Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет238/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   271
2. Химиялық қасиеттері
2.1. Аммиак пен метиламиннің сумен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, аминдердің қандай қасиетін көрсететінін сипаттау керек. Электрондық көз қарас тұрғысынан неге метиламиннің аммиакқа қарағанда күштірек негіз екендігін түсіндіру керек.
2.2. Анилиннің химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.3. Метиламинге, диэтиламинге және фениламинге тұз қышқылының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
2.4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек.
а) СаС2 → С2Н2 → С6Н6 → С6Н5NO2 → С6Н52
б) мұнай → СН4 → СН3-NО2→ СН3- NН2 → СН3 - NН3СI
2.5. Аминсірке қышқылының ортасы бейтарап, неге?
2.6. Аминқышқылдарының химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.7. Аланиннің тұз қышқылымен, аммиакпен, калий гидроксидімен, иодты метилмен және этил спиртімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазу керек.
2.8. Мына заттар түзілетін реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) аланиннің метил эфирі; б) глициннің изопропил эфирі; в) лизиннің этил эфирі.
2.9. Амин мен амин қышқылын химиялық әдіспен қалай айыруға болады?
а) Аланиндердің екі молекуласы мен б) глициннің екі молекуласының арасындағы реакциялардың теңдеулерін жазу керек.
2.10. Құрамы С3Н7О2N амин қышқылдарының изомерлерін қыздырғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.11. Шығымы 75% болатын 27,9г анилин алу үшін қанша көлем (ρ=880кг/м3) бензол керек.
2.12. 268,8л метиламинді жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) ауа қажет? Осы жағдайдан алынған азот 170г аммиак алу үшін жеткілікті ме?
2.13. 15г глицин (аминсірке қышқылы) 91мл 10%-ті натрий гидроксидімен (ρ=1,1г/мл) әрекеттескенде қанша тұз түзіледі?
2.14. 31,2г ароматты көмірсутекті нитрлеп, мононитротуынды алған, содан кейін оны қышқыл ортадағы темірмен тотықсыздандырғанда шығымы 60% -ті органикалық қосылыс түзілген. Бұл зат 14,04г натрий хлориді мен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттескенде бөлінген газды толық жұтқан. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Алынған көмірсутектің құрылысы мен молекулалық массасын анықтау керек.
2.15. 50г анилин, бензол және фенол қоспасын құрғақ хлорлы сутекпен өңдегенде түзілген 25,9г тұнбаны фильтрлеп, қалған фильтратқа бром суын қосып 9,93г тұнба алған. Алғашқы қоспадағы заттардың процентті құрамын анықтау керек.
2.16. 9,2г анилин, фенол, сірке қышқылы және этил спирті қоспасын гександа ерітіп, оған натрийдің артық мөлшерін қосқанда 1,68л газ (қ.ж.) бөлінген. Осындай массадағы (9,2г) қоспаға бром суының артық мөлшерін қосқанда 9,91г ақ тұнба түзілген. Осындай мөлшердегі қоспа 18,5мл ( ρ=1,1г/мл) 11%-ті натрий гидроксидімен әрекеттеседі. Қоспадағы әр заттың процентті мөлшерін анықтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет