Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Химиялық қасиеттері. Қолданылуы



бет186/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   271
Химиялық қасиеттері. Қолданылуы

Алкандарда гомолитикалық айрылу көміртегі атомдары арасында не көміртегі мен сутегі арасында жүреді, яғни ол атомдар бір электроннан алып, бос радикалдарға айналады: С:Н → С + Н



  1. Галогендеу

Реакцияның жылдамдығы Ғ > Сl > Вr > І қатары бойынша азаяды. һυ арқылы жүреді.



CH4 + Cl2 CH3Cl + HCl
хлорметил



CH3Cl + Cl2 CH2Cl2 + HCl
хлорлы метилен



CH2Cl2 +Сl2СНCl3 + HCl
хлороформ



CHCl3 + Cl2 ССl4 + НСl
төртхлорлы көміртек

Реакцияның механизмі:




Cl2 → 2Cl.



CH4 + Cl. CH3 . + HCl тізбектің


CH3 + Cl2CH3Cl + Cl. өсуі



CH3. + CH3. → CH3 - CH3 тізбектің
CH3. + Cl CH3Cl үзілуі
Cl. + Cl. Cl2

Фтор мен хлордың метанмен қосылыстары практикада көп қолданылады: еріткіштер – СНСl3 , ССl4 , CF2Cl2.


2. Сульфохлорлау және сульфототықтыру
Концентрлі күкірт қышқылы жоғары парафиндермен сульфоқышқылын береді. Сульфоқышқылды және оның туындыларын мына реакциялар арқылы алу – үлкен практикалық мәні бар:




алкансульфохлорид



- сульфохлорлау




алкансульфоқышқыл



- сульфототықтыру



Бұл реакциялар жарық әсерінен не катализаторлар қатысында жүреді, бос радикалдар түзілу механизмі бойынша. Сульфоқышқылдар жуғыш заттар алу үшін қолданылады.


3. Нитрлеу

4. Тотықтыру

RН + О2 → СО2 + Н2О


Егер тотықтырғыш ретінде KMnO4, K2Cr2O7 алынса, реакция жоғары температурада жүргізілсе, парафиндерден қышқылдар түзіледі, жоғары май қышқылдарын сабын алуға қолданады:


RH + [O] → RCOOH


Қаныққан көмірсутектер катализатор қатысында жоғары температурада және жоғары қысымда тотығу реакциясына түсіп альдегидтер, кетондар, спирттер, карбон қышқылдарын түзеді.


5. Жоғары температурада көмірсутектердің крекингісі
t0 > 10000C
R – Н → C + H2, бұл реакция арқылы газ күйесінен арзан сутегі алынады. Ал метан крекингісі нәтижесінде ацетилен алынады:

2СН4 → C2Н2 + 3H2


Крекинг кезінде изомерлену (АІСl3 - катализатор) процесі жүреді:

ал платина катализаторы қатысында ароматтану процесі жүреді. Сонымен бірге мұнайдағы жоғарғы көмірсутектерден бағалы төменгі қаныққан және қанықпаған көмірсутектерді алады:

t0 > 3000C t0


R – Н → алкан + алкен С8Н18 → С4Н10 + С4Н8


Қолданылуы

СН4 – табиғи газдың негізгі бөлігі (70-95%). С2Н6, С3Н8, С4Н10, С5Н12 – техникада этилен, пропилен, дивинил, изопрен, бутан, сірке қышқылын алуға қолданылады.




Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. С2Н6 + CI2 → Реакциясының барлық сатыларының теңдеуін жазыңыздар


2. Пентанның барлық изомерлерін жазып, аттарын атау керек.
3. Вюрца реакциясы бойынша октанды алудың барлық мүмкін бола алатын реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
4. Октанның симметриялы және симметриялы емес крегингісінің теңдеулерін жазу керек.
5. Бутаннан альдегид алу реакциясының теңдеуін жазу керек
6. Дивинил, изопрен алу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.

2 Зертханалық сабақтың тақырыбы


Көмірсутектерді (алкандарды) алу және химиялық қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: Көмірсутектерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу.
Реактивтер мен жабдықтар: Натрий ацетаты (СН3СООNa), натронды ізбес (NaОН + Са(ОН)2), калий перманганаты (КМnO4), штатив, пробиркалар, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, фарфор тостағаны, бром суы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет