Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1.Мына реттік номерлеріне 20,23,33 сәйкес элементтер атомдарының сыртқы электрондары үшін n және l квант сандарының мәндерін көрсетіңдер.
2.Қай квант сандары кеңістікте электрон бұлтының өлшемін, пішінін, бағытын (ориентациясын) анықтайды?
3.s-, p-, d-, f- энергетикалық деңгейшелерде АО саны нешеге тең және қалай анықталады?
4.Паули принипіне анықтама беріп және 2 электронның айырмашылығы:
а. бірдей деңгейде , бірдей деңгейшеде, бірдей спиндері болса; б. бірдей энергетикалық деңгейшеде болса, квант саны мәндері бірдей болса және спиндары бірдей болса; в. бір энергетикалық деңгейде, спиндері бірдей және магнит квант сандарының мәні бірдей болса.
5.n = 1,2,3,4,5 деңгейлер және ml = 5,7 деңгейшелер үшін сыйымдылық
нешеге тең ?
6.Мәндерін анықтаңдар, егер: а. сыйымдылығы 10, 14 болатын энергетикалық деңгейше үшін магнит квант санын ; б. сыйымдылықтары 32,50,72 болатын энергетикалық деңгейлердің бас квант санын.
7.Энергетикалық деңгейшелерді толтырғанда Паули принципі мен Хунда ережесі қалай іске асатынын мысалдар арқылы көрсетіңдер және оларға анықтама беріңдер.
8.Қай элемент атомында 5 электрондық қабат болады және 7 сыртқы электроны бар? Олар қайдай квант сандарымен сипатталады?
9.Клечковский ережелеріне анықтама беріңдер. АО толтырылу ретін ережелер қалай анықтайды? Қандай атомдық орбитальдар (АО) үшін n+ l қосындысы мәндері бірдей , мына сандарға тең 3,4,5,6,7 болады?
10.Электрондық формула және атомның, ионның не жеке электрондық қабаттың электрондық конфигурациясы деген не? Келесі атомдар мен иондар үшін олар қандай түрде болады: Na, Na+ ; Ca, Ca2+ ; СІ, СІ ; S, S2- . Осы иондардың қайсысы Ne, Ar атомдарының электрондық құрлысына сәйкес?
11.Қай электрондық орбиталь бұрын толтырылады: а. 4d- , 5s-; в. 5p- , 4d;
г. 5f-, 4d- ; д. 5p-, 6s- .
12.Егер бір элемент изотопының символы 24Э52 болса , сонда а. элемент атын; б. ядродағы нейтрон мен протон санын; в. атомның электрондық қабатындағы электрондар санын көрсету керек.
13. Хлор табиғи қосылыстарында СІ35 (75,5% (массалық)) изотопы және
СІ37 (24,5% (массалық)) изотопы түрінде кездеседі. Табиғи хлордың орташа атомдық массасын есептеу керек. Жауабы 35,49.
14.Егер Sr81 изотобының (Т1/2 = 8,5 сағ.) алғашқы массасы 200 мг болса,
25,5 сағат өткен соң қалған массасын санау керек. Жауабы 25мг.
15. І128 (Т1/2 = 25 минут) 2,5 сағат сақтаған соң бөлінбей қалған атомы изотобының процентін есептеу керек. Жауабы 1,56%.
16. Табиғи магний мына изотоптардан тұрады: Mg24 , Mg25 , Mg26 .
Ол изотоптардың сәйкесінше атомдық проценттері 78,6; 10,1; 11,3 болса, табиғи магнийдің орташа атомдық массасы қанша болады? Жауабы 24,32.
17. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары не себепті бөлшек сан болады?
18. Марганец атомының электрондық формуласын жазу керек.
19.Калий атомдарының ионизациалау энергиясы 419кДж болса, оның бір атомын ионизациялау үшін қажет энергиясын табу керек.
Жауабы 6,961022 кДж. 1Дж = 0,6241019 эВ.
20.Сутегінің иондану энергиясы 1310кДж/моль болса, осы мәнді бір атомға электронвольт мәнінде көрсету керек. Жауабы 13,6 эВ/моль.
21.Аргонның 3-ші электрондық қабатынан сегізінші электронды жұлып алу үшін 143,5 эВ/моль энергия жұмсалса, иондану энергиясы кДж/моль бойынша қаншаға тең?
Жауабы 13850 кДж.
22.Бромның иондану энергиясы және электрон қосылғыштық энергиясы сәйкесінше 1143 және 342 кДж/моль болса, электронвольт бойынша қаншаға тең болады?
Жауабы 11,84 және 3,54 эВ/атом.
23.Хлор атомына электрон қосылу энергиясы 356 кДж/моль болса, электронвольтпен есептелген мәні. Жауабы 3,69 эВ/моль.
24.Радиоактивті ыдырау реакциясының теңдеулерін аяқтау керек:
a. 92U238 + ? ; б. 94Pu239 + ? ; в. 37 Rb86 + ? ; г. 9F18 + + ?.
25. Ядролық реакциялар теңдеулерін жазу керек: а. 5B10 + 0n1 ? + 2He4
б. 13АІ27 + 1Н1 ? + 2Не4
26. Ядролық реакциялардың толық теңдеулерін жазу керек:
а. 30Zn70 p, n , б. 23V51 , n , в. 26Fe56 D, ? 27Со57 г. ? , D 17CI34 ,
д. 25 Mn55 ?, 23V52 .
27.Қашан және кім радиоактивтілік құбылысын ашқан, оның мәнін түсіндірген.
28.Жасанды радиоактивтілік деген не, қашан, кім және қандай реакциямен ашылған, практикалық мәні қандай?
29.Масса дефектісі деген не? 1000 г уран-235 бөлінгенде 8,231013 Дж энергия шығарады, ракция өнімінің массасы қанша? (Жауабы 999,085 г).
30.Атомдық массалары 1Н2 ( 2,01410), 1Н3 ( 3,01605), 2Не4 ( 4,00260) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу керек:
1Н2 + 1Н3 = 2Не4 + 0n1 . Жауабы 1,701012 Дж/моль.
Достарыңызбен бөлісу: |