Көрсетілген мысалдардың қайсысында тұнба дұрыс жуылады:а. 50 мл-ден екі рет; б.10 мл-ден он рет
Күлсіз фильтр, сүзу, тигель дегеніміз не?
Күйдіру, қыздыру, тұнбаны тұрақты массаға келтіру дегеніміз не?
Анықталатын компоненттің іс жүзіндегі анықталған массалық үлесін (%), теориялық % және анықтау қателігін қалай есептейді?
Гравиметриялық(аналитикалық) фактор дегеніміз не? Ол нені сипаттайды? Қалай қолданылады?
Гравиметриялық әдісте өлшеуді қандай дәлдікпен орындау қажет? Қосылыстардың молекулалық массаларын қандай дәлдікпен алу қажет?
Гравиметриялық анықтаудың мәні неде:
а. Темір (II) немесе темір(IIІ)күйінде ме;
б. Сульфат-ионын немесе барий-ионын барий сульфаты күйінде анықтаса, қайсысы дәлірек;
в. Алюминийдің қандай анықтау тәсілдері белгілі;
г. Магний- және фосфат- иондарын магний фосфаты күйінде;
д. Күміс- және хлорид- иондарын күміс хлориді күйінде;
е. Барий хлоридіндегі кристалдық суды;
ж. Карбонаттағы кальцийді.
Бұл анықтауларда қандай әдістемелік қателіктер болуы мүмкін?
Заттарды ұшыру әдісімен не тұнбаға түсіру әдісімен аңықтаудың негізі неде?
Тұнбаға түсу формасы мен гравиметриялық форма дегеніміз не? Оларға қандай талаптар қойылады?
Гравиметриялық анализ жасағанда кальцийді неге аммоний оксалатымен тұнбаға түсіреді? Натрий оксалатын қолдануға бола ма?
Ерігіштік көбейтіндісінің (ЕК) ережесін анықтаңдар. Оның қандай мәні бар?
Кристалды тұнба алу үшін қандай жағдайлар қажет?
Тұнбаны неге жуады? Тұнба жууға қажет сұйықтарды қалай таңдайды?
Күлсіз фильтр деген не?
Есептеу факторлары (аналитикалық көбейткіш, фактор) деген не? Оны қалай анықтайды?
Анализге алынатын заттың мөлшері тұнба түріне (аморфты, кристалды) байланысты неше грамм болуы керек? Оны табу үшін қандай формулалар қолданылады?
Тұнбаға түсіретін заттың көлемін қандай формула арқылы анықтауға болады? Неге оның көлемін өте көп артық мөлшерде алуға болмайды?
Ерітіндінің иондық күші деген не? Мына заттардың 1л ерітіндідегі иондық күшін анықтандар: а.0,1М КСl; б.0,1М K2SO4; в. 0,1М AlCl3 Жауабы: а.0,1; б.0,3; в.0,6.
Мына көрсетілген тұздардың қайсысы кальцийді анықтауға көбірек тиімді.CaSO4 (ЕК=2,3710-5); CаCO3 (ЕК=4,810-9)
36. Кальций оксалатының суда ерігіштігі 0,01М аммоний оксалаты ерітіндісіндегі ерігіштігінен қанша есе артық? Жауабы: 200 есе.
37. Егер PbSO4 ерігіштігі 0,045 г/л, ал PbI2 ерігіштігі 300 г/л болса, бұл қосылыстардың ерігіштік көбейткіштері (ЕК) қанша болады?
Жауабы: 2,210-6 және 1,110-9