққа мына затты қосады:
А хлорлы сутек қышқылын
В аммоний хлоридін
С натрий хлоридін
D натрий сульфатын
Е күкірт қышқылын
45. Декантация деген:
А тұнбаны жуу процесі
В тұнбаға түсіру процесі
С қайта тұнбаға түсіру процесі
D тұнба бетіндегі сұйықты шыны таяқша бойымен жайлап төгу процесі
Е тұнбаны еріту процесі
46. Күміс хроматының таза судағы молярлы ерігіштігі ЕК=2∙10-12, моль/л:
А 1,41∙10-6
В 1,26∙10-4
С 7,92∙10-5
D 3,95∙10-5
Е 4,33∙10-8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет