Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Аминдердің номенклатурасы және структурасы.
2. Аминдердің физикалық қасиеттері.
3. Аминдердің химиялық қасиеттері. Аминдерді алу және қолданылуы.
4. Мына аминдердің формулаларын жазу керек: а. Метилэтил амин; б. Диметил амин; с. Анилин; д. 1,4-диаминобутан; е. Метанитроанилин.
5. Амин құрамында 53,33 % С, 31,11% N және 15,56 % H болса, амин формуласы қандай болады?
6. пара-нитротолуолға сутегімен (катализатор қатысында) әсер еткенде түзілетін заттың атын атап, формуласын жазу керек.
7. Амин қышқылдарын алу, қасиеттері. Ақуыз, қасиеттері.
№ 11 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Амин қышқылдарының қасиетін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Амин қышқылдарының негізгі химиялық қасиеттерімен танысу
Реактивтер мен жабдықтар: 1% - глицин ерітіндісі, 0,2% - метилқызыл ерітіндісі, мыс (ІІ) оксиді, 0,2н натрий гидроксиді, 2н тұз қышқылы, натрий гидроксидінің концентрлі ерітінідісі, азот қышқылы (=1,4г/мл), мыс(ІІ) сульфатының кристалы және 10% - ерітіндісі , натрий ацетаты, 1% - темір(Ш) хлоридінің ерітіндісі, 40% - формальдегид ерітіндісі, 10% - қорғасын нитратының ерітіндіс, пробиркалар, спирт шамы.
1- тәжірибе. Глициннің амфотерлі қасиеті. 0,5мл глицин ерітіндісіне 1 тамшы метил қызыл тамызады. Пробиркаға тағы 2 тамшы формальдегид ерітіндісін тамызады.
2-тәжірибе. Амин қышқылдарының темір(Ш) хлоридімен реакциясы.
1мл глицин ерітінідісіне 2 тамшы темір(Ш) хлоридін тамызады. Бұл реакция нені дәлелдейді? Реакция теңдеуін жазу керек.
3-тәжірибе. Мыс тұздарымен реакция.
Пробиркаға 1мл глицин ерітіндісін құйып, оған мыс купоросы мен натрий ацетатының кристалдарын салу керек. Көрген құбылысты түсіндіру керек. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазу керек. Натрий ацетаты не үшін қолданылады?
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. 0,012кг сірке қышқылынан алынған аминсірке қышқылын бейтараптау үшін тығыздығы 1,140г/мл 15-пайызды калий гидроксидінің қандай көлемі жұмсалады? Жауабы: 65,5мл.
2. Аминсірке қышқылын эфирлеу үшін 2 есе көп спирт жұмсалатын болса, 1,5кг аминсірке қышқылына 96-пайызды (тығыздығы 0,8г/мл) этил спиртінің қандай көлемі қажет? Жауабы:2л.
3. 15г глицин 10-пайызды (тығыздығы 1,1г/мл) 91мл-мен әрекеттессе, қанша тұз түзіледі? Жауабы:19,4г.
Достарыңызбен бөлісу: |