Бензол және оның гомологтарының қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Бензол және толуолды мысал ретінде алып, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттерімен танысу
Реактивтер мен жабдықтар: Бензол, толуол, бром суы, калий перманганатының ерітіндісі, 10% күкірт қышқылы, пробиркалар
1-тәжірибе. Бензол гомологтарын бромдау
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы толуол құйып, үстіне 5 тамшы бром суын қосыңыздар. Реакция бірден жүрмейді, пробирканы шайқап, аздап қыздырыңыздар. Бром суы түссізденеді. Осы тәжірибені бензолмен де жүргізіңіздер, реакция жүре ме?
2-тәжірибе: Ароматты көмірсутек молекуласындағы бүйір тізбектің тотығуы.
Жұмыс барысы: Екі пробирка алып, екеуіне де 5 - тамшыдан калий перманганатының ерітіндісін және 5-тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін құйыныздар. Бірінші пробиркаға бір тамшы бензол, екінші пробиркаға бір тамшы толуол тамызыңыздар. Екі пробирканы ақырындап қайнағанша қыздырыңыздар. Не байқадыңыздар?
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Қалыпты жағдайда бүйір тізбектегі сутегінің орнын бром басатын орынбасу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.
2. Неліктен бензол гомологтары орынбасу реакциясына жеңіл түседі?
3. Екі пробиркада түстерінде өзгеріс бар ма? Неліктен? (2-тәжірибедегі)
4. Неліктен толуол тотығады, ал бензол тотықпайды?
5.Толуолдың бүйір тізбегінің тотығу реакциясы теңдеуін жазыңыздар. Реакция өнімі бензой қышқылы болатынын ескеріңіздер. С6Н5–СООН бензой қышқылы.
6. Бензол және оның гомологтарының тотықтырғыштарға қатынасы туралы түйін жасаңыздар.
Ароматты көмірсутектер тақырыбына есептер мен жаттығулар
1. Изомерия және номенклатура
1.1. а) триметилбензол; б) тетраметилбензол; в) метилдиэтилбензол қосылыстары изомерлерінің структурасын жазып, атау керек.
1.2. Ароматты көмірсутектерді көрсетіңдер С2Н4; С2Н2; С6Н6; С2Н6; С6Н4(СН3)2; С6Н5СН3? Аттарын жазу керек.
1.3. С8Н10 изомерлердің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.
1.4. С7Н7Сl қосылысының барлық изомерлерінің формулаларын жазып, аттарын атау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |