Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


-ші аптада оқу-әдістемелік материалда көрсетілген жазбаша тапсырмаларды



бет178/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   271
8-ші аптада оқу-әдістемелік материалда көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-шы аптада берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ).

№1
1. Электролиттік диссоцияциалану процессі деген не? Теңдеуі қалай жазылады? Неге бұл процесс - қайтымды процесс? Диссоциациялану дәрежесі деген не? Электролиттер диссоциация дәрежесіне байланысты қалай бөлінеді? Мысалдар келтіру керек. Диссоциациялану процессі негізінде қышқылдарға, негіздерге анықтама беріндер


2. Егер 3,6г сірке қышқылы 1л ерітіндіде болса, оның сутегі ионының концентрациясы нешеге тең болады? Кд=1,8∙10-5
3. Колбалар не үшін қолданылады? Колбаларды ерітінділермен қалай толтырады? Колбаларды алдын - ала олардың көмегімен дайындайтын стандартты ерітінділермен шайқауға бола ма?
4. Титрантқа байланысты қышқыл-негіздік титрлеу қалай жіктеледі? Қандай титранттар бар? Титрлеу қисығы деген не? Ол не үшін керек? Титрлеу шегі деген не?

№2
1.Ерітіндіде күшті электролиттер мен әлсіз электролиттер қай күйде болады? Диссоциациялану дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?


Қандай электролиттер сатыланып диссоциацияға түседі? Әлсіз электролиттерді диссоциация дәрежесінен басқа тағы қандай шамамен сипаттайды? Диссоциация дәрежесі мен диссоциация константасы арасындағы байланысты көрсетіндер
2. Көмір қышқылының 1- саты бойынша жүрген диссоциациясы арқылы диссоциациялану дәрежесін табу керек. Көмір қышқылының концентрациясы 0,01М болса, Кдисс. = 4,5∙10-7. Жауабы: α=0,67
3. Пипеткалар не үшін қолданылады және олардың қандай түрлері бар?
Пипеткаларды қалай ерітінділермен толтырады? Пипеткамен қалай жұмыс істейді? Пипеткадағы ерітіндіні басқа ыдысқа қалай құяды? Жұмысқа қажет көлемді пипетка көмегімен неше рет алу керек? Пипетканы алдын ала ерітіндімен шайқауға бола ма?
4. Тұз қышқылының ерітіндісін натрий гидроксиді және натрий тетрабораты арқылы стандарттауға болады. Осы екі реактивтің қайсысы жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді? Неге?
№3
1. рН және рОН деген не? Су үшін рН пен рОН нешеге тең? Қышқыл, нейтрал (бейтарап), негіздік орта деген не? рН- тары нешеге тең болады?
2. 0,1М аммоний гидроксиді ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі мен гидроксид-ионының концентрациясын анықтау керек. Жауабы: α=1,33;
[ОН-] = 1,33 ∙10-3 моль/л , Кд=1,75∙10-5
3. Бюретка не үшін қолданылады? Қандай түрлері бар? Бюретканы алдын- ала ерітіндімен шайқауға бола ма? Бюретканы кептіру керек пе?
Бюретканы ерітіндімен қалай толтырады? Бюретканың төменгі жағындағы трубкадан не үшін ауаны жоғалту керек? Бюреткадан ерітінді құю үшін қолданылған воронканы неге алып тастау керек?
4. Қандай фактор (диссоциация константасы, температура, ерітінді концентрациясы, титрленетін ерітінді көлемі, титрлеу жылдамдығы):
а) эквиваленттік нүктеге, б) титрлеу шегіне (секірме) және оның шамасына әсер етеді?
№4
1. Күшті электролиттер деген не? Ерітінділерде олар қандай күйде болады? Активті коэффициент деген не? Неге күшті электролиттер үшін Кдисс болмайды? Ерітінділердің иондық күші деген не? Ерітіндінің иондық күші мен активті коэффициент арасында қандай байланыс бар?
2. Егер сірке қышқылының 1,5г 50мл ерітіндіде болса, сутегі ионының концентрациясы мен ерітіндінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: [Н+] =3,5∙10-3 моль/л; рН=2,5
3. 1) әлсіз қышқылды күшті негізбен; 2) әлсіз негізді күшті қышқылмен; 3) полипротонды қышқылды күшті негізбен титрлегенде алынатын титрлеу қисықтарын жүргізу үшін қандай формулалар қолданылады?
4. Қышқыл – негіздік индикаторлар қандай параметрлермен сипатталады? Титрлеу үшін индикаторларды қалай таңдайды?

№5
1. Егер 0,5М аммоний гидроксидінің 10мл-ін 50мл-ге дейін сұйылтса, ерітіндідінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: рН=11,13


2. Қышқыл- негіздік титрлеу кезінде қандай қателер болады? Егер: а) әлсіз қышқылды рТинд<рНэ.н.; рТинд>рНэ.н. титрлегенде; б) әлсіз негізді рТинд < рНэ.н.; рТинд > рНэ.н. титрлгенеде қандай қателер болады?
3. HCl, H3BO3 титрлеу үшін қандай индикатор пайдаланған жөн? H3BO3 титрлеудегі глицериннің ролі? NaOH пен әрекеттесу реакциясында H3BO3 және HCl эквиваленттік факторы және эквиваленті нешеге тең?
4. Егер 0,1н құмырсқа қышқылының диссоциациялану дәрежесінің мәні 80% болса, оның рН нешеге тең болады? Жауабы: рН = 1,1
№6
1. Егер 0,1М сірке қышқылының ерітіндісіне 0,05моль натрий ацетатын қосса, ерітіндінің рН неше есе азаяды?
2. Кері титрлеу әдісі деген не? Ол қайдай жағдайларда қолданылады?
3. Не себепті HCl және NaOH дәл концентрациялы ерітінділерін даярлау мүмкін емес? HCl, NaOH ерітінділерінің концентрациясын анықтау үшін қандай стандартты ерітінділер және индикаторлар пайдаланылады?
4. Мына ерітінділердің а) 2,0∙10-4моль/л Н+; б) 0,008моль/л ОН- болса, ерітіндінің рН-ын анықтаңдар
№7
1. 0,01М күкірт қышқылының α=92% болса, рН нешеге тең?
2. Мына жағдайдағы: а) 0,1н НСІ ерітіндісін 0,1н NaOH ерітіндісімен метилқызылы (рТ=5,5) индикаторымен; б) 0,1н NaOH ерітіндісін 0,1н НСІ ерітіндісімен нитроамин (рТ=12) индикаторымен титрлегендегі индикаторлық қате неше тең?
3. Индикаторлардың ион-хромофорлы, ионды теориялары
4. Сүттің, айранның, т.б. сүт тағамдарының қышқылдығы неге байланысты?
№8
1. 0,02н натрий гидроксидінің 5мл-ін сумен 100мл-ге дейін сұйылтса, алынған ерітіндінің рН-ы нешеге тең (α=100%). Жауабы: рН=11
2. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін қандай дәлдікпен өлшейді? Өлшемдердің айырымы неше мл болуы мүмкін? «Күәгермен» тирлеу дегеніміз не? Оны қалай даярлайды?
3. 20мл 0,03н FeSO4 ерітіндісін титрлеу үшін 0,02н KMnO4 ерітіндісінің қанша көлемі (мл) керек?
4. Сүттің, айранның, т.б. сүт тағамдарының қышқылдығы неге байланысты? Егер сүттің қышқылдығы 17,50Т болса, сүт қышқылының массалық үлесі нешеге тең?
№1
1. Редоксиметрия әдісінің негізінде қандай принцип жатады?
Тотығу-тотықсыздану потенциалы деген не? Олар қалай анықталады және нені көрсетеді? Тотығу-тотықсыздану реакциясы жүру үшін тотықтырғыштың ба, тотықсыздандырғыштың ба потенциалы жоғары болу керек? Титрлеу анализін жүргізу үшін кез-келген тотығу-тотықсыздану реакциясын қолдануға бола ма? Тотығу-тотықсыздану индикаторлары деген не? Олардың түрі неге өзгереді?
2. 250см3 CaCl2 ерітіндісінде қанша грамм кальций бар екенін анықтау керек, егер оның 25,00см3 ерітіндісіне 40,00см3 0,1н (NH4)2C2O4 ерітіндісін құйып, алынған СаC2O4 тұнбасын бөліп алған соң, қалған (NH4)2C2O4 ерітіндісіне 15,00 см3 0,02н КМnO4 ерітіндісі кеткен болса. Жауабы: 0,7415г.
3. Комплексонометриялық титрлеу үшін қандай комплексондар қолданылады? Комплексондар деген не?
4. Егер 20,00мл суды титрлеу үшін 2,30мл 0,1н ЭДТА жұмсалған болса, судың кермектігі(градуспен көрсету керек) қанша болады? Жауабы: 30,690.

№2
1. Бихроматты тотықтырғыш ретінде алғанда оның перманганат алдында қандай айырмашылығы бар? Переманганатометрия және бихроматометрия әдістерінде КМnO4 , K2Cr2O7 тек тотықтырғыш ретінде қолданылады, ал иодометрия әдісіне I2 тотықтырғыш ретінде де , тотықсыздандырғыш ретінде де қолданылады. Неге?


2. 1л хлорлы судағы хлор мөлшерін анықтау керек. Егер КI ерітіндісінен бөлінген 25,00 см3 йодты титрлеуге 20,10 см3 0,11н тиосульфат ерітіндісі жұмсалған болса. Жауабы : 3,135г.
3. ЭДТУ және ЭДТА формулаларын жазындар, олар қалай диссоциацияланады? Барлық Кд көрсетіндер. Ерітіндінің рН байланысты олар қандай иондалған күйде болады?
4. 5см3 сүтте кальций мөлшерін табу үшін 0,05моль/л комплексон ерітіндісінің 0,62см3 көлемі кетсе, сүтте қанша (масс.%) кальций бар?

№3
1. Қандай теңдеу бойынша тотығу-тотықсыздану потенциалын есептейді?


Тотығу-тотықсыздану потенциалына түрлі факторлардың әсері.
Тотығу-тотықсыздану потенциалына сутек иондарының әсері.
Cr2O72--ті Cr3+-ке дейін I- -пен қышқыл ортада тотықсыздандыруға болады ма?
2. Тотығу-тотықсыздану титрлеуіне керек темірдің 0,05н 100 см3 ерітіндісін дайындау үшін керек FeSO47H2O массасын есептендер. Жауабы: 1,390 г.
3. ЭДТА металдар иондарымен қандай комплекс қосылыстар береді? Комплекс қосылыстардың тұрақтылық константалары деген не?
Комплекс қосылыстардың тұрақтылығына ортаның рН-ы қалай әсер етеді?
Буфер ерітінділерді не үшін қосады?
4. Егер 25,00мл суды титрлеу үшін 2,20мл 0,05н ЭДТА жұмсалған болса, судың кермектігі (градуспен көрсету керек) қанша болады? Жауабы:11,8. Кермектіктің мэкв/л өлшем бірлігімен алынған мәнін 2,8-ге көбейту арқылы кермектікті градуспен көрсетеді.
№4
1. Оксидиметрия тәсілінде индикатордың потенциалын қандай теңдеу бойынша есептейді?Тотығу-тотықсыздану реакцияларында эквиваленттік факторды және эквиваленттік массаны қалай анықтайды ?
Потенциалдың тотыққан және тотықсызданған формаларына тәуелділігі.
Нормальды (стандартты) тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не?
2. 500мл 0,05н K2Cr2O7 ерітіндісін даярлау үшін K2Cr2O7 неше грамм алу қажет?
3. Комплексонометриялық титрлеуге қандай металиндикаторлар қолданылады? Индикаторларды қалай таңдайды?
4. 5см3 сүтте магний мөлшерін анықтау үшін (V2 - V1) = 0,88 см3 0,05 моль/л комплексон III көлемі кетсе, сүтте қанша (масс.%) магний бар?

№5
1. КМnO4 ерітіндісін даярлау, оның Т және Сн анықтау.Қандай теңдеу бойынша индикатордың түсінің ауысу интервалын есептейді?


2. 500 мл 0,05н Н2C2O42H2O ерітіндісін даярлау үшін неше грамм
Н2C2O42H2O алу қажет?
3. Комплексонометриялық титрлеу процесі индикатор қатысында қалай жүреді? Индикаторлық қатені қалай есептейді?
4. Егер 3,1281г мырышты 1 литрлік колбада ерітіп, оның 25,00см3 көлеміне 23,80см3 ЭДТА ерітіндісі кетсе, ЭДТА молярлы концентрациясы нешеге тең? Жауабы: 0,05М.

№6
1. Fe(IIІ)-ті перманганатометрия тәсілімен анықтау. Fe(III) тұзын SnCl2 ерітіндісімен тотықсыздандыру, SnCl2 артық мөлшерін жою. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазу керек.


2. Mn2+/Mn0 жұбының потенциалы нешеге тең, егер иондар концентрациялары: а. Mn2+ =2моль/л; б. Mn2+ =0,005моль/л болса
3. Судың кермектігі деген не? Кермектіктің қанша түрі бар? Су кермектігін қалай жоюға болады? Комплексонометриялық титрлеу арқылы судың кермектігін анықтау
4. Титрлейтін зат 0,1н қымыздық қышқылы, титрант – 0,1н КМnO4, реакция ортасы үшін 1н H2SO4 ерітіндісін қолданылса, алынатын титрлеу қисығын сызындар
№7
1. Не себепті иодометриялық тәсілде тотықтырғыштарды анықтағанда KI артық мөлшерде қосылады? Анықтауды қалай аяқтайды? Тиосульфат ерітіндісінің титрін анықтағанда оны йодпен титрлеуге бола ма?
2. Sn4+/Sn2+ жұбының электродтық потенциалын анықтау қажет, егер иондар концентрациялары Sn4+ = 0,1 моль/л, Sn2+ = 0,0001 моль/л тең болса?
3. Көлемі 50см3 суды титрлеу үшін 15см3 0,0480н трилон Б ерітіндісі жұмсалған. Судың жалпы кермектігі нешеге тең? Жауабы: 14,4мэкв/л.
4. Қышқыл ортада КМnO4 эквиваленттік факторы және эквивалент массасы нешеге тең? Ионды-электрондық кестесін жазу керек.
КМnO4 ерітіндісінің көлемі және нормальды концентрациясы арқылы Н2С2О42Н2О массасын анықтау қажет

№8
1. Иодометрия тәсілінің мәні, негізгі химиялық теңдеулері, ерітіндінің рН-ы.Иодометрия тәсілінде қандай жұмысшы ерітінділер (титранттар) пайдаланылады, концентрациялары қандай ? Стандарт зат ретінде қандай қосылысты пайдаланады ?


2. MnO4-/Mn2+ жұбының потенциалы нешеге тең болады, егер иондар концентрациялары : MnO4-, Mn2+ тең және сутек иондарының концентрациясы: а.1моль/л; б.10 -3 моль/л болса
3. Не себепті йодты КI ерітіндісінде ерітеді? Химиялық теңдеуін жазу
керек. Иодометрия тәсілінде орын басушы реагентті тирлеудің мәні.
Иодометрия тәсілінде пайдаланылатын реакциялардың жылдамдығына температура қалай әсер етеді?
4. Химиялық таза массасы 0,1200 г Na2C2O4 қышқыл ортада титрлеу
үшін 25,00 мл KMnO4 ерітіндісінің темір бойынша титрі нешеге тең
болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет